Алгорит және оның атқурушылары

Сынып : 6 «А» Мерзімі: 22.10.2014 Сабақ № 8Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және оның атқарушыларыСабақтың мақсаты: 1. Алгоритм және орындаушы туралы түсінікті кеңейту, оқушыларға алгоритмнің негізгі екенін және оның қолдану аясының кең екендігін көрсету, мысал арқылы алгоритм қасиеттерімен таныстыру. 2. Оқушылардың алгоритмнің маңыздылығын және қолдану салаларының кеңдігін түсіну, алгоритмдерге тән қасиеттері арқылы қарапайым алгоритмдерді құруды, алгоритмнің формальды орындалу мүмкіндігін түсіну ж... Бұйрық нөмері Алгоритмнің  бұйрығы Бұйрықтың  орындалу  нәтижесі 1 Қаламды ал Қалам қолда тұр 2 «Ана» сөзін жаз «Ана» сөзі  жазылды 3 Қаламды орнына қой Қалам үстелге  қойылды 4 соңы Алгоритм орындалды   VІ. Жаңа тақырыпты бекіту Тест. 1. Алгоритм дегеніміз-.. a)      Іс – әрекет b)      Толық  сипатталған  тапсырма c)      Берілген  есепті  шешудегі  жасалатын  әрекеттердің  дәл  және  қарапайым  етіп  жазылуы d)     Математикалық есептің  шешілуі.        2. Төмендегі құжаттың  қайсысы  алгоритм? a)      Техникалық  қауіпсіздік  ережесі b)      Аспаздық  рецепт c)      Сабақ кестесі d)     Сынып тізімі       3. Алгоритм орындаушыларына  жатпайтынын көрсетіңдер: a)      Жазу үстелі b)      Ада...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып : 6 «А»

Мерзімі: 22.10.2014

Сабақ № 8
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және оның атқарушылары
Сабақтың мақсаты:

1. Алгоритм және орындаушы туралы түсінікті кеңейту, оқушыларға алгоритмнің негізгі екенін және оның қолдану аясының кең екендігін көрсету, мысал арқылы алгоритм қасиеттерімен таныстыру.

2. Оқушылардың алгоритмнің маңыздылығын және қолдану салаларының кеңдігін түсіну, алгоритмдерге тән қасиеттері арқылы қарапайым алгоритмдерді құруды, алгоритмнің формальды орындалу мүмкіндігін түсіну және алгоритм негізінде адам іскерлігінің автоматтандырылуы білу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ - жауап
Сабақтың әдісі: жеке, ұжымдық

Көрнекілігі: компьютер, таратпа қағаздар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіңдер ме! Кәні оқу құралдарымызды дайындайық, бәріміз түгелмізба?

ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

Алгоритм және орындаушы туралы түсінікті кеңейту, оқушыларға алгоритмнің негізгі екенін және оның қолдану аясының кең екендігін көрсету, мысал арқылы алгоритм қасиеттерімен танысамыз.
IIІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақта қандай тақырып өттік.

  1. Алғаш қандай есептеуіш машинада көбейту және бөлу амалдарын орындау мүмкін болды? (1673 жылы арифметикалық машина төрт арифметикалық амалды орындады)

  2. Программа бойынша жұмыс істейтін машинаны алғаш кім ойлап шығарды? (1833 жылы Ч.Бэббидж)

  3. Алғашқы программаның авторы кім? (1843жылы Ада Лавлейс)

  4. Дербес компьютердің сәулеті деп нені атайды? (компьютердің құрылымы мен жұмыс принциптерін)

  5. Сәулеттердің қандай сипаттамаларын білесіңдер? (стандарттық, стандарттық емес, ашық және жабық)

ІV. Білімді өзектендіру

Бұл тарауда сендер алгоритмнің не екенімен және алгоритмнің түрлерімен танысасыңдар. Әртүрлі алгоритм түрлерін құруды үйренеміз. Сендер таңертең ұйқыдан тұрып күнделікті беті қолдарыңды жуып, таңғы астарыңды ішіп, киініп, мектепке барасындар. Осы әрекеттердің орындары ауысама?

Жоқ. Бәрі осы тізбек бойынша жасалады. Бұл сендердің мектепке келуге дейінгі күн тәртіптеріңнің алгоритмі деп аталады.
V. Жаңа сабақты түсіндіру.
Алгоритм - берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы. Басқаша айтқанда, алға қойған мақсатқа жетуде немесе берілген есепті шешуде орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін дәл көрсететін нұсқауларды алгоритм дейміз.

Алгоритмді жүзеге асырушыны орындаушы деп атайды.

Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл - Хорезми есімінің латынша Algorithmi болып жазылуынан шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған.

Кез келген алгоритм «Соңы» деген бұйрықпен бітеді. Берілген бұйрық алгоритмнің орындалғандығын білдіреді.

Мысалы:

Шайды демдеу алгоритмі:

  • Басы

  • Ыстық сумен шәйнекті шаю

  • Шәйнекке шай салу

  • Қайнаған су құю

  • 3-5 минут күту

  • Шайды шыныаяққа құю

  • Соңы.

Кез келген алгоритмде соңғы әрекет «Соңы» болады.

Алгоритмнің орындалу кестесі

«Сөз жазу» алгоритмі

Бұйрық нөмері

Алгоритмнің бұйрығы

Бұйрықтың орындалу нәтижесі

1

Қаламды ал

Қалам қолда тұр

2

«Ана» сөзін жаз

«Ана» сөзі жазылды

3

Қаламды орнына қой

Қалам үстелге қойылды

4

соңы

Алгоритм орындалды


VІ. Жаңа тақырыпты бекіту

Тест.

1. Алгоритм дегеніміз-..

  1. Іс - әрекет

  2. Толық сипатталған тапсырма

  3. Берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы

  4. Математикалық есептің шешілуі.

2. Төмендегі құжаттың қайсысы алгоритм?

  1. Техникалық қауіпсіздік ережесі

  2. Аспаздық рецепт

  3. Сабақ кестесі

  4. Сынып тізімі

3. Алгоритм орындаушыларына жатпайтынын көрсетіңдер:

  1. Жазу үстелі

  2. Адам

  3. Ыдыс жуатын машина

  4. Робот

4. Кез келген алгоритмнің соңғы бұйрығын көрсетіңдер

  1. Бітіру

  2. Алгоритмдегі іс - әрекетті аяқтайтын кез келген бұйрық

  3. Орындау

  4. Соңы.


VІІ. Қорытындылау

Бүгінгі сабақта біздің білгеніміз:

  • Алгоритм түрлері

  • Алгоритм орындаушылары

  • Алгоритм сөзінің шығу тарихы

  • Алгоритм құруды.
    VIII. Үйге тапсырма: Алгоритм және оның атқарушылары. Үйге тапсырма «менің 1 күнім» тақырыбына алгоритм құрып келу.

© 2010-2022