Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталған) ашық сабақ 6 сынып

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Информатика

Сынып: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері.(Сызықтық,тармақталған).

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға алгоритмді жазу тәсілдерін және блок-схеманың графикалық нысандары туралы түсініктерін сабаққа пайдалану жолдарын түсіндіру. Сызықтық, тармақталған алгоритмдер туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылығы: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ақыл-ойларын дамыту, логикалық және арифметикалық ойлау қабілетінің дамуына ықпал жасау.

Тәрбиелілігі: Өздігінен тақырыпты меңгеріп, жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: Сабақты меңгерту. АКТ, топтық жұмыс.

Көрнекілігі: Блок-схема сызбалары, компьютер, слаид, үлестірім парақтары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Компьютерде өткен сабақ бойынша электронды тест орындалады.

ІІІ.Жаңа сабақ

Тілектер жазылған кәмпиттер тарату. Тілектердің бірінші әріптеріне қарай 2 топқа бөлу.

«А» әріпі - I-топ

«Б» әріпі - II-топ

Презентация арқылы оқушыларға келесі мәліметтер беріледі:

Алгоритм типтері(сызықтық, тармақталған) ашық сабақ 6 сынып

Алгоритм типтері(сызықтық, тармақталған) ашық сабақ 6 сыныпАлгоритм типтері(сызықтық, тармақталған) ашық сабақ 6 сынып

Алгоритм типтері(сызықтық, тармақталған) ашық сабақ 6 сыныпАлгоритм типтері(сызықтық, тармақталған) ашық сабақ 6 сынып

IV. Практикалық бөлім

А)Жигсо әдісі. Параққа сызықтық, тармақталған алгоритмнің анықтамалары жазылып, бірнеше бөліктерге бөлініп 3 топқа таратылады. Олар жинақтап анықтаманы айтып береді. (білу)

Б) 2 топқа 2 түрлі аралас түрде алгоритм беріледі.Олар дұрыс алгоритмнің реттілігін көрсетеді.

I-топ тапсырмасы:

"Сүт пісіру" алгортимі

1.Ыдысты алу

2.Ыдысқа сүтті құю

3.Сүті бар ыдысты газге қою

4. Газды жағу

5. Сүттің пісуін күту

6.Газды сөндіру

II-топ тапсырмасы:

"Мектепке келу" алгортимі

1.Таңертең тұру

2.Таңғы жаттығу жасау

3. Жуыну

4. Таңғы ас ішу

5. Киіну

6.Мектепке бару

VI. Сергіту сәті.

Интерактивті тақтада электронды көзге арналған жаттығулар көрсетіледі. Оқушылар орындайды.

C) Әр топқа блок схема бөліктері беріледі, оқушылар оларды рет-ретімен орналастырулары керек.

I-топ II-топ

Алгоритм типтері(сызықтық, тармақталған) ашық сабақ 6 сыныпАлгоритм типтері(сызықтық, тармақталған) ашық сабақ 6 сынып

V.Рефлексия.Сабақты қорытындылау. Сабақта алған ақпараттар элементтерін бекіту арқылы сабақты қорытындылау.

-Маған ұнады

-Мен қиналдым

-Мен келесіде білгім келеді

VI.Алған білімдерін жүйелеу. Бағалау парақ шалары бойынша бағалау.

Бағалау кестесі



Оқушының

аты - жөні


Тапсырмалар


Үй жұмысы дұрыс жауап

5 ұпай

1 тапсырма әр дұрыс жауап

5 ұпай

ІІ тапсырмасы

дұрыс жауап 10 ұпайға дейін

ІІІ тапсырмасы 15 ұпайға дейін

Барлығы неше ұпай

Баға

1








2








3








4








5








6








7








8








30-35 ұпай - «5»

19-29 ұпай - «4»

9-18 ұпай - «3»

VII. Үйге тапсырма беру.

1. Төртбұрыштың ауданын табу алгоритмінің блок-схемасын құру.

(S=a*b)

2. Егер х теріс сан болса, онда х*2, әйтпесе х/2 орындалсын.


© 2010-2022