Тақырыбы: «Ақпаратты кодтау»

Сабақтың тақырыбы:  « Ақпаратты кодтау».Сабақтың мақсаты:Білімділік:«Ақпаратты кодтау» тақырыбын талқылау арқылы бекiту. Дамытушылық:Ақпаратты кодтау бойынша берiлген тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың құрылымдық логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.Тәрбиелілік:Оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.    Сабақ түрі: аралас .Сабақтың әдіс-тәсілдері: (Көрсете түсіндіру,  тапсырмалар орындау).Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар: Компьютерлер, интерактивті тақта, үлестірме қағаздар.Сабақтың барысы:    I. Ұйымдастыру кезеңі  Оқушылармен амандасып, жоқ оқушылардың себебін анықтау, бар оқушылардың назарын тарту, оқушылардың оқу құралдарын тексеру.Үй тапсырмасын тексеру: (сұрақтар арқылы )Жаңа сабақ.Кодтау – бұл ақпараттарды сақтау және толымдауға ыңғайлы етiп оны түрлендiру.Шындығына келгенде адамдар ойланбастан көптеген кодтарды қолданады.  Бiздiң күнделiктi сөйлейтiн тiлiмiз де код болып табылады. Үйдiң, телефонның, пәтердiң нөмiрлерi – бұлар сан түрiндегi кодтар. Апта, ай атауларын да код д...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: « Ақпаратты кодтау».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:«Ақпаратты кодтау» тақырыбын талқылау арқылы бекiту.

Дамытушылық:Ақпаратты кодтау бойынша берiлген тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың құрылымдық логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

Тәрбиелілік:Оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: (Көрсете түсіндіру, тапсырмалар орындау)

Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: Компьютерлер, интерактивті тақта, үлестірме қағаздар

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, жоқ оқушылардың себебін анықтау, бар оқушылардың назарын тарту, оқушылардың оқу құралдарын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру: (сұрақтар арқылы )

Жаңа сабақ

Кодтау - бұл ақпараттарды сақтау және толымдауға ыңғайлы етiп оны түрлендiру.

Шындығына келгенде адамдар ойланбастан көптеген кодтарды қолданады.

Бiздiң күнделiктi сөйлейтiн тiлiмiз де код болып табылады. Үйдiң, телефонның, пәтердiң нөмiрлерi - бұлар сан түрiндегi кодтар. Апта, ай атауларын да код деп атауға болады. Музыка дыбыстары ноталық таңбалармен кодталған. Барлық заттарда штрих-коды немесе жолақ коды бар. Радиомен байланысқанда Морзе әлiппесi қолданылады, ондағы әрiптер нүктелермен және сызықшалармен алмастырылады.

Кейде шифрланған мәлiметтер бойынша қандай шифр коды қолданғанын анықтап, шифрланған мәтiндi табуға болады.

Сабақ барысында кодтау кестесі бойынша тапсырмалар ұсынылады.

Балалар, сендердiң әрқайсыларың кодтар кестесімен, оларды пайдаланып кез келген бiр мәлiметтi кодтаңдар. Ал компьютердегi барлық ақпарат 0 және 1 сандарымен кодталады.

Тапсырма.

  1. Кодталған сөздердi шеше отырып, мақал-мәтелдi оқып, шық.


7

А

Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

6

Е

Ё

Ж

З

И

Й

К

5

Қ

Л

М

Н

Ң

О

Ө

4

П

Р

С

Т

,

У

Ұ

3

Ү

Ф

·

Х

Һ

Ц

Ч

2

Ш

Щ

Ъ

Ы

I

Ь

Э

1

Ю

Я

-


1

2

3

4

5

6

7

а) (1,7),(1,5),(4,2),(2,5) - АҚЫЛ

(1,7),(4,6),(3,7),(1,7),(6,6),(7,7),(4,2), (5,4) - АЗБАЙДЫ,

(3,7),(5,2),(2,5),(5,2), (3,5) - БIЛIМ

(4,4),(6,5),(4,6),(3,7),(1,7),(6,6),(7,7),(4,2),(3,3) - ТОЗБАЙДЫ.

ә) (4,2),(2,4),(4,2),(3,4) - ЫРЫС

(1,7),(2,5),(7,7),(4,2), (3,1) - АЛДЫ -

(4,2),(4,5),(4,4),(4,2),(3,5),(1,7),(1,5),(3,3) - ЫНТЫМАҚ.


  1. Кодтар кестесiнiң көмегiмен келесi сөздердi анықтап, жазып шық

15,27,16,1,15 - ҚҰЛАҚ

25,8,23,38 - ТЕРI

Сергiту сәтi .

Қорытындылау:

а) Кодтау дегеніміз не?

ә) Морзе әліппесі қайда қолданылды?

б) Компьютерде ақпараттар қандай сандармен кодталады?

Үй тапсырмасын беру: Сөздерді ойлап тауып, кодтау.

Бағалау:




© 2010-2022