• Преподавателю
  • Информатика
  • Мен Көшербай Эльвира 08. 10. 1996 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келдім. Қазіргіі уақытта М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледжде Физика математика және информатика бөлімінің И-И-12 тобының 4 курс студентімін. Менің мамандығым негізгі орта білім информат

Мен Көшербай Эльвира 08. 10. 1996 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келдім. Қазіргіі уақытта М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледжде Физика математика және информатика бөлімінің И-И-12 тобының 4 курс студентімін. Менің мамандығым негізгі орта білім информат

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 13 сабақ

Күні 25.11.15ж

Сыныбы

9 ( А,Б)

Сабақтың тақырыбы

Массивтерді өңдейтін стандартты алгоритмдер

Жалпы мақсаты

Массив туралы түсініктерін бекіту, бір өлшемді жиымдармен есептер шығару, массив элементтерін енгізу, шығару білімдері мен біліктерін қолдану

Күтілетін нәтижелер


Бір өлшемді жиымдардың мәндерін енгізу, шығару ережелерін біледі, есептер шығарады, компьютерде нәтижесін шығара алады, нәтижені әр түрлі жолмен көркемдеуді біледі.

Ресурстар:

презентация, эл оқулық, тапсырмалар жазылған парақшалар, бағалау парағы, TURBO PASCAL программасы

Дерек көздері

-Мұғалімдерге арналған нұсқаулық,; оқулық 9 сынып, Б.Қ Сапаргалиева, Н.Е.Сапаргалиева, Арман-ПВ, 2013ж

-«Паскаль» тілінде программалау негіздері» А. Б. Дәулетқұлов. Алматы-2005; 7-сыныптың электронды оқулығы

-«Информатикадан есептер жинағы жинағы» Б. Бөрібаев , әдістемелік құрал ;

-«Жаттығулар мен тапсырмалардың шешулері» М. Бексарыұлы

Керекті жабдықтар

Оқулық, интерактивті тақта, үлестірме парақтары. Флипчарт, постер, маркер.

Сабақ барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Миға шабуыл

І. Ұйымдастыру:

1. Сергіту (көңілді музыка ойнап тұрады) және топтастыру шарасы . (операторлар арқылы топқа бөлу)


  1. Мәліметтерді кесте түрінде құру дегеніміз не?

  2. Қандай кестелер сызықтық деп, қандайы тікбұрышты деп аталады?

  3. Массив дегеніміз не? Паскаль тілінде массивтің құрылымы қандай?

  4. Массив элементтерінің орны қалай анықталады?

Бағалау критерийлерін құру:

  1. Сұрақтарға жауап беру(әр дұрыс жауап 1 балл)

  2. Практикалық жұмыс ( топтар бірін-бірі бағалайды, түсініктілігі, тақырыпты меңгергені, түсіндіру шеберлігі)

  3. Тапсырмаларды орындау

Сабаққа әзірлік.

Жақсы көңіл-күй қалыптасады.

Меншіктеу, тармақталу, қайталау командалары болып топтарға бөлінеді, топ ішінде спикер, баяндамашы, таймпикер, хатшысы сайланады

Оқушылар компьютерлерде сілтеме бойынша электронды кітапханадағы тақырыпты тыңдап, тапсырмаларды орындайды, келесі сұрақтарға жауап береді



Критерийлер құрылады

Негізгі бөлім

(Топпен жұмыс)

Мысалдар:

1 есепті - 1-ші ТОП

2 есепті- 2-ші ТОП

3 есепті- 3-ші ТОП бөліп алып компьютерде орындап мәнін шығарады. Топтар алдында әр жолдың қызметін түсіндіреді. Басқа топ мүшелері сұрақтар қояды

Топтар бірін-бірі бағалайды


Жаңа тақырыппен жұмыс.

Оқушылар конспектілеп отырады,


Берілген тақырып бөлігін топта талқылайды,түсінгендерін баяндайды,бір-біріне түсіндіреді.

Компьютерде теріп нәтижесін басқа топтар алдында қорғайды.

Сұрақтарға жауап береді


Бекіту

(Жұппен жұмыс)

Оқулықтағы; Практикалық жұмыстар,

тапсырма

Өз жұмыстарыңызды бағалаңыздар, осы тақырып бойынша түсінбеген сұрақтары болса жазыңыздар да маған беріңіздер

Оқушылар жұптарын өздері таңдайды. Барлық тапсырманы орындап біткен жұптар қосымша тапсырма ала алады.(мұғалім бақылап отырады)

Қорытындылау

Сыныппен сабақта жасалған жұмыстар еске түсіріліп критерийлер бойынша бағаланады,қорытынды баға қойылады

Үй тапсырмасы беріледі. §12 №17 пр жұмыс есептерінің ұнағанын шығару

Сабақ сараланады.

Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады

Рефлексия

  1. Мен жасай алдым..............

  2. Мен көремін.....................…

  3. Мен таң қалдым.............…

  4. Менің жасағым келді.............


Толтырып мұғалімге береді



© 2010-2022