Ашық сабақ Файлдар, бумалар, жарлықтар 5-сынып

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ Файлдар, бумалар, жарлықтар 5-сыныпПән: информатика

Сынып: 5ә

Пән мұғалімі Утегенова Ш.Б

Сабақ тақырыбы

Файл, бумалар, жарлықтар

Сілтеме

Информатика 5-сынып, Ғаламтор желісі

Жалпы мақсаты

Оқушыларға файлдар, бумалар және жарлықтар туралы түсінеді, олардың қолдану мақсатын ажырата алады, жүйенің негізгі нысандарымен жұмыс жасауды үйренеді. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айтады және ойлау қабілеттері дамиды.

міндеттер

- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артады ;

- Жаңа тақырыпты оқушылардың бар білімдерін пайдалана алады ;

- Бума мен файл қандай белгішемен белгіленуін біледі, файл атауларындағы ортақ нәрсе не екенін біледі, бума не үшін керек екенін біледі, жарлықтың қызметін біледі.

Сабақ түрі, әдіс-тәсілдері

топпен жұмыс, диалогтық оқыту, Блум таксмономиясы, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, Ойлаудың 6 қалпағы, Білім торы,

Сабақтың көрнекілігі

слайдтар, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар, бағалау парағы.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар файлдар, бумалар және жарлықтар туралы, олардың қолдану мақсатын ажырата алуға, жүйенің негізгі нысандарымен жұмыс жасауды, бума мен файл қандай белгішемен белгіленуін білу, файл атауларындағы ортақ нәрсе не екенін білу, бума не үшін керек екенін білу, жарлықтың қызметін білу, тапсырмаларды орындауда ережелерді қолдана білу дағдысы қалыптасады, информатикалық терминдік тілде сөйлеу қабілеттері;

Жұппен,топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Психологиялық ахуалды қалыптастыру «Шаттық шеңбері», топқа бөлу, топ ережесін құру. Файл, бума, жарлық болып 3 топқа бөлу.

Топ ережесі:

  • Ынтымақтастық, ұйымшылдық

  • Тыңдау, сөйлеу мәдениеті

  • Уақытты үнемдеу

  • Сыйластық, достық қарым-қатынас

  • Тапсырмаларды дұрыс орындау

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру. 5 минут

Өткен тақырып бойынша алған білімдері бойынша жазбаша тест сұрақтарына жауап береді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу - 10 минут

Жаңа тақырыпты игеруге көмектесу. Интерактивті тақтамен слайд көрсету. Өздеріне мысал келтірту.

.1.Тышқанның оң жақ батырмасын шертіп Құру создать-Бума-Папку арқылы құрамыз.

2.Windows ОЖ файл атының ұзындығы 255 символға дейін болуы мүмкін.

Файлдың атын жазу үшін мына символдарды қолдануға болмайды: / / : * ̸ ̸ ˂ ˃.

А) Жаңа сабақ бойынша не білетінін айту.

Ә) Оқушылар мұғаліммен бірге слайдтар бойынша ауызша сұрақ-жауап жүргізеді.

1.Файлдар тобына: 1.Буманы қалай құрамыз?

2.Бумалар тобына: 1. Файл атының ұзындығы қанша символға дейін болуы мүмкін.

3. Жарлықтар тобына: Файл атын жазу үшін қандай символдар қолдануға болмайды?

Ашық сабақ Файлдар, бумалар, жарлықтар 5-сынып

ТҮСІНУ - 5 мин

Тақырыпты оқушылар өздері меңгеруіне мүмкіншілік беру. Суреттерді ретімен қағазға жабыстырып шығады.

А) Әр оқушы өз бетінше тақырыпты оқып түсінеді, жұпта талдайды, топта талдайды, дұрыс немесе дұрыс емес екендігін айтады. Түйінді сөздерді (анықтамаларды) дәптерге жазу.

Ә) Суреттерді топтастыру.

Ашық сабақ Файлдар, бумалар, жарлықтар 5-сыныпАшық сабақ Файлдар, бумалар, жарлықтар 5-сыныпАшық сабақ Файлдар, бумалар, жарлықтар 5-сынып

ҚОЛДАНУ - 15 мин

Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар

Тапсырмаларды орындау:

  1. Кез келген файлдар үшін (өз қалауларың бойынша) жарлық құрыңдар.

  2. Құрылған жарлықтардың аттарын алмастырыңдар.

  3. Жаңа файл құрыңдар.

4.Бума құрып, жаңа файлды бумаға апарыңдар

5.Құрылған бір жарлықты қоржынға апарыңдар.



  1. Бірінің ішіне салынған бірнеше бума құрыңдар.

  2. Бумалардың бірінде мәтіндік құжат құрыңдар.

  3. Жұмыс үстелінде өздерінің бумаларың үшін жарлықтар құрыңдар.

  4. Құрылған жарлықтардың аттарын алмастырыңдар.

  5. Кез келген файлдар үшін (өз қалауларың бойынша) жарлық құрыңдар

ЖИНАҚТАУ- 6 мин

Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету

«Білім торы» әр топтан екі-үш оқушыдан ортаға шығып білім торын құрады, бір-бірлеріне сұрақтар қояды:

  1. Файл деген не?

  2. Файл атауының ең үлкен ұзындығы қандай?

  3. Бума деген не?

  4. Файлға дейінгі жолдың файлдың толық атауынан айырмашылығы неде?

  5. Файлдың атауындағы шектеулерді атаңдар.

  6. Файлдың бумадан айырмашылығы неде?

  7. Буманы қалай құрамыз?

  8. Жарлық деген не?

  9. Жарлықты жойдыңдар делік. Осы жойылған жарлықтағы көрсетілген нысанға қол жеткізуге бола ма?

  10. Жарлықты қалай құрамыз?

  11. Жарлықты Жұмыс үстеліне қалай орналастырамыз?

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

2 минут

Топ бағалаушылары топ мүшелерін бағалайды.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қорытынды баға шығару

Бағалау парағы бойынша бағалау.

Үйге тапсырма беру / 1минут

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Конспект оқып келу

Үй тапсырмасын күнделікке жазып алу.

Рефлексия (стикерлерге жазу) / 1 минут

  1. Бүгінгі сабақта не білдім.........

  2. Маған қызықты болды.......

  3. Мені таңқалдырған........

  4. Маған қиындық туғызған......

  5. Мен ................. түсінбедім

  6. Болашақта өмірде.............. пайдаланамын.





© 2010-2022