Урок по информатике на тему

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспарлау

Пәні: информатика

сабақ: № 7

Мұғалімі: Тахаева Нұргүл Сағадатқызы

Оқушылардың жасы: 10-11

( 5 сынып)

Сабақтың атауы

Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі

Сілтеме

Информатика 5 сынып (Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов), әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, Информатика негіздері журналы, интернет материалдары

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың компьютер бөліктерінің қызметтері және оның бағдарламалық қамсыздандыруы туралы білімдерін қалыптастыру

Сабақтың міндеттері

- программалық жасақтама ұғымын қалыптастыру

- ПЖ түрлерімен таныстыру

- ҚПЖ құрамымен таныстыру

Оқыту нәтижесі

Оқушылар

- программалық жасақтама ұғымын қалыптасады

- ПЖ түрлерімен танысады

- ҚПЖ құрамымен танысады

Негізгі идеялар

  • Оқи білуге үйрету арқылы, оқушылардың ақпарат құралдарына қызығушылығын арттыру

  • оқушылармен диалог құру арқылы, сыни ойлауға үйрету, берілген білімді ұзақ мерзімге сақтауға ықпал ету

Әдіс-тәсілдер:

Сұрақ-жауап, тәжірибелік жұмыс,"Ойлаудың алты қалпағы" әдісі

Көрнекіліктер

  • слайд, компьютер, постер, үлестірмелі парақша, стикер

Тапсырмалар


1-тапсырма: "Сен білесің бе?" сұрақ жауап

2-тапсырма: Оқылым /жаңа тақырып/ - материал бойынша мәтіннің негізгі ойын анықтап, қорытынды жасайды

3-тапсырма: Компьютердегі тәжірибелік жұмыс - 3 деңгей

бойынша тәжірибелік жұмыс

4-тапсырма: Айтылым - «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі арқылы өз ойларын айтады, өзгенің пікірін бағалайды

5-тапсырма: Рефлексия

"2 жұлдыз, 1 тілек" бағалау

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

3 минут






5 минут











15 минут













10 минут






6 минут
















4 минут





2 минут

І. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық - «Кездесу» ойыны

Мақсаты: тұлға аралық қарым - қатынас орнату.

Ортаға шығып екі шеңбер болып тұрып, әуен тоқтағанда бір- біріне қарап қасиеттерін айту

ІІ. "Сұрақ - жауап" - «Сен білесің бе?»

Урок по информатике на темуУрок по информатике на тему

ІІІ. Жаңа сабақ бойынша

Оқылым -«Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі» тақырыбындағы оқылған материал бойынша мәтіннің негізгі ойын анықтап, қорытынды жасайды. «Пирамидалық талқылау» стратегиясын қолданады.

«Пирамидалық талқылау» стратегиясы

Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап, ортақ пікір қалыптастырады. Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір - бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды.

ІV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

  • А деңгейі

  • В деңгейі

  • С деңгейі

V. Айтылым - жаңа сабақты қорытындылау «Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі» мәтіні негізінде «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі арқылы өз ойларын айтады, өзгенің пікірін бағалайды.

Ойлаудың алты қалпағы - «Ақ қалпақ» киген оқушы қажетті ақпаратты анықтап сӛйлейді.

«Сары қалпақ» киген оқушы тақырыптың тиімділігін сендіре айтады.

«Қара қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша кемшіліктерді анықтайды.

«Қызыл қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша болжам жасайды.

«Жасыл қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша креативті, жаңа идеялар айтады.

«Көк қалпақ» киген оқушы тақырыпқа сараптама жасайды

VІ. Тест сұрақтары - /онлайн-тест/

Бағалау.

Кейінгі оқу: §8. Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі

VІІ. Рефлексия

"2 жұлдыз, 1 тілек" бағалауы бойынша -

2 жұлдыз = сабақ барысында оларға ұнаған тұстары

1 тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе стикерге жазылады.



© 2010-2022