Презентация по информатике на тему Жас информатиксайысы (5 класс)

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Жас информатиктер" атты топтық сайысы

Мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
б) Тәрбиелік: Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілетін сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: Топтық жарыс сабағы

Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы.

Көрнекіліктер: Слайд презентация, плакаттар, карточкалар.

Сайыстың өту барысы:

Жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып. -деп

Бүгінгі ойынға қатысатын сыныптарды таныстырайық.

5 «А» «принтер» тобы, 5 «Ә» «процессор» , 5 «Б» «монитор» тобы

Ал енді оларға әділ баға беретін әділ қазылар қатарымен таныстырып өтейік.

1-ші әділ қазы Өтегенов Бахтияр

2-ші әділ қазы Насипова Гульсима

3-ші әділ қазы Қарабалаев Рашид

Бүгінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады. Олар:

1 кезең. Таныстыру. (3 минут)

2 кезең. Сұрақ-жауап.

3 кезең. Жұмбақтар

4 кезең. «Сөз ойла,тез ойла»

Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламғ
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға, - дей келе ойынымызды бастайық.

1 кезең. Таныстыру. Бірінші кезеңде әр топ өздерін танысытырады. Ортада 5 «б»сынып монитор тобы таныстыруын тамашалаймыз

Презентация по информатике на тему Жас информатиксайысы (5 класс)

2 кезең. Сұрақ-жауап. Екінші кезеңде оқушыларға бірінші тоқсанда өткен тараулар бойынша сұрақтар қойылады.Ойынның шарты мынадай: өздеріңіз таңдап алған сұраққа жауап бересіздер. Сандықшаға назар аударыңыздар.Жеңіл сұрақ таңдағыңыз келсе 10-20 балдық сұраққа жауап беру арқылы ала аласыз, 30 балл орташа деңгейдегі сұрақтар.Ал, ең күрделі сұраққа жауап беру арқылы 40 балдан жинақтауға болады.Ұпайы аз топ бастасын

Ақпарат.

10. Адам ең көп ақпаратты ненің көмегімен алады?

20. 1 Мбайт = ? (1024 Кбайт).

30. Бейнелеу тәсілдері бойынша ақпарат түрлерін атаңыз

40. Ақпарат компьютерде қандай түрде сақталады? (Нөл мен бірлік).

Компьютер.

10. Ноутбук компьютердің қай түріне жатады? (Дербес компьютер).

20. Ақпаратты енгізу құрылғысы? (Пернетақта).

30. Компьютер құрылғыларының қайсысы жүйелік блок құрамына кірмейді?(Принтер).

40. Ақпарат компьютерде қандай түрде сақталады?

Презентация по информатике на тему Жас информатиксайысы (5 класс)

3 кезең. Жұмбақтар

Қойылған сұрақ есепке,

Ойланып жауап іздейік.

Уақытты текке өткізбей,

Қатесін анықтап берейік.- деп отырып жұмбақтарды шешіп көрейік. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

1.Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылға жатады.
Қозғала салса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі)
2. Төрбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (монитор)
3. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.
Ойланып, білгіш болсаң жауап берші,
Қалай деп аталады, аты оның? (тышқан)

  1. Бұтақ орнында мың бір инесі,
    Компьютер жаны мекені (кактус)

  1. Биологияда бұл паразит,
    Көзге зорға көрінер.
    Информатикада өлшем бірлік,
    Ақпараттарды өлшер (бит)

6.Қағазға тоймайтын құрылғы (принтер)

7. Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын.
Ең қажетті құралмын. (тышқан)
8. Пернеден жасқанатын ,адам көмегімен басқарылатын, қорқақ,компьютердің кенже баласы (тышқан)

Презентация по информатике на тему Жас информатиксайысы (5 класс)

4 кезең. «Сөз ойла, тез ойла » ойынын ойнайық, екі топқа «Информатика» деген сөз беріледі ол сөзден сөз құрау және тез құру керек .

Осымен міне біз барлық кезеңдерді аяқтадық. Әділқазылар Соңғы сөз біздің әділ қазылар алқасы айтады.

Презентация по информатике на тему Жас информатиксайысы (5 класс)

Марапаттау рәсімі.

Презентация по информатике на тему Жас информатиксайысы (5 класс)

Осымен бүгінгі ойынымыз өз мәресіне жетті, қатысып, көңіл бөлгендеріңіз үшін көп - көп

рахмет.

Презентация по информатике на тему Жас информатиксайысы (5 класс)

© 2010-2022