Сабақ жоспары: Бағандар. (6 сынып) жоспары

Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Күні: 05.02.2016ж

Сыныбы: 6 «А», «Ә»

Сабақтың тақырыбы: §20.Бағандар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға беттерді бағандарға бөлуді, бетке жиек қоюды, мәтінді

маркерленген және нөмірленген тізімдермен жазуды, беттерді

бояуды, жақтаулармен жазуды үйрету

Дамытушылық:оқушыларды MS Word бағдарламасымен жұмыс жасауға дағдылан-

дыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік:оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:саяхат сабақ

Сабақтың көрнекілігі: ДК, бейнепроектор, үлестірмелі карточкалар, жауап парағы,

презентация

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

IV. Жаңа сабақты бекіту

V. Сергіту сәті

VІ. Сабақты қорындылау

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасы

Тізім деп нені түсінесіңдер?
1.Тізім деген қандайда бір шамалардың реттелген жинағы.

Тізім тұрмыста көп әрекеттерде қолданылады: оқушылар тізімі, олимпиадаға іріктеу сынынан өткен спортсмендер тізімі т. б.
2. Тізімнің түрлерін атаңдар? Нөмірленген, маркерленген және көпдеңгейлі.
3. Маркерленген тізімдегі маркердің түрін қалай өзгертеміз? Маркер батырмасын шертіп→Жаңа маркерді анықтау бұйрығын таңдаймызда, қажетті таңбаны таңдар ОК батрмасын шертеміз.
4. Нөмірленген тізімді баптауға бола ма? болады, ол үшін тізім батырмасын шертіп→Нөмірдің жаңа пішімін анықтау бұйрығын орындаймыз
5. Тізім ретінде латын әріптерімен рим сандарын пайдалануға бола ма? Болады
6. Жолақтың тізімдермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бөлімі қандай? Басты→Абзац
7. Нөмірленген тізімді автоматты түрде құру үшін не істеу керек? Тізімнің құрамындағы бірінші пунктті 1 нөмірінен, нүктеден және бос орыннан бастау керек.

ІІІ. Жаңа сабақ

Бағандар- мәтінді бірнеше бағандар түрінде ерекше орналастыру, бір бағанды аяқтайтын мәтін, келесі бағаннан бастап жалғастырылады

Көпбағанды өңдеу- мәтінді бірнеше бағандарға орналастыру дегенді білдіреді.

Мәтінді немесе оның бөліктерін бірнеше бағанға орналастыру үшін Бетті белгілеу => Бағандар батырмасын пайдаланады. Алдын ала теріліп қойған мәтінді де бағандарға бөліп орналастыруға да, алдымен мәтіннің бағандарға бөлінуін тағайындап алып, одан кейін бағандарға мәтін теруге де болады.

Екінші тәсіл компьютерді игерудегі үлкен шеберлікті талап етеді. Негізі, көпбағанды мәтінді құрғанда мәтіндік процессордың бұйрықтарын игерудің жақсы машықтары қажет, себебі сендерге күтпеген нәтижелер алу жағдайлары жиі кездеседі. Мысалы, баған жаңа бетке ауысып кетуі немесе басқа бағандар көп орын алып, толықтай толып жатқанда бір баған бос күйінде қалып қоюы мүмкін. Өздеріңді осындай келеңсіздіктерден қорғау үшін мына жағдайларды есте сақтау керек:

1. Бағандарға бөліну пішімдеу сызғышында жеке ақ жолақтармен көрінеді. Қай бағанда жұмыс істеп жатсаңдар, сызғыштың сол бөлігінде азат жол мен абзац шекараларының маркерлері көрсетіледі. Осы маркерлердің бағанның шетінен шығып кетпеуін қатты қадағалаңдар! Әйтпесе мәтіннің бөлігі «жоғалғандай», яғни мәтін бағанның сыртында орналасқандай болады.

2. Бағандардың мөлшерін бір - бірінен тәуелсіз Бетті белгілеу => Бағандар => Басқа бағандар бұйрығымен баптай аласыңдар.

3. Мәтіннің бағандарға дұрыс бөлінбеуіне әкелетін кез келген әрекетті түзетуге тырысқаннан гөрі, одан Тез қол жеткізу тақтасы => Бас тарту бұйрығы көмегімен бас тартқан жөн. Түзетемін деп, құжатты мүлдем бұзып алуларың мүмкін.

4. Мәтінді бағандарға бөлмес бұрын оны әрқашан жаңадан бастай алатындай етіп дискіге сақтап қойған дұрыс. Сәтсіздік жағдайында бұл құжатты түзету әрекетіне қарағанда жақсы нәтижеге алып келуі мүмкін.

Жаңа сабақты түсіндіңдер ме? Жақсы! Онда компьютерде тапсырмалар орындаймыз.

IV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыстар

1-тапсырма

  1. Өлеңді теріңдер

  2. Өлеңді көшіріңдер

  3. Өлеңнің түпнұсқасын екі бағанға орналастырыңдар

  4. Өлеңнің көшірмесін бөлгіші бар үш бағанға орналастырыңдар

  5. Осы жағдайда көпбағанды мәтін пайдаланудың қажеттілігі жайлы жасаңдар.

Қансонарда бүркітші шығады аңға

Қансонарда бүркітші шығады аңға,

Тастан түлкі табылар аңдығанға.

Жақсы ат пен тату жолдас - бір ғанибет,

Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.

Салаң етіп жолықса қайтқан ізі,

Сағадан сымпың қағып із шалғанда.

Бүркітші тау басында, қағушы ойда,

Іздің бетін түзетіп аңдағанда.

Томағасын тартқанда бір қырымнан,

Қыран құс көзі көріп самғағанда.

Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп,

Қандыкөз қайқаң қағып шықса аспанға,

Көре тұра қашқан түлкі,

Құтылмасын білен соң құр қашқанға.

Аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрап,

О да талас қылады шыбын жанға.

(Абай Құнанбайұлы)

2-тапсырма

Сабақ жоспары: Бағандар.(6 сынып ) жоспары

3-тапсырма

  1. Өлеңді теріңдер.

  2. Бұл мәтінді қанша бағанға бөлген тиімді екенін ойланыңдар.

  3. Бағандарды қалыптастырғанда келесі бағанның қай жолдан басталатынын анықтаңдар. Келесі бағанды нақты осы жолдан бастаңдар.

  4. Мәтінді 4 бағанға бөліңдер.

  5. Өлеңді әрлеңдер.

Күз

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

Біреу малма сапсиды, салып иін,

Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.

Енесіне иіртіп шуда жібін,

Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.

Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,

Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.

Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,

Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.

V. Сергіту сәті

Экраннан бірдей екі сурет көрсетіледі. Оқушылар екі суреттің бір-бірінен 10 айырмашылығын табулары керек.

Сабақ жоспары: Бағандар.(6 сынып ) жоспары

Сабақ жоспары: Бағандар.(6 сынып ) жоспары

VІ. Сабақты бекіту

Тест

1.Мыналардың қайсысын бірнеше бағанға орналастыруға болады:

а) әңгіме ә)өлең б)баяндама

2 .Бағандарды құрудың алғашқы кезеңдері :

а) мәтінді теру ә)бағанды құру бұйрығын таңдау

б) алдымен мәтінді теруге де, бағандарға бөлу бұйрығын да беруге болады

3.Бағандарды анықтауға болатын ең үлкен мәні:

а) 10 ә) 12 б)3

4.Мәтінді бағанға бөлу үшін қандай бұйрық орындалады:

а)Бетті белгілеу -Бағандар ә) Бетті белгілеу - Бас тарту б) Бетті белгілеу - Тізім

5.Бағандардың мөлшерін қалай баптауға болады:

а) Бетті белгілеу- - Бағандар ә) Бетті белгілеу-Бағандар-Басқа тізімдер б) Бетті белгілеу-Бағандар-Басқа бағандар

6.Мәтіннің бағандарға бөлінуінен бас тарту үшін :

а) Бетті белгілеу-Бағандар бұйрығынада бір бағанды таңдау керек ә) Бетті белгілеу-Бағандар бұйрығынада екі бағанды таңдау керек б) Бетті белгілеу-Бағандар бұйрығынада үш бағанды таңдау керек.

VІІ. Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма беру: Бағандар тақырыбын оқу.

© 2010-2022