Paint графикалық редакторымен танысу

Раздел Информатика
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Павлодар қаласы

№19 жалпы орта білім беру мектебінің

Информатика пәнінің мұғалімі

Журсунова Мадина Маратовна

Сабақтың тақырыбы:«Paint графикалық редакторымен танысу»

Сынып: 2

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі - оқушыларды редактормен жұмыс істеуге үйрету.

2.Дамытушылығы-оқушылардың графикалық редакторымен жұмыс істеу кезіндегі практикалық

біліктерімен дағдыларын қалыптастыру.Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ақпараттық мәдениеттіліктерін, ойлау қабілеттерін, компьютермен дұрыс жұмыс жасау мүмкіндіктерін дамыту;

3.Тәрбиелігі- Оқушыларды ізденпаздыққа, ұқыптылыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың өту әдісі: жаңа сабақты түсіндіру,компьютермен жұмыс жасау

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер,слайд.

Оқыту формалары: жеке,жұптық

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Монитор мен көздің арақашықтығы қандай болу керек? (60-70).

Компьютердің негізгі құралдарын атаңыз? (жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан).

Компьютер құралдары нешеге бөлінеді? (2)

Әріптер мен сандарды енгізетін құрылғы? (пернетақта)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру : Paint графикалық редакторымен танысу.

ДК-нің мәтіндік те, графикалық та ақпаратты өңдеу мүмкіндігі бар. Мұндай ақпаратты өңдеудің қарапайым құралы операциялық жүйесі болып табылады. Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған.

Paint бұл:

  • Құрал - саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;

  • Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;

  • Суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;

  • Бар графикалық объектілерді түзетуге;

  • Схемаларды сызуға және т.б. мүмкіндік береді.

Paint графиктік редакторы іске қосу:

Пуск - Программы - Стандартные - Графический редактор Paint. Редакторды жүктегеннен кейін экранда, тақырып жолынан, меню мен жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда болады. Менюді пайдалана отырып, терезеде құрал-саймандар тақтасын, палитраны және қалып-күй жолын жарықтандыруға болады. Егер жұмыс ортасының өлшемі терезе өлшемінен үлкен болып берілсе, онда жұмыс ортасының төменгі және оң жақтарында айналдыру жолақтары пайда болады. Қалып күй жолында меңзердің пикселдердегі координаттарын байқауға болады.

Сергіту сәті

Компьютерде тапсырма орындау

Тік сызықтарды, шаршыларды, тіктөрбұрыштарды, эллипс, шеңбер салу пйдаланып,

үйдің суретін салу.(Жұппен)

Сергіту сәті: Интерактивті тақтадан қарап көз жаттығуларын жасау.

Оқушылар топпен отырып ребустың шешімін табады.

VII. Жаңа сабақты бекіту:

Сұрақ- жауап:

«Paint» графикалық редакторы қандай программа?

«Paint» графикалық редакторының терезесінің элеметтерін атаңдар.

VIII.Үйге тапсырма: Paint графикалық редакторы

IX.Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау.

Х. Оқушыларды бағалау.

© 2010-2022