БАЯНДАМА БІЛІМ САПАСЫ – МҰҒАЛІМДЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ САПАСЫ

Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының, дағды мен ой-өрісін, білім-біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз. Білім деңгейін көтеруге ақпараттық-коммуникативтік, жаңа педагогикалық, интерактивтік технологияларды пайдалану - оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру болып саналады. Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағ...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


ҚАЗІРГІ БІЛІМ САПАСЫ - МҰҒАЛІМДЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ САПАСЫ.


Кобиланов Рэнат Жаксылыкович

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Северный орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі


«Естігенімді - ұмытамын,

көргенімді - есте сақтаймын,

өз істегенімді - меңгеремін».

Ежелгі қытай философы Конфуций.


Білім берудегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі - сабақтың тиімділігін арттыру болып табылады. Ал бүгінгі сабақтардың өзегі, ол балалардың алатын білімі негіздерін интеграциялау, жан - жақты жарасымды дамыған дарынды балаларды қалыптастыру, жас жеткіншектердің дамуына жеке дамуына, қызығушылығы мен икем - қабілетін, дарындылығын арттыруға жағдай жасау үшін білім беру жүйесін оқушы ұғымына түсінікті дәрежеде жеткізу. Қазіргі заманауи талаптарға сәйкес білім беруде өзгерістер мұғалімдерден оқыту процесінде жауапкершілікті, шығармашылық ізденісті, еңбек белсенділігін, іскерлікті және білім беру барысында ақпараттық - коммуникативтік технологияларды пайдалануды талап етеді. Соған байланысты біздің қоғамымыз дамудың жаңа ақпараттық кезеңіне көшуде, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар мұғалімдердің қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Ақпараттық - коммуникативтік технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру білім салаларының барлық қызметіне, соның ішінде дарынды балалармен жұмыс жасауда ақпараттық - коммуникативтік технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарттары болып саналады. Ақпараттық - коммуникативтік технологиямен және интерактивтік технологиямен оқытудың мақсаты:

  • Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту;

  • Коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту;

  • Сараптамалық - зерттеу қызметі дағдыларын дамыту;

  • Оқу қызметі мәдениетін дамыту.

Ақпараттық - коммуникативтік технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді кеңінен пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық - коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер, дарынды, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Жедел дамып отырған ғылыми - техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

ХХІ ғасыр ақпараттық қоғам табалдырығына аяқ басқан кезде республикалық білім берудің жаңа жүйесі, білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алына бастады. Заманымыздың талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізуді, оны кеңінен қолдануды қажет етеді. Электронды оқыту интерактивті жүйе болып табылады. Электрондық оқулық «оқушы - компьютер - мұғалім» жүйесін қалыптастырады, яғни оқушы жаңа тақырыпты ақпарат көзі - компьютерден оқып қажетті мәліметтерді алып, мұғалімге түсіндіріп бере алатындай болуы керек.

Білім беруді ақпараттандыру - жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны, яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Ақпараттық - коммуникативтік технологияны оқу - тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.

Қазіргі білім сапасы - мұғалімдер қызметінің сапасы. Оқушыларға нені үйрету керек екенін мемлекеттік стандарттар, мемлекеттік бағдарламалар белгілейді. Ал, «қалай оқыту керек?» деген сұраққа жауапты тек мұғалімнің кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай алатын, өзінің нақты мақсаттарын болжап, көре алуынан, баланың әрекетін ұйымдастыра алатын шеберлігінен іздеу керек. Қазіргі таңда сабақ өткізуде Вассерман Федор Яковлевичтің «БиС» технологиясы ең тиімді, ұтымды инновациялық технологиялардың бірі болып табылады. Биохабар үдерісі білімде хабар беру, оқу материалын сапалы білу, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту технологиясын бағалау болып табылады. Оқушылардың шығармашылық даму белсенділігі, мүмкіншілігін асырып, шаршау үдерісін төмендетеді. Синергетикалық үдеріс білімде биохабарлық ауысуды өзін-өзі ұйымдастырушы жүйеге, алдына қойған мақсатты жеке өзі шешетін және күнделікті үдерістің сапасы теріс болуы. «БиС» технологиясы білім берудегі сапалы, саналы технологияның нәтижесі бола алады. Әрбір мұғалім технологияның басты ерекшеліктерін оқушыларға түсіндіре отырып, өзінің оқыту іс-әрекетінде тиімді пайдалану қажет. Оқушыға талапты осылар негізінде қоя білуі керек. Өз тәжірибемде «БиС» технологиясын пайдаланудамын. Оқушыны бағалауда МПМ (матрица посадочных мест) қолдану өте ыңғайлы, әр оқушының өз сайты болады, яғни оқушының отырған орнының матрицасы.

А

Б

1

2

3

МПМ жұмысының мақсаты: оқу үдерісінің сапасын арттыру, хабарды ұжымдық түрде жылдам өндіру, уақыт үнемделеді. МПМ әр сабақта тақтада сызылып тұрады. Жоқ оқушылар /// белгісімен белгіленеді. Оқушының аты - жөні айтылмастан, кімнің сайты көрсетілсе, сол орнынан тұрып, жылдам жауап береді. Сонымен қатар, жалпы сөздік қормен жұмыс- тақырып бойынша есінде қалған тірек сөздерді айту әдісі. Тарау біткен соң оқушының сөздік қорын тексеру үшін есінде қалған тірек сөздерді белгіленген уақыт бойынша жаздыртуға болады. Мұнда сан сапаға айналады. Егер тарау бойынша 100 сөз жазу керек болса, 5 минут уақыт беріледі. Мысалы, класта 20 оқушы болса, оны 20*100=2000 сөз болу керек. Осыдан барлық оқушы жазған сөздер бойынша орташа пайыздық көрсеткіш шығарылып, кластың қаншалықты тақырыпты игергендігін байқауға болады. «БиС» технологиясының карталарынан «Сындарлы ойлау» әдісі тиімді мұнда сөйлемдегі (ережелер) сөздердің орындары ауыстырылып, оқушылардан дұрыс орналастыру талап етіледі. 9-кластағы информатика сабағында графикалық, алгоритмдік тілде алгоритмдер құрастырғанда, программа құрастырғанда операторлардың орындарын ауыстырып қойып, оқушыларға дұрыс ретіне келтіру тапсырылады. Ең оңтайлы карталардың бірі, ол биоинтернет картасы, оқушылар тақырып бойынша белгілі уақыт ішінде сұрақтар, тапсырмалар құрастырып, бір біріне жолдайды. Бұл әдісте ұялы телефон пайдалануға болады немесе жергілікті желіге қосылған компьютерлер тиімді. Мысалы, 8-класта «Санау жүйелері» тақырыбын өткенде сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыруға арналған тапсырмаларды оқушылар қызығушылық танытып, бір-біріне жолдап, орындайды.

Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының, дағды мен ой-өрісін, білім-біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз. Білім деңгейін көтеруге ақпараттық-коммуникативтік, жаңа педагогикалық, интерактивтік технологияларды пайдалану - оқу - тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру болып саналады. Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан әрбір әдіс-тәсілдің мұғалім үшін маңызы зор.БАЯНДАМА БІЛІМ САПАСЫ – МҰҒАЛІМДЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ САПАСЫ

© 2010-2022