9 сыныпқа арналған информатика пәнінен сабақ жоспары Модульдер құру

Сабақтың мақсаты:Білімділік: Модельдеу бойынша оқушылардың білім мен дағдыларын бекіту және берілген тақырыпқа дайындық деңгейін анықтау;Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілетін және есептеу дағдыларын дамыту;Тәрбиелік: Оқушылардың тапсырманы орындаудағы еркі мен шешім, қойған мәселеге шығармашылық көзқарасын қалыптастыруға тәрбиелеу;Практикалық: Модельдеу кезінде Excel электронды кестесінде және программалау жүйесінде жұмыс істеуді жетілдіру.
Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Бұланбай жалпы білім беру мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Тажкеева Гульнара Тоқсамбайқызы

Пән: Информатика 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Модельдер құру

Сабақтар жүйесіндегі орны: модельдеу ұғымын әртүрлі қоғамдық процестермен байланыстыру.

Пән аралық байланыс: физика, биология, математика.

Сабақ типі: Біріктірілген сабақ

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Модельдеу бойынша оқушылардың білім мен дағдыларын бекіту және берілген тақырыпқа дайындық деңгейін анықтау;

Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілетін және есептеу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: Оқушылардың тапсырманы орындаудағы еркі мен шешім, қойған мәселеге шығармашылық көзқарасын қалыптастыруға тәрбиелеу;

Практикалық: Модельдеу кезінде Excel электронды кестесінде және программалау жүйесінде жұмыс істеуді жетілдіру.

Қажетті құрал-жабдықтар: компьютер, ИБТ.

Білу керек:

Модель түсінігін, модеьдің түрі бойынша сипаттауды, модельдеу кезеңдерін, дұрыс нәтижеге жету үшін модельді нақтылай білу.

Істей алу керек:

Модельдеу барысында бастапқы мәндеріне сипаттама берудә, модель құруды оған талдай жасай алуды.

І. Ұйымдастыру кезеңі. (Оқытылатын тақырып бойынша оқушыларды қандай білім, дағды деңгейлері, қандай ұғымдар мен пікірлер қалыптасу керегіне назар аудару. Жалпы сабақтың мақсатын атап шығу).

Мотивация. Бір есепті әртүрлі көзқараста есептеуге бола ма?

ІІ. Білімді қайталау мен тексеру (Оқушылардың алған білімдерін тексеру мен есеп шығаруға дайындығын анықтау). Қосымша №1

9 сыныпқа арналған информатика пәнінен сабақ жоспары Модульдер құру9 сыныпқа арналған информатика пәнінен сабақ жоспары Модульдер құру

  • Модель деген не? (Берілген сөздерді әрекеті бойынша байланыстыр: Модельдеу, Субъект, Модель, Объект)

  • Модельдеу дегенді қалай түсінесің? Негізгі түрлерін атаңыз? (Сызбаны толықтыр: Ақпараттық, материалдық)

  • Модельдеу кезеңдері? (Сипаттамасы бойынша кезеңдерді орналастыр).

ІІІ. Білім, іскерлік және дағдыны жетілдіру. Іскерлік пен іс-әрекет тәсілдерін игеру деңгейін және ұғынуын айқындау.

1. Теориялық білімдерін жүйелеу. Игерудегі кемшіліктер себептерін айқындау және жою. (Топпен жұмыс. Компьютердің құрылымдық сызбасын салу.). Қосымша №2

9 сыныпқа арналған информатика пәнінен сабақ жоспары Модульдер құру

2. Практикалық жұмыс. ДК -де жеке жұмысты орындау. Excel электронды кестесінде және программалау жүйесінде модельдеу.

Физикалық модельдеуге арналған тапсырма.

Есептің шарты: Ток күшінің кедергіден тәуелділігін зерттеу моделін құру. Кернеу U=4В. R, Ом: 1,2,3,4,5,6,7,8. Тәуелділіктің графигін салыңдар.

Есептің шығарылу жолы:

U кернеу

J ток күші

R кедергі

4

4

1

2

2

1,333333

3

1

4

0,8

5

0,666667

6

0,571429

7

0,5

8

1 кесте

9 сыныпқа арналған информатика пәнінен сабақ жоспары Модульдер құру




1 диаграмма

Биологиялық және математикалық процестерді модельдеуге арналған тапсырма.

Есептің шарты: Қоймадағы балық қоры 1200 т. құрайды. Жылдық жоспар бойынша балықты аулау 300 т. 15 жылға арналған қоймадағы балықтың санын анықтайтын кесте және қоймадағы балықтың санының өзгеру графигін құру қажет.

Есептің шығарылу жолы:

A

C

D

1

жыл

Қоры

өсуі

аулау жоспары

2

0

1200

15%

300

3

1

=B2*(100%+$C$2)-$D$2

4

2

=B3*(100%+$C$2)-$D$2

5

3

=B4*(100%+$C$2)-$D$2

6

4

=B5*(100%+$C$2)-$D$2

7

5

=B6*(100%+$C$2)-$D$2

8

6

=B7*(100%+$C$2)-$D$2

9

7

=B8*(100%+$C$2)-$D$2

2 кесте

Соңында келесі графикті аламыз

9 сыныпқа арналған информатика пәнінен сабақ жоспары Модульдер құру

2 диаграмма

Осындай балықтың санын аулауға бола ма?

Қоймада неше жылдан кейін балық қалмайды?

Балықтың саны өзгермеуі үшін қанша балық аулау керек?

Егер 180 т, 100 т.-дан балықты ауласа не болады?

9 сыныпқа арналған информатика пәнінен сабақ жоспары Модульдер құру

3 диаграмма

Алғашқы жұмысты аяқтаған оқушы басқаларға кеңесші болады.

4. Білімді жинақтау және жүйелеу. Білімді игеру тұрғысынан алынған нәтижелерді сараптау. Тест.

ІҮ. Рефлексия. Оқушылардың жеке іс-әрекеттері мен сабақтағы істелінген іс-әрекет

мағынасын, тапсырманы орындауда жоғары тұрған тәсілдерді түсінуі.

- Нені білдік?

- Нені үйрендік?

- Нені білгіміз келеді?

Ү. Бағалау. Оқушылардың алған білімдерімен дағдыларының нәтижелілігін бағалау.

ҮІ. Үй тапсырмасы. Алған білімдері мен дағдыларын қоршаған ортада қолдана білу.

модель жасап келу;

© 2010-2022