Мәтіндік құжаттарды форматтау мүмкіндіктері

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мәтіндік құжатты форматтау мүмкіндіктері


Ш.Б.Жылқыбаева

С.Қырықбаева орта мектебінің мұғалімі


MS Wort редакторында құжатты форматтау мүмкіндіктерін оқушыларға меңгерту. Оқушыларды өздігінен білім алуға, бала өз ойын айта білуге, өз білімдерін өздері бағалауға дағдыландыру. Оқушылармен кері байланыс жұмысын жүргізіп отыру. Бұндай сабақта оқушылардың компьютерлік жұмыс істеу шеберлігі, танымдық қабілеті, белсенділігі, өзіндік жұмыс жасау біліктілігі артады.

Сабақ тақырыбы: Мәтіндік құжатты форматтау.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: MS Word бағдарламасымен жұмыс істеу, терезе элементтерінің қолдану тәсілдерін үйрету. Мәтіндік құжатты форматтау.

Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін кеңейту, белсенділігін дамыту

Тәрбиелік: Оқушылрдың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Сабақ типі: Аралас сабақ

Сабақ түрі: дәстүрлі, сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Көрнекіліктер: компьютер, сөзжұмбақ, қима қағаздар, бағалау барағы, информатикалық диктант, тапсырмалар.

Сабақ барысы: І- Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушыларды түгендеу;

2. Құрал-жабдықтар даярлау;

3. Зейінін сабаққа аудару;

4. Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

ІІ- Үй тапсырмасын сұрау

  1. Қызығушылықты ояту

Сөзжұмбақ шешу

  1. Қазіргі кездегі компьютердің кең тараған ОЖ

  2. Бұрын компьютерде қандай ОЖ тұратын?

  3. Арнайы комбинациялық перне

  4. Меңзердің оң жағында тұрған символды өшіретін перне

  5. Меңзердің сол жағында тұратын символды өшіретін перне

  6. Суреттер салу үшін қандай программа қолданылады?

  7. Жаңа жолды бастау немесе бос жолды енгізу үшін қолданылатын перне.

1.

W

I

N

D

O

W

S

2.

M

S

D

O

S

3.

C

T

L

4.

D

E

L

E

T

E

5.

E

C

K

S

P

A

C

E

6.

P

A

I

N

T


7.

E

N

T

E

ІІІ- Білімдерін тексеру

  1. Мәтіндік құжатты пішімдеу деп нені түсінесіңдер?

  2. Мәтіндік пішімдеу режимін атаңдар.

  3. Мәтінді белгілеу тәсілдерін атаңдар.


IV- Жаңа сабақ

Мәтінді форматтау дегеніміз- мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою. Мәтінді форматтауға мыналар жатады:

  • әртүрлі қаріптерді пайдалану

  • құжат өрісінің шекараларын өзгерті; сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі.

  • мәтінді бағандарға бөлу.

  • Символдық, абзацтың, беттің сипатын тағайындау


  1. Мағынаны тани білу. Техникалық диктант жазу (Әр оқушыға тапсырма таратылады, бос орынға керек сөзді жазу керек) Дәптермен жұмыс.

Word ........ редактор. Мәтінді........... көмегімен теруге болады. Мәтінді форматтау дегеніміз мәтінді .............. өзгерту. Мәтінді форматтауға ................... жатады.

VІ- Жаңа сабақты бекіту


  1. Ой толғаныс. Тест жұмысы


V-Қорытындылау

3. Топтастыру стратегиясы

Мәтіндік құжаттарды форматтау мүмкіндіктері

  1. Практикум 7.4 -тапсырма. Оқулықпен жұмыс

(Компьютерде практикалық тапсырма орындатылады)

VI -Оқушыны бағалау


Оқушы аты-жөні

өзін-өзі бағалау

өзгені бағалау

Мұғалім бағасы

Қорытынды баға







Оқушылармен кері байланыс жүргізіледі.

VIІ - Үйге тапсырма

7.4- тарауды оқу. Мәтіндік құжатты форматтау тақырыбына сөзжұмбақ құрау.


Алматы облысы,

Көксу ауданы.

© 2010-2022