Жоба жасаудың оқушының білім сапасын көтерудегі маңызы

Адам бойындағы қабілеттерді дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін - өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Ол өзін - өзі шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі керек. Бұл жоба информатика пәні бойынша 7- сынып оқушыларына арналған. Біз білім беру үрдісінде теорияны тәжірибемен ұштастырып қана қоймай, оқушылардың еркін ойлауына және ақпараттық технология саласындағы соңғы стандарттарға сай жұмыстануына жағдай жасаймыз. «Ко...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жоба жасаудың оқушының білім сапасын көтерудегі маңызыЖоба жасаудың оқушының білім сапасын көтерудегі маңызы

Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі







Тақырыбы:





Дайындаған: информатика пәнінің мұғалімі

Карашинов К.С.



Арқалық қаласы-2015

Жоба авторы

Аты- жөні, тегі

Карашинов Каскырбай Серикбаевич

Аймақ

Арқалық қаласы

Мектеп орналасқан жер

Арқалық қаласы, Ш.Жәнібек көшесі, 47-үй

Мектеп аты №

«Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беру орта мектебі» ММ

Жоба мазмұны

Жобаның тақырыбы

Адам өміріндегі компьютердің маңызы

Жоба туралы қысқаша мәлімет

Бұл жоба информатика пәні бойынша 7- сынып оқушыларына арналған.

Біз білім беру үрдісінде теорияны тәжірибемен ұштастырып қана қоймай, оқушылардың еркін ойлауына және ақпараттық технология саласындағы соңғы стандарттарға сай жұмыстануына жағдай жасаймыз. «Компьютер - уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Сондықтан жас ұрпақ желаяқ заман ағымынан қалып қоймас үшін ең алдымен жаңа технологияларды меңгеруі қажет.

Пәндер

Информатика

Сынып

6-сынып

Жобаның ұзақтығы

2 сабақ, 2 апта

Жобаның негізі

Білім стандарты

«Информатика» пәні бойынша стандарт «ҚР Білім туралы Заңы» және ҚР жалпы орта білімнің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша жасалды. Ол 12 жылдық оқу үлгісіне көшуге байланысты информатика бойынша білім саласында біріккен мемлекеттік саясатты жүргізуге мүмкіндік береді.
Информатика құрылымды оқытады және информацияның жалпы қасиеттері шынайы әлемнің маңызды құрамы сияқты болып табылады. Сонымен қатар информатика - бұл, компьютерлік желілердің көмегімен ерекшеленіп, информацияларды жіберу, сақтау, өзгерту және қолданумен байланысты қызметтің дамыған, ғылымиланған саласы.
Информатика қоршаған ортаны тануда жүйелік-информациялық амалды жүзеге асыратын ғылыми мағлұматтың табиғат пен қоғамдағы информациялық процестер жөніндегі маңызды саласының бірі бола бастады.

«Информатика» пәні оқушыда әлемнің информациялық бейнесі, сонымен қатар қызметтің өзекті тәсілдері жинақталған ғылыми мағлұматтар жүйесінің құрылымдалуына мүмкіндік бере отырып, жалпы білім беру қызметін орындайды. Білім саласының тәрбиелік қызметі оқушыда информациялық қоғам жағдайында сәйкес қызметтер мен тәртіптер тәсілдерін құруда, адамгершілік, гуманистік принциптерге негізделген этикалық түсініктердің, көзқарастар мен сенімдердің жасалуынан тұрады.
Информатика орасан даму күшіне ие. Ол оқушының шығармашылық қабілетін дамыта отырып, ойлаудың операциялық-алгоритмдік және мазмұндық -логикалық түрлерінің құрылуына мүмкіндік беретін, негізгі пәндердің бірі болып табылады.
«Информатика» оқушыда білім, икемділік және дағды жиынтығын қалыптастыра отырып, компьютерді оқу құралы ретінде кеңінен пайдалануды қамтамасыз ететін қызмет ету функциясын атқарады.

Жобадан күтілетін нәтиже

Жоба аяқталғаннан кейін:

  • иілгіш және компакт дискілер не екенін;

  • дискіжетек пен CD-ROM қалай құрылғанын;

  • ақпаратты оқу мен жазу қалай жүретінін;

  • қандай жағдайларда қандай ақпарат тасуыш қолдану керек екенін;

  • ақпарат тасуыштардың негізгі параметрлерін;

  • иілгіш және компакт- дискілермен жұмыс істеу ережелерін;

Бағыт беруші сұрақтар

Негізгі сұрақ

Адам өміріндегі компьютердің маңызы қандай?

Тақырыпқа сай проблемалық сұрақтар

  1. Қазіргі кезде флоппи дискілер не себепті қолданыста емес?

  2. Компьютерге дейін ақпаратты өңдейтін қандай құрылғылар қолданылған?

Тақырыптық сұрақтар

1.Ақпаратты сақтауға арналған құрылғыларды ата.

2. Ақпараттың өлшем бірліктерін рет-ретімен ата.

3. Иілгіш дискі мен қатқыл дискінің айырмашылығы қандай?

4. Дискіжетек дегеніміз не?

5. Дискіжетек қайда орналасқан?

6. Комьютердің сыртқы жадының қызметі қандай?

7. Ақпарат тасуыштардағы файлдарды қалай ашамыз?

8. Флоппи дискінің сиымдылығы қандай?

9. Дискілерге ақпараттарды қалай жүктейміз?

10. Иілгіш дискінің неше беті бар?

Бағалау жоспары

Бағалау кестесі

Жобаға дейін бағалау

Жоба барысында бағалау

Қорытынды бағалау

Жобаға дейін бағалау (Оқушылардың белсенділігі, ұйымшылдығы)

Жоба кезіндегі бағалау (оқушылардың жоба барысында жасалған жұмыстарын бағалау)

Жоба соңындағы бағалау (Оқушылардың жобаны қорытындылауы, айтылған пікірлер, ситуациялық сұрақтар)

Бағалау әдістері

Жобаға байланысты оқушыларды бағалаудың әдістері көп. Мысалы, топтық жеке бағалау.

Топтық бағалау оқушылардың топпен жұмысы, ұйымшылдығы бағаланады. Жеке оқушының айтқан пікірі, сабаққа белсенділігі, сұрақтарға жауап беруі арқылы бағаланады.

Жоба туралы мәліметтер

Бастапқы білім, білік, дағды

Оқушының білімділігі, техникалық сауаттылығы,өзіне деген сенімділігі.

Тақырыптық шаралар

Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруда түрлі ойын тәсілдерін, жобаға байланысты тақырыптың қызықты болуы,проблемалық сұрақтар, апталықтардың қызықты жүргізілуі арқылы белсенділіктерін арттыруға болады.

Материалы для дифференцированного обучения

Қиын оқушылармен жұмыс жасайтын мәліметтер

(Қиын оқушы)

Оқушылардың ішінде сабаққа белсенділігі аз, өз деңгейі төмен (1 деңгей) оқушыларды сабаққа тарту үшін жеңіл сұрақтар мен әртүрлі жеңіл әрі қызықты тапсырмалар беру.

Дарынды оқушылар

Дарынды оқушылардың мүмкіндіктеріне байланысты оқулықтан тыс тапсырмалар, рефераттар, проблемалық сұрақтар, ізденуді талап ететін мәліметтер беру.

Жобаға керекті материалдар

Технологиялар- құрал- жабдықтар (қажетті пункттерді белгілеу)

Фотоаппарат, компьютер, видеокамера, проектор

Технологиялар- бағдарламалық жабдықтар (қажетті пункттерді белгілеу)

Интерактивті тақта.

Баспа материалдары

Оқулықтар, әдістемелік журналдар (Информатика негіздері)

Басқа қажеттіліктер

Презентация

Ғаламтор ресурстары

Жобаға қажетті сайттармен жұмыс жасау

htpp//google.kz, htpp//yandex.kz

wiki.iteach.kz

Басқа ресурстар

Мұғалімдерді,ата-аналарды шақыруға болады.

Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады..

Б. Д. Эльконин шығармашылыққа мынандай анықтама береді: «Шығармашылық- бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін - өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады.

Адам бойындағы қабілеттерді дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін - өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Ол өзін - өзі шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі керек. Адам өзін - өзі жетілдіруге де, сонымен қатар, сонымен қатар өзін - өзі жоюға да қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан, талап тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады»-деп көрсетілген Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында. Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.

Жеке тұлғаның ерекшеліктеріне тән қасиеттер оның санасына, өзіне - өзінің сын көзімен қарауына, адам баласының есіне әсер ететін ішкі және сыртқы түйсік, түйсіктердің әсеріне және оның ерік - жігер күші мен әсерленушілік сезім дүниесіне байланысты құбылыс деген пікірді біздер қуаттаймыз. Оның себебі, ұлы ғұламаларымыз осы ой - пікірде болған деп білеміз.

Мектептегі оқу процесі оқушылардың іздемпаздығын, танымдылық белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуында жол ашуы қажет.

Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, оқушының өзіндік жұмысы, дербес іс - әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар, олардың іздемпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтармен психологтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшеліктері олардың ықыласына және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп пікір айтады.

Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасына олардың өз еркімен амал - тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану - олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай - ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркем өнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.

Шығармашылыққа үйрету тұлғаның интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық, мінез - құлық ерекшеліктерін де көздейді. Оған жігерлілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қаржылық пен табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқаты іздеудегі және қарым - қатынастағы адалдық жатады.

Шығармашылық сабақтың базалық негізін анықтауда әр жағдайда сабақтың үйлесімді үлгісі таңдап алынды. Шығармашылық сабақтың мақсаты оқушылардың өзіндік білімділік нәтижесін құру болып табылады.
Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін оятып оның шығармашылық қабілеттерінің дамуына адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді.

Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

Шығармашылық дарындылықтың белгілері әртүрлі болатындығы қиындық туғызады және де олар әлеуметтің ортамен тығыз байланысты. Баланың қандай болса да кез келген шығармашылық талпынысын құптауымыз керек. Себебі оның астарында баланың таза, ашылмаған шығармашылық бастауы жатыр. О. Бальзактың "Ұдайы еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы" дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Оқу әрекетінің мазмұны арқылы шығармашылық
қабілетті ашу, жетілдіру. Оқушының білім мазмұнындағы ғылыми ұғымдардың үлесін арттыру арқылы оқушыны шығармашылық әрекет жағдайларына әкелетін ішкі байланыстарды ашуға мүмкіндік туғызып, жағдай жасау керек. Оқушы ойлауының барлық түрлерін диагностикалық бірлік арқылы дамыту керек.

Әрине, атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар - білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми - ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т. с. с. Өйткені, ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан - жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн деп ойлаймын.

Қолданылған әдебиеттер:

1. ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.

2. Н. Ә. Назарбаев «Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек»
// «Егемен Қазақстан». 31 тамыз. 2000 жыл.

3. Бабаева Ю. Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1997г.

6. Б. А. Тұрғынбаева Дамыта оқыту технологиялары. Алматы. 2000 жыл.

© 2010-2022