Информатика. Ақпарат (5 сынып)

Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Информатика. Ақпарат (5 сынып)Информатика. Ақпарат (5 сынып)Информатика. Ақпарат (5 сынып)Информатика. Ақпарат (5 сынып)Информатика. Ақпарат (5 сынып)"Бекітемін"

ОІМ ________________


АПТА:

Сабақ №

Информатика

5-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Информатика. Ақпарат

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды ақпарат, информатика ұғымы түрі және қасиеттерімен таныстыру

Күтілетін нәтижелер:

  • Тақырыпты түсінеді, талдайды.

  • Қосымша материалдармен жұмыс жасайды.

  • Құнды пікір айтуға үйренеді.

  • Сабақ бойындағы іс-әрекетін бағалай алуға үйренеді;.

  • Информатика ұғымдарына, ақпаратқа, ақпарат алу көзіне, қабылдау және беру ортасына анықтама беруді үйренеді;

Негізгі идея

  • АКТ арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

  • Топпен жұмыс жасау барысында бірлескен жұмыс атмосферасын

құру, бірін- бірі тыңдау, бағалау көзделеді.

Ресурстар

Слайд, оқулық, кеспе қағаздар, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі:

Дәстүрлі емес

Сабақтың формасы:

Жұптық, топтық, жеке, ұжымдық.

Керекті жабдықтар:

Бейнепроектр, маркер,суреттер,жұмыс дәптері,оқулық,интерактивті тақта,стикерлер,А3 парағы.

Тапсырма түрлері

  • Қызығушылығын ояту. «Ой шақыру»

  • Оқулықпен жұмыс. «Мағынаны тану»

  • Жас ерекшеліктеріне сай оқыту «Миға шабуыл»

  • Сергіту сәті (АКТ)

  • Топтық жұмыс «Кім жүйрік »

Сто технологиясының ой қозғау әдісі,

Топтық жұмыс,

Еркін сөйлеуге,таланттарын,дарындарын ұштайды.

Ойлау қабілеттерін дамыту.

Қимыл-қозғалыс арқылы көңілдерін көтеру.

Міндеттері


  • Компьютер туралы ақпаратты білу.

  • Оқушылардың әртүрлі тапсырмалар арқылы ой-өрістерін дамыту;

  • Теорияны практика жүзінде жүзеге асыру;

  • Сыныпты топпен жұмыс жасауға үйрету.

Сабақтың барысы: 1)Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу; Амандасу тренингі

ә) Оқушыларды топқа бөлу:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Уақыты

Кіріспе



2) Үй тапсырмасын тексеру (қайталау сұрақтары)

1. Информатика дегенімі не?

2.Компьютердің информатикаға қандай қатыс бар?

3.Ақпарат дегеніміз не, оны қалай түсінесіңдер?

4.Ақпаратты қандай көздерінен аласыңдар?

5.Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер?

6.Монитордан қандай қашықтықта отыру керек?

7. Компьютердің алдында неге көп отыруға болмайды?

8.Неге компьютердің үстіне кітап, дәптер және т.б заттар қоюға болмайды?

9. Компьютермен жұмыс істегендегі міндетті ережелер?

10Компьютерде үздіксіз жұмыс істеу неше минуттан аспауы керек?

Бағалау өлшемдері.

Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі

Зейін қою,

жауапкершілікті

сезінуі,сұраққа жауап береді.

Оқушылар бірін-бірі

тексереді.

Жеке жұмыс


2 мин



Жаңа сабақ






желіліккартаІ. «Ой шақыру» Интер тақтаға мына мәтіндерді і шығарып қоямын.

«ИНФОРМАТИКА» , «АҚПАРАТ»

Балалар жазылған сөздерге сипаттама береді .

Білу, түсіну аясында суреттердің қандай құрылғы екенін топ болып бірлесе шешімін табуға әрекеттенеді.

7 мин


Негізгі бөлім


«Мағынаны тану» (оқулықпен жұмыс)

Оқушыларға Кубизм арқылы кітаптағы мәтінді тақырыпшаларға бөліп топ бойынша бөліп-бөліп оқуға, бірігіп талқылауға беремін.

Информатика- ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым.

Сендер қалай ойлайсыңдар ақпарат деген не?

Ақпарат- сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер

Ғалымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81 % -ын көру арқылы, 10 %-ын есту, 4% -ын иіскеу, 3 % -ын- дәм сезу және 2 %-ын сезу арқылы аламыз.Сонымен қатар әрбір адам жеке дара мүмкіндіктерге ие. Мысали дизайнердің көру қабілеті, музыканттың есту қабілеті жақсы дамыған.

Информатика. Ақпарат (5 сынып)

Ақпарат түрлері

(қабылдау)


естілетін

иіскеу

сезу

Дәм сезу

Көрінетін


Бейнелу тәсілдері бойынша ақпарат: сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық, және видео.

«Миға шабуыл» (Жас ерекшеліктеріне сай оқыту)

А-деңгейі:

Ерте заманда қандай тасығыштар болған? Суретін дәптерге салу









В-деңгейі:

Кестені толтыру

Зат

Қасиеті

Арна

Мүше

1

Қоңыраулы сағат

шылдыр

есту

Құлақ

2





3





4





5






С-деңгейі:

«Информатика» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.




Бағалау критерийі: 1-тапсырмаларды орындаса, «3» 2 - тапсырма қоса орындалса «4» 3-тапсырма барлығы орындалса, «5»

Сергіту сәті.

«Кім жүйрік » (Топтық жұмыс) Ребусты шешіп,жауабын табу.(монитор

Информатика. Ақпарат (5 сынып)

Дәптерлерін ашып, күннің жадынын,

тақырыбын жазады.Ақпараттың түрлерін дәптерлеріне жазып алады.

Оқушылар оқулықтағы мәтінді жұбпен,топпен талдау жасайды.
















Қол шапалақтау.

(3 рет қол соғу).

Қимыл қозғалыс биі







3мин











6 мин

7 мин




8 мин



3 мин

Қорытынды

Бекіту сұрақтары:

  1. «Ақпарат» термині туралы жаңадан не білдіңдер?

  2. Сендерге қандай ақпарат тасығыштар белгілі?

  3. Қазіргі кезде ақпараттың қандай түрлері бар?

  4. Адам ақпаратты қандай сезім мүшелері арқылы қабылдайды?

Не білдік,не үйрендік, кімнің көрсеткіші жоғары?

Өз ойларын айтады.

2 мин

Бағалау

Оқыту үшін бағалау(формативті)-

(бағалау парақшалары арқылы өз-өздерін бағалау,топты бағалау)

Бағалау парақшасын толтырады.

3 мин

Рефлексия


Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Қандай әсер алдыңдар.


Оқушылар «Смайликтер» суретіне стикер жабыстыру арқылы бүгінгі тақырыпты қаншалықты меңгергенін көрсетеді.

2 мин

Үйге тапсырма.

§2 Информатика және ақпарат

16 беттегі «Өзіңді тексер» сынақ жұмысы

Жұмыс дәптерлеріне жазып алады.

2 мин



© 2010-2022