Информатика сабақтарын өткізуде оқытудың дәстүрлі емес формаларын қолдану әдістемесі

Раздел Информатика
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Информатика сабақтарын өткізуде оқытудың дәстүрлі емес формаларын қолдану әдістемесі


Информатика пәні мұғалімі

Жакупбекова Айнур Болатовна

Информатиканы оқуға деген қызығушылық көбінесе сабақтың қалай өтуіне байланысты болады. Тіпті өте жоғары деңгейде өткізілген сабақтың өзінде міндеттілік элементі пәнмен қызығушылықты дамыта түсуге мүмкіндік береді. Сондықтан информатика сабағында оқытудың дәстүрлі емес түрлеріне кеңінен қолдануға көп көңіл бөлген жөн. Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен іздемпаздығына тікелей байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп өткізу керек. Осындай жұмыс барысында жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесіне сүйене отырып сабақты түрлі іскерлік ойындар, жарыстар түрінде, пәнаралық байланыс түрінде, көрнекіліктермен, дидактикалық материалдарды пайдалана отырып өткізуге болады. Дидактикалық материалдар информатика оқулығының негізінде алынған өзіндік, бақылау және тесттік тапсырмалардың, пысытау сабақтарының, қызықты есептердің жиынтығы болып табылады.

Дидактикалық материалдарға енетін өзіндік жеке жұмыстар тек оқыту сыпатына, жаңа өтілген материалды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталған. Бақылау және тесттік жұмыстарды жүргізуде өзіндік жұмысқа қарағанда уақыт көлемі қатаң ескеріледі.

Дидактикалық материалдарда ұсынылатын тест тапсырмаларының сұрақтары өте анық, түсінікті, ой тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы тиіс.

Тест тапсырмаларды пайдаланып, нәтижесіне талдау жасай келе мынадай қорытынды жасауға болады. Тест тапсырмалары оқушылардың қандай материалды игеріп, қай материалды, қандай тәсілмен түсіндіру қажет екенін анықтауға мүмкіндік береді.

Оқушылардың ғылыми дүниетанымының, көзқарастарының негізі олардың басқа пәндерден алған білімдерін жинақтау нәтижесінде қалыптасуы керек. Бұл пәнаралық байланыс арқылы жүзеге асады. Пәнаралық басланыс - күрделі педагогикалық проблемалардың бірі. Ол педагогика, психология, әдістеме тұрғысынан жан-жақты зерттелген. Информатика сабағына интерактивтік әдісті қолданудан оқушылардың білімі тиянақталады, білімі тереңдейді, өздігінен кітап оқуға дағдыланады, өмірмен байланыстылығын, информатика пәнінің өзге де түрлі пәндермен байланысты екеніне көздері анық жетеді.

Оқушы пәнаралық байланыс мазмұнын шығармашылық ізденіс үстінде игере алады. Онда ол бір жаңалық ашқандай болады. Алған білімі есінде ұзақ сақталып, пән бойынша білім сапасы артады, дүниетанымы жан-жақты болады. Ол үшін сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді, ұйымдастыру түрлерін қолдануды талап етеді.

Қазіргі кезде ойын тәсілдерін пайдаланып сабақ өткізу информатика сабағында өріс алмай келеді. Мұндағы ойын тәсілдерін пайдалану тек бастауыш сыныптарында қолданылып, ол да тек компьютерлік ойындармен ғана шектеліп келеді. Сол себепті балалар психикасын компьютерді дұрыс пайдаланбаудан сақтау күннен күнге етек алған өзекті мәселеге айналып отыр. Өйткені уақыт өткен сайын компьютерге тәуелділік пайда болып, одан тыс ойындарда психологиялық дискомфорт кездесетін белгілі, ал қалыпты жағдай олар тек компьютерге отыру алдында немесе содан кейін ғана қалыптасады.

ХХІ ғасыр қоғамының негізгі мақсатырының бірі - адамды тек мәдениет биігіне игеретін білім беріп қана қоймай, оның денсаулығын да сақтауды қатар қарастыратын білім беру жүйесін жасау болып табылады. Осы бағытта жұмыс істеуді мектеп қабырғасынан бастау керек, өйткені білім берудің бұл жүйесі барлық адамдарға қатысты бірден-бір әсерлі кезең болып саналады. Осыған орай қалыпты түрдегі өткізілетін оқумен қатар сабақ үстінде әртүрлі оқып-үйрену істерін жеілдіретін ойындық технология элементтерін пайдаланған дұрыс. Ойын - көбінесе оқып-үйренуге талпынуды арттыратын құрал ретінде қолданылады. Ол сабақ кезінде тәртіпті өздігінен сақтап жетілдіретін қоғамдық тәжірибені игенруге бағытталған әрекет болып табылады.

Ондай ойындаға ребустар, анаграммалар, сөзжұибақтар, сканвордтар және оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыратын, белгілі бір мәселенің шешуін ойланып іздеп табуды керек ететін есептер жатады.

Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңдегң орны мен міндетіп және мақсатың дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жимынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын процесіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты. Ойындар балалардың ойлау белсенділігін тәрбиелейтін, психологиялық процестерінің белсенділігін тәрбиелейтін маңызды құрал болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. С.А. Мухина, А.А. Соловьева «Нетрадиционные педагогические технологии в обучения» Ростов-на-Дону: Феникс, 2004;

  2. К.З. Халыкова «Информатиканы оқыту әдістемесі» Алматы: Білім, 2001;

  3. К. Камардинов «Информатика» оқулығы Алматы: Мектеп, 2004.

© 2010-2022