Бағдарлама Компьютерде модельдеу (10 класс)

Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БАҒДАРЛАМА

КОМПЬЮТЕРДЕ МОДЕЛДЕУ

10 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН



Дакенова Н.Д.

№86 мектеп-гимназиясы, информатика пәні мұғалімі



Пікір жазған: Турғанбай Қ.Е., қазақ Қатынас Жолдар университетінің аға

оқытушысы

Түсініктеме хат мазмұны

Информатика пәні жалпы орта білім берудегі негізгі базалық пәндердің бірі болып табылады. Орта білім беру жүйесіндегі оның ролі жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы орнымен қамтамасыз етіледі. Бұл бағдарлама жаңа типті компьютерлік техникада негізделіп информатиканы оқытудың мемлекеттік білім беру стандарты бойынша құрылған.

Көкейтестілігі: Информатиканы оқытудың білім стандартына сай 7-11 сыныптарға оқу бағдарламасы жасақталып отыр. Оқу бағдарламасы әлемдік ақпараттық қоғамға оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру негізінде және оқушының өзіндік таныту іс-әрекетін қалыптастыру бағытындағы оқу материалдары қамтылған.

Қазіргі уақытта компьютерлік техниканың жеделдетіп дамуына және қазіргі типтегі компьютермен мектептердің жабдықталуына байланысты 10 сынпарда мамандыққа баулу курстары бойынша оқытылады.

Мектепте информатиканы оқытудың негізгі мақсаты - жеке тұлғаның өзіне әлемдік ақпараттық қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастырып, дамыту және өз бетінше білім алу, өзін-өзі дамытуға жағдай жасау. Бұдан білім беруде информатика саласын мектепте оқытудың негізгі төмендегідей мақсаттары туындайды:

  • оқушыларға ақпаратты беру, өңдеу және қолдану процестері туралы білімдерін меңгерту;

  • оқушылардың оқу процесінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны жүзеге асыру құралы ретінде, сонымен бірге кәсіптік қызметтерге саналы, әрі тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

Информатиканы оқытудың дамытушылық мақсаты оқушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға және ақылойын, теориялық және шығармашылық ойлау қабілетін, ынтасын дамытуға бағытталған.

Тәрбиелік мақсаты: Қазіргі заман талабына сай жаңа ақпараттардың техникалық ақпаратты қабылдауға және таратуға тәрбиелеу.

Тұрақтылық (мазмұндық) бөлімі



Бұл бағдарламада қойылатын басты талап оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға көмектесетін - дамыта оқытуды іске асыру. Алгоритм түсініктері және қасиеттері. Алгоритмді бейнелеу тәсілдері және түрлері, Алгоритм атқарушысы, Компьютерде есеп шығару мен кезеңдері, программалау негіздері: алфавиттері, команданы жазу ережелері, программа түсінігі, мәліметтер типі, өрнектер, программада мәліметтерді енгізу мен шығаруды ұйымдасытыруға, практикалық жұмыс жасауға, программалау тілін оқытуға баса назар аудару және олардың қасиеттерін түсіндіруге, есептер шығаруға кеңінен қолдану болып табылады. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін дамытады. Ол үшін оқушыларды информатика ғылымының төмендегі құрылымымен таныстырып, білімді өз бетімен меңгеруге баулу керек.

  1. Программалау негіздері: алфавиттері, команданы жазу ережелері. Программа түсінігі. Айнымалы түсінігі: аты, типі, мәні.

  2. Мәліметтер типі және өрнектер түсінігі.

  3. Программада мәліметтерді енгізу мен шығаруды ұйымдастыру. Сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдерді программалау.

  4. Программалау жүйесінің мүмкіндіктерін үйрену.

Нормативті бөлім

10 сынып

аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат



Тақырыптың мазмұны

Сағат саны

Мерзімі

теория

практика

І жарты жылдық

1.

Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін қайталау. Модельдеу түсінігі.



1




05.09.

2-3.

Модельдеу-тану әдісі. Модель түрлері.

2


12.09

19.09

4.

Таңбалық және вербальдік ақпараттық модельдер.

1


26.09

5.

Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер

1


03.10

6-7.

Модельдеудің негізгі кезеңдері. Объектіні талдау. Графиктік редактор ортасын модельдеу

2


10.10

17.10

8-9.

Модельдерді құру. Ақпараттық модель

2


24.10

31.10

10.

Бақылау сұрақтары. Рефераттар


1

14.11

11.

Таңбалық және компьютерлік модель

1


21.11

12.

Компьютерлік эксперимент

1


28.11

13.

Практикалық жұмыс

1


05.12

14-16.

Модельдеудің негізгі этаптары

2

1

12.12

19.12

26.12

ІІ жарты жылдық

17.

Бақылау сұрақтары. Рефераттар.


1

09.01

18-21.

Word мәтіндік редакторы ортасында модельдеу

2

2

16,23.01

30.01

06.02

22-26.

Деректер базасының ақпараттық моделі

3

2

13,20.02

27.02

5,12.03

27.

Бақылау сұрақтары. Рефераттар


1

19.03

28-29.

Электронды кестедегі объектілердің және әрекеттердің моделі

1

1

02.04

09.04

30-32.

Экологиялық жүйенің моделі

2

1

16,23.04

30.04

33.

Бақылау сұрақтары. Рефераттар


1

07.05.

34.

Сынақ жұмысы

1


14.05.





Ақпараттық-әдістемелік бөлім

Оқушыладың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын бағалау нәтижесі бес балдық жүйемен жүзеге асырылады.

Бес - толық, дұрыс, оқушы негізгі нақты материалды білетіндігін, қажетті ұғымдарды меңгерген, түсінген, мысалдармен нақтылай алады, жұмыс істеу әдісінің құрамы мен жүйелілігін біледі, практикалық жұмыстарды, есептерді шешуге ниетімен қарауы, осы заманғы маңызды хабарламалармен хабардар болса мадақталады.

Төрт - жауабы жоғарыда аталған талаптарға сәйкес қанағаттандырады, ол толық, дұрыс фактілерді баяндауда, ұғымдарды жүйелеуде, өзара байланысты түсіндіруде немесе қорытынды т.б.жасауда дәлсіздігі бар. Мұғалімнің қосымша сұрақтары бойынша оңай түзетіледі.

Үш - жауабы дұрыс, оқушы негізінен материалды түсінеді, бірақ ұғымдарды толық түрде айқындай алмайды, өзара байланысты өздігінен түсіндіруге қиналады немесе фактілерді жүйесіз баяндайды, сондай-ақ қажетті көмекші құралды таңдауда, оларды талдауда қателіктер жібереді.

Екі - жауабы дұрыс емес, негізгі нақты материалды білмейтіндігін көрсетеді, ұғымдары айқындауда қателіктер жібереді, оқулықпен, компьютермен жұмыс істей алмайды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б. Информатикадан 30 сабақ., -Алматы., Шартарап, 2000.

  2. Қараев Ж.А., Информатика-7, -Алматы, Жазушы, 2001

  3. Қараев Ж.А., Информатика-8, -Алматы, Жазушы, 2001

  4. Қараев Ж.А., Информатика-9, -Алматы, Жазушы, 2001

  5. Гейн А.Г., и др. Информатика. - М.: Просвещение, 1994.

  6. Гейн А.Г., и др. Основы информатики и высчислительной техники. - М.: Просвещение, 1993

  7. Кушниренко А.Г.и др. Основы информатики и высчислительной техники. - М.: Просвещение, 1990.

© 2010-2022