ІІ - деңгей сабақ жоспары

"Описание материала: ""«Сабақ талдаудың әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы ""коучинг жоспары Жалпы мақсаты: Білім беру ұйымының қызметін жетілдіру және аттестация қорытындысы бойынша жіберілген кемшіліктерді жою, білім беру мақсаттарына жету жолындағы мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ету; практик-әріптестерімен ынтымақтастық және басқа, құзыреттілігі төмендеу мұғалімдерге олардың оқушыларының білімдегі жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмек көрсету, мектеп мұғалімдерінің кә...
Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«26» ақпан 2014ж.

Коучинг сабағының жоспары.

Коучинг сабағының тақырыбы:

«Дарынды және талантты балаларды оқыту»

Жалпы мақсаты:

  • Талантты және дарынды балаларды қалай анықтауға болатынына көмектесу.

  • Талантты және дарынды балаларға қандай жағдай жасауға болатынын бірлесе шешу.

  • Мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға үйрету.

  • Дарынды балалар топта қалай жұмыс істейтінін үйрету.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері:

Талантты және дарынды балаларды анықтай алу. Мұндай балалардың қабілеттерін әрі қарай дамытуға көмектесу.

Негізгі (түйінді) идеялар:

Талантты және дарынды оқушылардың әлеуетін дамыту

Барысы:

І.Әріптестерді қарсы алу

ІІ. Тәттілер арқылы топқа бөлу

ІІІ. 1-тапсырма: Миға шабуыл

"Дарын","Дарындылық" «Қабілет», «Талант» деген ұғымдарға қандай түсінік бере аласыз?

1 - топқа: «Дарын», 2 - топқа: «Қабілет», 3 - топка «Талант»

Топтық жұмыс. (Мұғалімдер өз ойын білдіреді)

2-тапсырма: Олимпиада жеңімпаздары, олимпиадаға қатысушы, зерттеу, ғылыми жоба жұмыстарымен айналысатын оқушыларыңыз бар. Сол оқушыларыңызды естеріңізге түсіріп қағазға жазуларыңыз сұралады. Неліктен сіз осы оқушыларды таңдап отырсыз? Қандай қасиеттеріне қарап таңдап отырсыз? (Жеке жұмыс. )

3-тапсырма:Дарындылық туралы екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Сіздің ойыңыз...

1.Балалардың барлығы да дарынды болады...

2.Дарынды балалар сирек кездеседі...

(Топтық жұмыс. Өз ойларын флипчартқа түсіру.)

IV. Бейнефильмдер топтамасы

1.Жaнсaя Aбдумaликовa

2.Еркеш Хaсен

3.Жaмбыл Дүйсенов

4-тапсырма:Сұрaқ: осы көрген бейнежaзбaлaрдaн не aйырмaшылық, не ұқсaстық көріп тұрсыздaр?

Мұғалімдер жауабы.

5. Сергіту кезеңі.

5-тапсырма: Сұрақ- Бейнефильмдегі балалар Дж.Ренцуллидің қай дарындылық моделіне жатады?

Өз оқушыларыңызды Дж.Ренцуллидің қай дарындылық моделіне жатқызар едіңіз?

6- тапсырма: Сіздің ойыңызша Дарынды балалардың бойында қандай ерекшеліктер болу керек? Топпен жұмыс

Бейнеслайд - Дарынды баланың мінез-құлқындағы ерекшеліктер

Ой толғау.

«Менің қиялымдағы дарынды оқушы». Эссе жазу (4-5 сөйлем)

Қорытынды.

Рефлексия

Дереккөздер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық, 50-58 беттер

2.45minut.kz

3. Үлестірмелі материалдар

Құрал - жабдықтар:

АКТ, суреттер, стикер, ватман, түрлі түсті маркерлер

Коучинг жоспары.

Жалпы мақсаты:

  • Оқыту мен оқу үдерісін бірлесіп жақсарту мақсатында Lesson Study тәсілін қолдану.

  • Білім беруді ақпараттандыру және оқу үдерісінде жаңа ақпараттық технологияның құралдарын қолдану

  • Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер арқылы ХХІ ғасыр мұғалімінің өзгеру қажеттілігін мойындауға жетелеу

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері:

Мұғалімдер:

Өзгеру қажет екендігін мойындауға жетелейді; ХХІ ғасырда мұғалім сабақ беруде жаңа тәсілдер қолдану керектігін, қалай қолданатынын түсінеді. Топтық жұмысты жүргізу әдісін жетілдіру

Барысы:

Ынтымақтастық атмосферасын құру

Сандар арқылы топқа бөлу.

І. Сергіту сәті

ІІ. Бейнефильм L3W4D2_Видеоклип «Lesson study күші»

III.LessonStudy тәсілі

IV.Ақпараттандыру және оқу үдерісінде жаңа ақпараттық технологияның құралдары.

V. Оқужәнеынталандыру» таныстырылымы

1-тапсырма

Оқушылар сипаттамаларымен танысып, рөлдік ойын арқылы көрсету

Деңгейлік курстарда оқып жүрген және оқып бітірген мұғалімдер оқытудағы жаңа әдіс тәсілдер туралы айтып, тәжірибелерімен алмасады.

Қорытынды. Рефлексия

Рефлексия жазу.

1. Мен бүгін не үйрендім, не түсіндім?

2. Оны тәжірибемде қалай қолданамын?

3.Ұсыныс

Дереккөздер:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Интернет материалдары

Бейнефильмдер

Құрал - жабдықтар:

А-4 парақтары, стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер





«Сабақ талдаудың әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы

коучинг жоспары

Жалпы мақсаты:

Білім беру ұйымының қызметін жетілдіру және аттестация қорытындысы бойынша жіберілген кемшіліктерді жою, білім беру мақсаттарына жету жолындағы мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ету;

практик-әріптестерімен ынтымақтастық және басқа, құзыреттілігі төмендеу мұғалімдерге олардың оқушыларының білімдегі жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмек көрсету,

мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығының

қарқынды жұмыс істеуіне ықпал ету,

оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер арқылы ХХІ ғасыр мұғалімінің өзгеру қажеттілігін мойындауға жетелеу

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері:

Мұғалімдер: оқыту мен оқудағы тиімді тәсілдерді, жеке тұлғаға бағытталған оқытуға және барлық оқушыларға өз әлеуеттерін көрсетуге мүмкіндік беретін мінез- құлықты басқару стратегияларын пайдалануды үйренеді;оқыту тәжірибесін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс жетілдіру;мұғалімдер сын тұрғысынан ойлаудың маңызын түсінеді, сын тұрғысынан ойлауды тәжірибеге енгізу.Топтық жұмысты жүргізу әдісін жетілдіру.

Барысы:

Ынтымақтастық атмосферасын құру, кәсіби қарым-қатынас орнату

Сурет қиындыларын құруарқылы топқа бөлу.

І. Сергіту сәті

ІІ.Тәжірибені түрлендіру. Қуатты педагогикалық құралдар: Сын тұрғысынан ойлау. Презентация

III.Сабақты талдау жұмысын жетілдіру

Бейнефильм L2W1D2НИШ Астана

Топтық жұмыс (көрген сабақты талдау схемасының үлгісі бойынша талдау: комплекстік, мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетін талдау,педагогикалық қарым-қатынас негізінде сабақты талдау,авторлық сабақты талдау)

IV.Бейнефильм. Короткий мультфильм, показывающий силу единства

Деңгейлік курстарда оқып жүрген және оқып бітірген мұғалімдер оқытудағы жаңа әдіс тәсілдер туралы айтып, тәжірибелерімен алмасады.

Қорытынды. Рефлексия

Рефлексия жазу.

Екі тілек, бір ұсыныс

Дереккөздер:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Интернет материалдары

Бейнефильмдер

Құрал - жабдықтар:

Мұғалімдерге қөмекші құрал ретінде жинақталған сабақ талдаудың әдіс-тәсілдері жинағы - жаднама тарату,

А-4 парақтары, стикер, интерактивті тақта, флипчарт, маркер



Дайындаған: Үстірт орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі К.Ж.Мақсымбай





































© 2010-2022