• Преподавателю
  • Химия
  • Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдер

Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдерСыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдерСыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Екі шындық бір өтірік» шаттық шеңбері. Мұнда оқушылар шеңбер бойымен өздерінің екі шындығын және бір өтірігін айтып шығады. Бұл әдістің тиімділігі оқушылар сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар жүйелі ойлап, нақты айтуға тырысады.

«Сымсыз телефон» шаттық шеңбері. Бұл әдісте мұғалім өзінің сол жағында тұрған оқушының құлағына ешкім естімейтіндей сөйлем айтады. Мысалы бүгінгі тақырыптың аты болсын немесе тағы басқа да ойдан құрастырылған сөйлем. Осыны әрі қарай оқушы естігенін келесі оқушыға сыбырлап айтады, солай әрі қарай жалғасады. Шеңбер аяғында міндетті түрде басында мұғалім айтқан сөйлем басқалай шығады. Бұл әдіс оқушылардың қабылдау қабілеттерін тексеру үшінде қолданылады.

«Жүректен жүрекке» шаттық шеңбері. Мұғалім өзінің сол жағында тұрған оқушыға шын жүрегінен ыстық ықылас білдіреді де қолындағы жүректі сол оқушыға береді. Әрі қарай сол оқушы өзіннен кейінгі тұрған оқушыға ықыласын білдіріп жүрегін ұсынады. Дәл солай шеңбер бойымен шалғасады. Бұл әдістің тиімділігі оқушылар сабақта жақсы көңіл күймен отыру үшін қолданылады. Әр бір адам өзіне жылу лебіз сөздер естісе жақсы әсерде болады.

«Уәде беремін!» шаттық шеңбері. Бұл шаттық шеңбері мұғалімнен бастап өз уәдесін айнаға қарап айтады да аяғында уәде беремін дейді. Дәл солай шеңбер бойымен оқушылар өздеріне уәделерін айтып өтеді. Мысалы мұғалімнің уәдесі: «Мен бүгнгі сабақта жақсы ат салысып қатысқан оқушыны міндетті түрде марапаттауға уәде беремін» деген сияқты. Бұл әдіс оқушыларды өз бойына міндет алуға үйретеді. Және сол міндетті орындауға тырысады.

«Біз қандаймыз?» шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберге тұрғанда сыныпта баяу әуен ойнап тұрады. Осында мұғалім «Балалар біз қандаймыз?»-дегенде, шеңбер бойымен оқушылар қандай екенін айтып өтеді. (ұйымшылмыз, мықтымыз, білімдіміз, кішіпейілміз, т.с.с.) бұл әдіс оқушылардың сабақ бойы көңілдері көтеріңкі отыру үшін де қолданылады. Сол айтқандарына жетуге тырысады.

© 2010-2022