- Преподавателю
- Химия
- Негіздердің химиялық қасиеттері тақырыбына сабақ
Негіздердің химиялық қасиеттері тақырыбына сабақ
| Раздел | Химия |
| Класс | - |
| Тип | Конспекты |
| Автор | Бекдәулетова А.Қ. |
| Дата | 14.12.2015 |
| Формат | docx |
| Изображения | Нет |
Сабақтың тақырыбы: Негіздердің химиялық қасиеттері, олардың қолданылуы
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларға негіздердің химиялық қасиеттері туралы түсінік беру.
2. Тәрбиелік: Оқушылардың тұлғалық қалыптасуын дайындау арқылы негіздердің өмірде, тұрмыста қолданылуын білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашы- лық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, есептер шығару
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй тапсырмасын сұрау
3.Жаңа сабақты түсіндіру
4.Жаңа сабақты бекіту
5.Үй тапсырмасын беру
6. Қорытынды жасау,бағалау
1.Ұйымдастыру бөлімі.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме?
Оқушылар: Сәлеметсіз бе?
Мұғалім: Оқушылар,қазір химия сабағы,оқу құралдарыңызды аламыз.Бүгін сыныпта кім кезекші?
Оқушы: Мен.
Мұғалім: Бүгін сабақта кім жоқ?
Оқушы: Бүгін сыныпта түгелміз.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
М: Оқушылар үйге қандай тапсырма берілді?
О:
М: Үй тапсырмасын кім айтады? (2,3 оқушыдан ғана сабақ сұраймын)
М: 1.Негіздерге сипаттама беріңдер.
2. Судағы ерігіштігіне қарай негіздер қалай жіктеледі?
3.Жаңа сабақты түсіндіру.
1)Негіздердің қышқылдармен әрекеттесуі.
Na OH+H Cl=Na Cl+H2O
натрий тұз натрий су
гидроксиді қышқыл хлориді
негіз+қышқыл=тұз+су
Cu(OH)2+2H Cl=Cu Cl2+2H2O
Тұз және су жүретін қышқыл мен негіз арасындағы реакцияны бейтараптану реакциясы деп атайды.
Ca(OH)2+2H Cl=Ca Cl2+2H2O
негіз+қышқыл=тұз+су
2)Сілтілердің қышқылдық оксидтермен әрекеттесуі.
Ca(OH)+CO2 =CaCO3+H2O
калций көміртек кальций
гидроксиді (N)оксиді карбонаты
негіз+қышқылдық оксид=тұз+су
3)Сілтілердің тұздармен әрекеттесуі.
2NaOH+CuSO4=Cu(OH)+Na2SO4
Сілті+тұз=ерітілетін негіз+тұз
Cu(OH)2=CuO+H2O
көк түсті қара түсті
мыс (ІІ) гидроксиді мыс (ІІ)оксиді
ерітілетін негіз→оксид+су
Қолданылуы:
NaOH-күйдіргіш натрий,каустикалық сода,сабын өндіруде,жібек,қағаз алуға,бензинді,керосинді және басқа өнімдерін тазартуға қолданылады
KOH -сұйық сабын алу үшін және сілтілік аккумуляторларда пайдаланылады.
Ca(OH)2 - сөндірілген әк құрылыс жұмыстарында қолданылады.
4. Жаңа сабақты бекіту.
3-жаттығу.
а) Ca(OH)2+HCl=Ca Cl2+2H2O
ә) Al(OH)3+3HCl=AlCl3+3H2O
б) 2Cl(OH)3+3H2SO4=Fe2(SO4)3+CH2O
4-жаттығу.
а) Cu(OH)2=CuO+H2O
ә) 2Fe(OH)3=Fe2O3+3H2O
б) 2Al(OH)3=Al2O3+3H2O
5. Үйге тапсырмасын беру.
М: Бүгінгі өтілген тақырыпқа дайындалып келеміз және 7,8,9-шы жаттығуларды үйден орындап келеміз.
6. Қорытынды жасау, бағалау.
Сабақ айтып,сұрақтарға жауап беріп,есеп шығарған оқушылар түгелдей бағаланады.
М: Сабақ аяқталды,сау болыңыздар!
О: Сау болыңыз.
