- Преподавателю
- Химия
- Көміртегі және оның қосылыстары9 сынып
Көміртегі және оның қосылыстары9 сынып
Раздел | Химия |
Класс | - |
Тип | Научные работы |
Автор | Қалдымұратова Г.Қ. |
Дата | 21.01.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
Бекітемін:
Күні _____ Сыныбы: 9 г
Сабақтың тақырыбы. Көміртек және оның қосылыстары
Сабақтың мақсаты.
а) білімділік: Оқушыларға көміртек және оның қосылыстары: көміртек оксиді, тұздары, көмір қышқылы жайлы жүйелі білім беру.
б) дамытушылық: Көміртек элементі түзетін жай заттар жөніндегі түсініктерін кеңейту.
в) тәрбиелік: Оқушылардың дүниеге ғылыми - материалистік көзқарастарын тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: саралап кешенді талдау.
Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе кестесі. Химиялық реактивтер мен приборлар.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру
ІІ. Кім көп біледі? (үй тапсырмасын сұрау бойынша өткен тақырыпты қайталау, сұрақ - жауап)
-
Кремнийдің химиялық таңбасы....
-
Реттік нөмірі .....
-
Салыстырмалы атомдық массасы....
-
Периодтық жүйедегі орны.....
-
Кремний табиғатта қандай түрінде кездеседі?
-
Кремнийдің қандай оттекті қосылысын білесің, формуласы?
-
Кремний қышқылы неше негізді, оның тұздары қалай аталады? Химиялық формуласы......
ІІІ Жаңа сабақ.
І. Периодтық жүйедегі орны.
-
Химиялық таңбасы - С
-
Реттік нөмірі - 6
-
Салыстырмалы атомдық массасы - 12
-
Период нөмірі - ІІ
-
Топ нөмірі - ІV
ІІ. Атом құрылысы
-
Ядро заряды - +6
-
Электрон саны - 6
-
Протон саны - 6
-
Нейтрон саны - 6
-
Электрондық қабат саны - 2
-
Валенттілігі - II, IV.
-
Электрондық формуласы - 1s2 2s2 2p2
-
Тотығу дәрежелері - 0,-4, +2,-4
-
Cыртқы қабаттағы электрон саны -4
ІІІ. Табиғатта таралуы
Алмаз Графит Карбин
IV. Физикалық қасиеттері.
V. Химиялық қасиеттері. Жай заттармен әрекеттесуі:
1. Жану реакциясы: 2C + O2 = 2CO C + O2 = CO2
2. Хлормен әрекеттесуі: C + 2Cl2 = CCl4 төрт хлорлы көміртек
3. Металдармен әрекеттесіп карбидтер түзеді: 2C + Ca = CaC2
4. Күкіртпен күкіртті көміртек түзеді: C + 2S = CS2
5. Сутекпен әрекеттескенде метан түзіледі: C + 2H2 = CH4 метан
Күрделі заттармен әрекеттесуі.
-
Сумен әрекеттескенде сутек газы бөлінеді:
C + H2O = CO = H2 cутек газы
-
Концентрлі күкірт және азот қышқылдарымен әрекеттескенде тотығады: C + 4HNO3(конц) = CO2 + 4NO2 + 2H2O
C + 2H2SO4(конц) = CO2 + 2SO2 + 2H2O
VI. Көміртектің сутекті және оттекті қосылыстары.
Метан - СН4 иіссіз, түссіз газ. Ол шалшық немесе кеніш газы деп
аталады. Суда ерімейтін, ауадан жеңіл газ. D(ауа) = 0,55
Н
Метанның құрылымдық формуласы: Н - C - H СН4
Н
СО көміртек (ІІ) оксиді - түссіз, иіссіз, улы газ. Суда нашар ериді, басқа
заттармен реакцияға түспейді. Оны иіс газы деп те атайды. Отын шала
жанғанда бөлінген иіс газымен адам дем алса, уланады. Ауада көгілдір
жалынмен жанатын газ . 2СО + O2 = 2CO2
СО тұз түзбейтін, бейтарап оксид, көбінесе жоғары температурада
тотықсыздандырғыш ретінде домна пешінде, органикалық синтезде
қолданылады. Қыздырғанда металл оксидтерінен металды
тотықсыздандырады. CuO + CO = Cu + CO2
SiO2 + 2CO = Si + 2CO2
CO2 көміртек (ІV) оксиді -түссіз, иіссіз, ауадан ауыр, жануды қолдамайтын,
жануарлар мен адамдардың тыныс алуы нәтижесінде бөлінетін газ. Ауадан
ауыр болғандықтан жертөлелерде, шұңқырларда, шахталарда, құдықтарда
жиналып қалады. Сол жерлерде жүргенде сақтану ережелері қолданады.
Ауадағы мөлшері -0.03%. Жоғары қысымда сұйылады, ал өте төменгі
температурада қар сияқты массаға айналады. Оны «құрғақ мұз» деп атап,
тоңазытқыш қондырғыларында қолданылады.
СО2 - қышқылдық оксид.
1. Негіздік оксидпен әрекеттесіп тұз түзеді:
СО2 + CaO = CaCO3
-
Негізбен әрекеттесіп тұз бен су түзеді:
2CO2 + Ca(OH)2 = CaCO3↓ + H2O
-
Cумен әрекеттескенде көмір қышқылы түзіледі.
CO2 + H2O = H2CO3
Кальций гидроксиді, ізбес суы, әк сүті көмірқышқыл газына сапалық реакция жасайтын реагент болады.
Ca(OH)2 + CO2 = CaCO3↓ + H2O
Көмір қышқылы - H2CO3 әлсіз, екі негізді, тұрақсыз қышқыл, оңай айырылады.
Алынуы.
1. Көмірқышқыл газын суда ерітіп: CO2 + H2O = H2CO3
2.Тұзынан күшті қышқылмен әсер етіп:
Na2CO3 + 2HCl = 2NaCl+H2CO3
Көмір қышқылы екі түрлі тұз түзеді, олар гидрокарбонаттар (NaHCO3,
Ca(HCO3)2, және карбонаттар деп аталады (CaCO3, MgCO3);
Қолданылуы. NaHCO3 - ас содасы тамақ, шыны өндірісінде және асқазан
ауруларына. LiCO3 - ағзада тұз жиналғанда, сондай -ақ Na2CO3, CaCO3
К2CO3 - өндірісте, құрылыс материалдары ретінде қолданылады.
IV. Сабақты бекіту. Тапсырмалар орындау
Кім шапшаң? (Сәйкестендіру тесті)
-
C + O2 = ... + 402кДж а) СН4
-
2C + O2 = ә) CO2
-
C + CuO = б) CaC2
-
C + 2H2 = в) 2CO
-
2C + Ca = г) Al4C3
-
3C + 4Al = ғ) CO + Cu
-
2CO + O2 = .... + 577кДж д) Cu + CO2
-
CO + CuO = .... + ж) H2CO3
-
CO2 + H2CO3 = ... + ... з) 2CO2
-
CO2 + 2NaOH = ... + ... и) Na2CO3 + H2
-
CO2 + CaO = ... к) CaCO3 + H
-
CO2 + Ca(OH)2 = .... л) CaCO3
Жауабы: ( 1-ә, 2-в, 3-ғ, 4-а, 5-б, 6-г,7-з, 8-д, 9-ж,10-и, 11-л, 12-к).
Химиялық эстафета. (Жүзеге асыр)
С → СО →СО2 →Na2CO3→ CaCO3 →CaCl2
CO2 → CaCO3 → Ca(HCO3)2 →CaCO3 →CaCl2
Жарқыраған шың. (Есептер шығару)
-
Құрамында 8% қоспасы бар, массасы 300 г сөндірілмеген әктің СаО массасын есептеңдер.
2. 12,8 г мысты тотықсыздандыру үшін мыс(ІІ) оксидімен неше грамм көміртек алуға болады?
V. Сабақты қорытындылау. (Тест бойынша)
1. Көміртектің периодтық жүйедегі орны:
а) ІІІ период, ІV топ, негізгі топша;
ә) ІІ период, V топ, қосымша топша;
б) ІІ период, ІV топ, негізгі топша;
2. Көміртек атомының ядро заряды:
а) 6 ә) 8 б) 4
3. Көміртектің атом құрылысы:
а) 1s22s22p2 ә) 1s22s22p4 б) 1s22s22p63s2
4. Көміртек атомындағы нейтрон саны:
а) 12 ә) 6 б) 4
5. Алмаздың физикалық қасиеттері қандай:
а) өте қатты, электр тогын жақсы өткізеді;
ә) өте қатты, мөлдір, электр тогын өткізеді;
б) жұмсақ, түссіз, электр тогын өткізбейді;
6. Көміртек (ІІ) оксидінің формуласы:
а) СО ә) СО3 б) СО2
7. Графиттің физикалық қасиеті қандай?
а) өте қатты, электр тогын жақсы өткізеді;
ә) морт, сұр түсті металдық жылтыры бар, электр тогын өткізбейді;
б) өте қатты, электр тогын өткізбейді;
8. Алмаз қайда қолданылады:
а) тау жыныстарын бұрғылауға; ә) шыны кесуге; б) бриллиант жасауға
9. Графит қайда қолданылады:
а) электродтар жасауға; ә) қарындаш жасауға;
б) майлағыш материалдар алуға;
10. Көміртек (ІV) оксидінің формуласы:
а) СО2 ә) СО4 б) СО
Жадыңда жүрсін! Есіңде сақта!
-
Массасы 1г активтелген көмірдің ауданы 800 м2, сондықтан оның сіңіргіштік қасиеті өте жоғары болады. Активтелген көмірдің түйіршіктері дәріханаларда сатылады, ол асқорыту жолдарын УЗИ -ге түсірерде немесе реагентпен тексеруде алдын ала дайындық пен спиртті тазарту үшін қолданылады. Бірақ ол иіс газын (СО) сіңірмейді.
-
Иіс газының қауіпті шамасы -2%, ол қанның гемоглобинімен мықтап байланысып алғанда өлім қаупі туады. Аздап уланудың белгілері: қан ашық қызыл түсті болады, бас қатты ауырып, кейде естен танып қалуға да жеткізеді. Иіс газымен уланған адамды дереу таза ауаға шығару керек.
-
Тері аздаған мөлшерде тыныс алуға да қатысады. Адам тәулігіне тері арқылы 7-9 г көмірқышқыл газын бөліп, 3-4 г оттек сіңіреді. Сондықтан теріні таза ұстау керек.
Сен білесің бе? Шолпан ғаламшарының атмосферасы -95% көмірқышқылынан тұрады. Құрғақ мұз бола ма? Иә СО2 78.50 С -да қатты күйге айналады, ол еріген кезде бірден газ күйіне көшеді, осы құбылыс возгонка деп аталады. Біз дем шығарғанда бөлінетін газдың құрамында 4% СО2 бар.
VI. Оқушыларды бағалау.
VIІ. Үйге тапсырма: § 22. 23. Есеп жинағынан есептер шығару.
№ 1 жалпы орта білім беретін мектеп
Сабақтың тақырыбы: Көміртек және оның қосылыстары.
9 г сынып
Өткізген: Химия пәнінің мұғалімі Қалдымұратова Гүлназ
2013 жыл.