Урок по химии на тему: Аминдер

I. Сабақтың тақырыбы:   § 27. Аминдер.      Сабақтың мақсаты: 1.     Білімділік: Оқушыларға азотты органикалық қосылыстардың алғашқы өнімі ретінде аминдер туралы түсінік беру. 2.     Дамытушылық: Молекуладағы атомдардың өзара әсерлесуін анилин мысалында тағы да қайталап, тереңдете түсуі. 3.     Тәрбиелік: Аминдердің алынуына, электрондық құрылысына, негізделе халық шаруашылығындағы маңызына тоқталу.          Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.           Сабақтың әдісі: Лекция , түсініктемелік конспект жа...     Біріншілік R-NH2   Екіншілік R2                                     NH                        R2     Үшіншілік R1 – N – R2                                                                                   R3                   CH3 – NH2                                         C H3                                                                   СН3 – N – CH3                 метиламин                                                   NH                                                                    C2H5                                         C2 H5                                                             метилэтиламин                            диметилэтиламин     -         NH2 тобы – амин то...      1.Көміртек тізбегі изомериясы.    H3C  H3C     C – NH2  H3C    H3C – CH – CH2 – CH3                                     NH2     H3C – CH2 – CH2 – CH2 – NH2     2.Амин тобының орналасуы бойынша біріншілік, екіншілік, үшіншілік деп бөлінеді.   CH3 – H2C – N – CH2 – CH3                                                 H                 CH3 – N – C2H5                 CH3                                                       C4H11N                                         Физикалық қасиеттері: Аминдерлің жеңіл өкілдері – газ тәрізді, аммиактың иісіндей иісі бар заттар.Суда жақсы ериді. Ал молекулалық массалары ауыр өкілдері сұйық немесе қатты күйде болады. Молекулалық массаларының артуымен бірге суда ерігіштіктері кемиді.  Химиялық қасиеттері: Көптеген химялық қасиеттері аммиакқа ұқсайды. 1.     Ауада жануы:                 4CH3 – NH2 + 9O2Ò4CO2 + 10 H2O + 2N2 2....
Раздел Химия
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Солтүстік қазақстан облысы

Уалиханов ауданы

Қайрат орта мектебінің

Химия және биология пән мұғалімі

Шарипов Еділ Сансызбайұлы

I. Сабақтың тақырыбы: § 27. Аминдер.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға азотты органикалық қосылыстардың алғашқы өнімі ретінде аминдер туралы түсінік беру.

2. Дамытушылық: Молекуладағы атомдардың өзара әсерлесуін анилин мысалында тағы да қайталап, тереңдете түсуі.

3. Тәрбиелік: Аминдердің алынуына, электрондық құрылысына, негізделе халық шаруашылығындағы маңызына тоқталу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Лекция , түсініктемелік конспект жазу.

Пәнаралық, сабақаралық байланыс: физика

Сабақтың жабдығы: 1. Қ.Н. Сақариянова, М.Б. Усманова, Б.Н. Сахариева, Р.С. Рақышева.«Химия», оқыту әдістемесі; Алматы «Атамұра» 2005 жыл. 2. Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова «Химия» (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Алматы «Мектеп» 2007 жыл.

II. Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

1. Үй тапсырмасын сұрау: 1.Целлюлоза мен крахмалдың арасында қандай айырмашылықтар бар?

2. Целлюлозаның қасиеттерін айтып беріңіздер.

3. Целлюлоза қайда қолданылады?

4. Көмірсулардың адам тіршілігіндегі маңызы қандай?

III. Жаңа сабақ: Аминдер дегеніміз- аммиак (NH3) молекуласындағы бір,екі немесе үш сутек атомдарының орнын көмірсутек радикалдары басқан өнімдер.

Аминдер аммиак (NH3) молекуласындағы сутек атомдарының орнын басқан радикалдарының санына қарай үш топқа бөлінеді:

Біріншілік

R-NH2

Екіншілік

R2

NH

R2

Үшіншілік

R1 - N - R2

R3

CH3 - NH2 C H3 СН3 - N - CH3

метиламин NH

C2H5 C2 H5

метилэтиламин диметилэтиламин

- NH2 тобы - амин тобы деп аталады. Аминдерді аммиак туындысы ретінде немесе көмірсутек туындысы ретінде қарастыруға болады.

Мысалы,

СН -NH2 метиламин немесе аминометан

СН3 - СН - СН3

NH2

Изопропиламин немесе 2- аминопропан

Изомериясы: Аминдерде тізбек және радикалдың орналасу изомериясы болады.

1.Көміртек тізбегі изомериясы.

H3C

H3C C - NH2

H3C

H3C - CH - CH2 - CH3

NH2

H3C - CH2 - CH2 - CH2 - NH2

2.Амин тобының орналасуы бойынша

біріншілік, екіншілік, үшіншілік

деп бөлінеді.

CH3 - H2C - N - CH2 - CH3

H

CH3 - N - C2H5

CH3

C4H11N

Физикалық қасиеттері: Аминдерлің жеңіл өкілдері - газ тәрізді, аммиактың иісіндей иісі бар заттар.Суда жақсы ериді. Ал молекулалық массалары ауыр өкілдері сұйық немесе қатты күйде болады. Молекулалық массаларының артуымен бірге суда ерігіштіктері кемиді.

Химиялық қасиеттері: Көптеген химялық қасиеттері аммиакқа ұқсайды.

1. Ауада жануы:

4CH3 - NH2 + 9O2Ò4CO2 + 10 H2O + 2N2

2. Суда ерігенде ерітіндісіне лакмус тамызсақ, сілтіге тән реакцияны көрсетеді. Демек, аммоний гидроксиді тәрізді орынбасқан метил аммоний гидроксиді түзілетінін көреміз.

Н H +

. .

СН3 - N : + Н+ ОН- ¦ СН3 - N - H OH -

. .

Н

H

CH3 - NH2 + H2O ¦ [ CH3NH3] +OH-

метиламин метиламмоний

гидрооксиді

3. Қышқылдармен әректтесіп, тұз түзеді (бейтараптану реакциясы).

CH3NH2 + HCl ¦ [CH3NH3]+ Cl -

Сондықтан аминдерді органикалық негіздер деп атайды.

IV. Сабақты бекіту:

Үйге тапсырма беру:

1. § 27. Аминдер. 127-128 беттер;

2. Аминдер деп қандай заттарды айтамыз ?

Аминдердің суда еруін және қышқылдармен әректтесуін қалай түсіндіруге болады ? Мысал келтіріңіздер.

3. Пәнге белсене қатысып сұрақтарға тиісті жауап бергені үшін, үй тапсырмасын дәптерге жазбаша орындап және сыныпта айтқаны үшін бағалап сынып журналына, оқушы күнделігіне қою.

V. Қорытындылау: Аммиак молекуласындағы сутек атомдарының орнын көмірсутек радикалдары басқан өнімдерді аминдер деп атайды. Олар: біріншілік, екіншілік, және үшіншілік болып жіктеледі.

Қайрат орта мектебі

Тақырыбы:

Химия пәні

Өткізген: Шарипов Е.С.



© 2010-2022