• Преподавателю
  • Химия
  • Қысқа мерзімді жоспар: Электролиттік диссоциациялану тұрғысынан қышқылдардың химиялық қасиеттері

Қысқа мерзімді жоспар: Электролиттік диссоциациялану тұрғысынан қышқылдардың химиялық қасиеттері

Пән мұғалімі: Тауекелова С.Р. Күні: 09.10.2013 Уақыты: Сыныбы: 9 «А»        Пәні: Химия Тақырыбы: Электролиттік диссоциациялану тұрғысынан қышқылдардың химиялық қасиеттері Мақсаты:  электролиттік диссоциация тұрғысынан қышқылдардың химиялық қасиеттерін тереңдету және иондық реакция теңдеуін құру дағдысын жетілдіру Міндеттері: - қышқылдардың оксидтермен, негіздермен және ерімтал тұздармен әрекеттесу реакцияларының  толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазу  дағдысын қалыптастыру; - қышқ...
Раздел Химия
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1/11 сабақ жоспары

Пән мұғалімі: Тауекелова С.Р.

Күні: 09.10.2013

Уақыты:

Сыныбы: 9 «А»

Пәні: Химия

Тақырыбы: Электролиттік диссоциациялану тұрғысынан қышқылдардың химиялық қасиеттері

Мақсаты: электролиттік диссоциация тұрғысынан қышқылдардың химиялық қасиеттерін тереңдету және иондық реакция теңдеуін құру дағдысын жетілдіру

Міндеттері:

- қышқылдардың оксидтермен, негіздермен және ерімтал тұздармен әрекеттесу реакцияларының толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазу дағдысын қалыптастыру;

- қышқылдар жөнінде нақты химиялық білім қалыптастыру және оны өмірде қолдана білу;

- алған білімді талдау, жинақтау, салыстыру бойынша логикалық ойларын дамыту

Қолданылған модульдер: « Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқытуды басқару және көшбасшылық»

Әдіс-тәсілдер: «Ыстық алақан», «Алтын ереже», «Миға шабуыл», «Кластер», «Жигсо», «Қосу, алу, қызықты», «Даналық ағашы»

Уақыты

Жоспар мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар:

10 минут













І. Кіріспе

Психологиялық ахуал

«Ыстық алақан» Мақсаты: сыныпта жағымды қарым-қатынас орнату

Топқа бөлу.

Мақсаты: ынтымақтастық қарым-қатынас орнату

Оқушылармен сәдемдесіп, көңіл-күйлерін сұрап, біріне-бірі лебіздерін «ыстық алақан» арқылы жеткізулерін сұраймын

Оқушыларды үлестірме қағаздар арқылы үш топқа бөлемін.

І-топ: Электролиттер

ІІ-топ: Бейэлектролиттер

ІІІ-топ: Иондар

Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді..

Оқушылар топ аттары жазылған үлестірме қағаздарды алып, 3 топқа бөлінеді.

Оқушылар өз ұсыныстарын білдіреді, бір-бірінің пікіріне сыйластықпен қарайды, «Алтын ереже» құрады.

Ауызша: «Жақсы»



АКТ

«Алтын ереже», Үлестірме қағаздар,

Маркерлер, интерактивті тақта

8 минут








ІІ. Тұсаукесер

«Миға шабуыл»

Мақсаты: ой қозғау

Интерактивті тақтадан қышқылдар тураллы бейнеролик көрсетіледі.

Мұғалім: Электролиттік теория тұрғысынан қышқылдарға қандай анықтама берер едіңдер?

Оқушылар бейнероликті көріп болған соң әр топтың идеялары тыңдалады.

Ауызша бағалау:

«Жарайсыңдар!»

АКТ(компьютер)



Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

Оқушылар сабаққа өз мақсаттарын қояды.

АКТ

20 минут

ІІІ. Негізгі бөлім «Кластер» стратегиясы

Мақсаты: оқушыларды сыни ойлауға баулу, ынтымақтастық қарым-қатынас орнату

«Жигсо-1»

Мақсаты: бірлескен оқу ортасында оқушылардың белсенділігін бақылау

А) Оқушыларға флипчартқа қышқылдар туралы ойларын кластер арқылы топтастыру жөнінде тапсырма беріледі.

Әр топ оқушыларына 1,2,3,4 нөмір беріп «жұмыс тобына» отырғызылады. Мәтінді тиісінше 4 бөлікке бөліп оқушыларға таратылады.


Оқушылар өз ойларын айтып, одан соң қышқылдар сөзін шеңберге алып, ойларын топтастырады.

1-лер І топ

2-лер ІІ топ

3-тер ІІІ топ

4-тер IV топқа отырады.

Жұмыс тобындағы оқыған мәтінді үй тобына келіп, өз бөліктері бойынша жалпы талқылауға салады, шешім табу үшін топқа сұрақ қояды.

Түсті стакандар арқылы топтарды бағалау

Бағалау:

«Қосу, алу, қызықты»

Үлестірме материалдары, реактивтер, лакмус қағазы, флипчарт, маркер.

5 минут

ІV. Қорытынды

Рефлексия: «Қосу, алу, қызықты»

Мақсаты:

Оқушыларға рефлексия жасату

Мұғалім өз пікірін қосады.

Әр топ тан оқушылар өз ойларын айтып, пікірлерін ортаға салады

2 минут

«Даналық ағашы»

Мақсаты:

Оқушылар «Даналық ағашына»

өз деңгейлерін көрсетеді.

«Даналық ағашы» кестесі


© 2010-2022