Разработка урока по химии на тему Физикалық және химиялық құбылыстар

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Құрметті: «Химия мектепте» редакциясы

Сіздерді жаңа 2016 жылмен құттықтаймыз! Сіздердің атқарып жатқан қажырлы еңбектеріңізге алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілейміз. Біз сіздердің тұрақты оқырмандарымыз. Сүйікті журналымыздың әр санын асыға күтеміз. Әр сабағымызға қажетті материалдарды осы көмекші құралымызға айналған журнал беттерінен таба аламыз. Осы мақаламыз сүйікті журналымыздың бетіне жарияланады деген сенімдеміз.

Игі тілекпен: Баймолдина Айжан

Баймолдина Жанар













Баймолдина Айжан Қостанай қаласындағы Ғ.Қайырбеков атындағы № 9 орта мектебінің хмия пәні мұғалімі

Баймолдина Жанар Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебінің химия пәні мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: Физикалық және химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялардың белгілері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Химиялық құбылыстың физикалық құбылыстан айырмашылығын тәжірибе арқылы дәлелдей отырып, химиялық реакцияның алуан түрлілігімен танысу;

Химиялық реакцияның басталуы мен жүру барысының жағдайын және химиялық реакцияның негізгі белгілерін бақылай отырып, химиялық реакцияның не екенін түсіну; Құбылыстардың айырмашылығы мен ұқсастығын айыра отырып, пайдалану жолдарын білу

Дамытушылық: байқау, ойлаутанымдық қабілеттерін дамыту, тәжірибені істей отырып, қорытынды шығара білуге үйрету.

Тәрбиелік: шағын топтарда жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері: Физикалық және химиялық құбылыстарды ажырата алады. Химиялық құбылыстың химиялық реакция екенін түсінеді.

Айналада, тұрмыста болып жатқан құбылыстарды түсінеді.

Сабақтың барысы

І.Өткен тақырыптарды қайталау және бекіту

Ой қозғау. Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады.

ІІ. Сабақтың негізгі бөлімі

Қызығушылықты ояту (көрнекілік символдар)

Тақтадан 3 топқа жыл мезгілдерін бейнелейтін суреттер көрсетіледі.Мына суреттерде не байқап отырсыңдар?

Осы суреттерге қарап табиғатта болатын өзгерістерді (құбылыстарды) әңгімелеп береді. Бүгінгі тақырыптың физикалық және химиялық құбылыстар екені айтылады.

Оқушылардың өз ойларын айту. Сол бойынша тақырыпты шығару.

Физикалық және химиялық құбылыстарды көрсететін тәжірибелерді жасап, өзара салыстыру арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады. Бұл үшін оқушылар қантты еріту, борды ұнтақтау, парафинді балқыту тәжірибелерін жасайды. Тәжірибе нәтижесінде оқушылар заттың қасиетін өзгермегенін, жаңа зат түзілмегенін көріп қорытындылайды.

Тәжірибе.Қанттың еруі.

Қантты суда ерітіңдер. Қант қандай өзгеріске ұшырағанын бақылаңдар. Өз бақылауыңды дәптеріне жаз. Бұл қандай құбылысқа жатады? Қант өз дәмін жоғалта ма?

Бақылау.Қант_______________________________________________________________________

Қорытынды. Бұл ___________________құбылыс

Тәжірибе. Парафиннің балқуы.

Отбақырашқа парафиннің кішкене кесегін салып қыздырыңдар. Қандай өзгeріс байқалды? Байқағандарыңды дәптерлеріне жазыңдар.Бұл қандай құбылыс?

Бақылау. Парафинді қыздырғанда _________________________________.

Қорытынды: Бұл _________құбылыс.

Осы тәжірибелерді көрсеткеннен кейін мұғалім физикалық құбылыстың маңызына тоқталады. Жоғарыдағы құбылыстарда қант, парафиннің дене ретіндегі агрегаттық күйі ғана өзгеріске ұшырайды, ал зат ретіндегі табиғаты ешбір өзгеріссіз қалады.

Ал әрі қарай оқушыларға тағы да бірнеше тәжірибе жүргізу ұсынылады. Магнийді жағу, мыс пластикасын күйдіру,ас содасы мен сірке қышқылын әрекеттесу тәжірибесі жүргізіледі. Оқушылар жаңа заттардың түзілуіне назар аударады.

Тәжірибе. «Заттардың әрекеттесуі».

Ас содасына сірке қышқылын қосыңдар. Не байқадыңдар? Өз бақылағаныңды дәптеріне жаз.Бұл қандай құбылыс?

Бақылау. Ас содасына сірке қышқылын қосқанда______________

_________________________________

Қорытынды.Бұл __________құбылыс

Сонымен құбылыстар екіге бөлінеді - физикалық және химиялық деген қорытынды жасалады. Оқушыларды оқулықпен жұмыс істеуге және оқулықтан анықтаманы таба білуді дағдыландыру үшін оқулықтан физикалық және химиялық құбылыстардың анықтамасын табуды тапсыру керек. Химиялық құбылыстың химиялық реакция деп аталатындығын, химиялық реакциялардын өз белгілері бола- тындығы айтылып, әр түрлі белгілері бар реакциялар жасап көрсетіледі: ерітінділерде тұнба түзілу.

( мысалы, BaSO4 ,AgCl,т.б) газ бөліну( O2,CO2, т.б.), жылу мен жарық бөліну химиялық құбылыс екендігі түсіндіріледі. Оқушылардың назарын ең басты қорытындыға аудару керек: химиялық реакцияның ең негізгі белгісі жаңа заттардың түзілуі.Содан соң реакцияның жүру жағдайлары қарастырылып, топтар бойынша мұғалім бірнеше тәжірибе жүргізуге болады.

Тәжірибе 1.«Вулкан» тәжірибесі

Аммоний бихроматының айырылуы.

Разработка урока по химии на тему Физикалық және химиялық құбылыстарРазработка урока по химии на тему Физикалық және химиялық құбылыстарРазработка урока по химии на тему Физикалық және химиялық құбылыстар

Оқушылар бұл химиялық құбылыс екенін қорытындылайды, себебі, жылу және жарық бөлініп, түс өзгереді.

Тәжірибе 2. Калий перманганатының ыдырауы.

Разработка урока по химии на тему Физикалық және химиялық құбылыстар

Оқушылар тәжірибені химиялық құбылысқа жатқызады, себебі газ бөлінді.

ІІІ.Бекіту. Жаңа материалды бекіту үшін оқушылар төмендегі сұраққа жауап береді және топтар бір -бірінен «Интервью» бойынша сұрақтарына жауаптар алады.

Төменде берілгендерден физикалық және химиялық құбылыстарды кестеге бөліп жаз: темірдің таттануы, майшамның жануы,судың булануы, қағазды кесу, темір мен күкіртті араластыру, жапырақтың шіруі, мұздың еруі.

Физикалық құбылыс

Химиялық құбылыс


Рефлексия

Оқушылардың сабақтан алған әсерлері туралы пікірлерін ортаға салу.



© 2010-2022