Урок Оттегі, химиялық элемент және жай зат

Раздел Химия
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок Оттегі, химиялық элемент және жай затУрок Оттегі, химиялық элемент және жай затУрок Оттегі, химиялық элемент және жай затУрок Оттегі, химиялық элемент және жай затУрок Оттегі, химиялық элемент және жай затУрок Оттегі, химиялық элемент және жай затУрок Оттегі, химиялық элемент және жай затУрок Оттегі, химиялық элемент және жай затСыныбы 8а

Күні пәні химия пән мұғалімі: Ш.Т.Садвакасова

Сабақтың тақырыбы

Оттегі. Химиялық элемент және жай зат. Оттектің қасиеттері, алынуы, қолданылуы.

Жалпы мақсат

Оттектің табиғатта таралуы, тіршілік үшін маңызы, оттектің қасиеттері мен алынуы туралы түсінік беру.

Болжамданған нәтиже

1.»Химиялық элемент» және «жай зат» ұғымдары одан әрі қалыптасады 2.Химиялық реакциялар жайындағы негізгі химиялық түсініктері одан әрі артады. 3.Оқушылардың химиялық құбылыстар жөніндегі көзқарастары жетіледі. 4.Химиялық теңдеулер, химиялық теңдеулерді теңестіру дағдылары одан әрі қалыптасады.

Туындаған идея

Оттек ауаның негізгі құрам бөлігі екенін, оның қасиеттері мен алыну әдістерін біледі және оны іс жүзінде пайдалана алады, тірі ағзалар үшін маңызын көрсетіп айта алады.

Тапсырмалар

І.Ұйымдастыру (түгендеу, сыныпта психологиялық ахуал тудыру, стикер түсі бойынша топқа бөлу). ІІ.Өткенді қайталау: «Бастапқы химиялық ұғымдар» тарауы бойынша қайталау. Топтарға. 1. тапсырма. Химиялық элементтердің таңбаларын жазып, латынша таауын атаңдар кремний мырыш темір сынап мыс азот алтын қорғасын күміс 2.тапсырма Берілген қосылыстардың валенттік бойынша формулаларын жазыңдар: КСІ РН HS BaO CaO PO AIO FeS MnO KP PCI NaO 3.тапсырма: Реакция теңдеулерін аяқтап, коэффиценттерін қойып, теңестіріңдер, типін аяқтаңдар: Fe + S = Mg + O2 = Ca + O2 = H2 + CI2 = CuO + H2SO4 = KOH + HCI = CaCO3 = Fe + CuSO4 = Fe(OH)3 = ІІІ.Жаңа сабақ: Мағынаны ашу. А)(Жұмбақ шешу). Иісі де жоқ, дәмі де жоқ, ұсталмайды, Ол болмаса, тіршілік те жоқ, өмір де жоқ. Ол болмаса, отын да тұтанбайды, Қалады қарауытып көмір боп шоқ. (Оттегі) Ә) Жаңа тақырып бойынша тірек - схема құру.

Жалпы сипаттама табиғатта таралуы физ. қас-і

Химиялық элемент ---------- Оттек -------------- жай зат маңызы

Пер. ж-гі орны хим. қас-і алынуы қолд-уы Б)Тірек-схема бойынша оқулықпен жұмыс. Топтарға тапсырма: І топқа:Оттекке жалпы сипаттама және табиғатта таралуы, маңызы. ІІ топқа : Оттектің физикалық, химиялық қасиеттері ІІІ топқа: Оттекті алу әдістері, қолданылуы Зертх. Жұмыс №4 Осы сұрақтар айналасында постер құру, қорғау

ІҮ.Бекіту: А) терминдермен жұмыс. Жұптық жұмыс. Өршіткі (катализатор - грекше қирату, ұсақтау) - химиялық реакция жылдамдығын тездететін, бірақ реакция соңында жұмсалмай қалатын зат.


KMnO4 - калий перманганаты., тұрмысиа «марганцовка»


Н2О2 - сутек пероксиді, сутектің асқын тотығы КСІО3 - калий хлораты, Бертолле тұзы Термостат - Дьюар ыдысы - сұйық оттекті сақтайтын ыдыс Ә)Химиялық диктант: Оттек - ....................... газ. Ауадан сәл ................, суда .................... ериді. Өнеркәсіпте оттекті ................. сұйылтып бөліп алады, ал зертханада құрамында ............................... заттардан алады.

Б) «Кім тапқыр» Көп нүктенің орнына тиісті заттың формуласын жазып, теңдеуді теңестіріңдер: Н2О2 -------- ........ + О2 ------ Р2О5 ...... + ....... ----- Li2O Zn + O2 ------ Na + ….. ------- Na2O …… + O2 ------ AI2O3

С) «Кім жылдам» Мына өзгерістерді қалай жүзеге асыруға болдаы? 1) С--------- СН4 ---------- СО2 2) S -------- H2S ---------- SO2 3) H2O -------- O2 -------- CaO

Д) Есептер шығару 1) ҚұмдағыSiO2, глюкозадағы С6Н12О6 оттектің массалық үлесі қанша екенін есептеңдер. 2) Массасы 260гр ацетилен С2Н2 толық жанғанда түзілетін көміртек диоксидінің массасын есептеңдер. 3) Массасы 3,2гр оттектің (қ.ж.) көлемін, молекула санын, азот бойынша салыстырмалы тығыздығын есептеңдер.

Ү.Қорытынды «Ой-түйін» 1) «Орман - планета өкпесі не себепті айтылған? 2)Жер бетінде орман азайса не болады? 3) Оттектің адам өміріндегі маңызы қандай?

ҮІ. Бағалау. Сабақтың әр бағыты жазылған бағалау парағы арқылы оқушыларды топ жетекшісі бағалайды.

ҮІІ.Рефлексия. Оқушыларға стикерлер таратылады. Оқушылар сабақ барысында не ұнады, не ұнамады, өз пікірлерін жазады.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:§20-22 оқу, оқулықтағы есептер. Оқушыларға шығармашылық жұмыс: «Өзің менің оттегім, Өмірім сенсіз жоқ менің» .......... тақырыбында эссе жазып келу.

Қолданылған модульдер

Сыни тұрғыдан ойлау, диалогтік оқыту, көшбасшылық, критериалды бағалау, АКТ

дереккөздер

8 сынып оқулығы, жұмыс дәптері, есептер жинағы





© 2010-2022