Сабақтын тақырыбы Карбон қышқылдары

Раздел Химия
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтын тақырыбы Карбон қышқылдары






КАРБОН ҚЫШҚЫЛДАРЫ


Сабақтың тақырыбы: КАРБОН ҚЫШҚЫЛДАРЫ

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік - карбон қышқылдарының құрылысына сүйене отырып, олардың химиялық және физикалық қасиеттерін, реакцияның жүру механизмін түсіндіру, өнеркәсіптік маңызы бар реакцияларға тоқталу.

ә) дамытушылық - карбон қышқылдарының қасиеттерін түсіндіре отырып, алған білімдерін жетілдіру, өзбетінше іздену қабілетін дамыту. Оқушының оқу танымдық іс- әрекетін қалыптастыру, педагогикалық ойлау қабілеттерін дамыту, гинетикалық байланыстарға тапсырмалар орындау арқылы және есептерді шығара отырып білімді тиянақтау.

б) тәрбиелік - оқшылардың ойлау, қорытынды жасау дағдыларын арттыра отырып, оларды адамгершілікке, ұйымшылдықа, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып өтілетін аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: СТО стратегиялар, сұрақ-жауап, есептер мен жаттығулар шығарту, электронды оқулықты пайдалану.

Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, электронды оқулық, сызба нұсқалар, топтамалар, интерактивті тақта, сірке қышқылы, металл, спирт, сода.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі, психологиялық дайындық, «Менің жақсы қасиеттерім» (тренинг)

ІІ. Оқушы білімін жан-жақты тексеру .

«Менен сұрақ, сізден жауап »

  1. Альдегиттер деген не ? жалпы формуласы

  2. Радикалдың табиғатына қарай альдегиттер қалай жіктеледі?

  3. Карбанил тобының құрлысын түсіндір.

  4. Альдегидтерді гидрлегенде қандай өнімдер алынады?

  5. Күміс- айна реакциясын жазып көрсет.

  6. Мына альдегидтің формуласын жаз: 3,3 диметилбутаналь.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

  1. Карбон қышқылының физикалық қасиеттері.

Қанықан карбон қышқылының алғашқы үш мүшесі: құмырсқа, сірке және пропион қышқылдары өткір иісті, сұйық заттар, май қышқылының жағымсыз иісі бар, суданашар ериді, жоғары карбон қышқылдары С10-нан бастап қатты заттар.

Карбон қышқылдардың физикалық қасиеттері.

Формуласы

Атауы

Балқу температурасы

Қайнау температурасы

HCOОН

Құмырсқа қышқылы

8,25

100,7

СН3СООН

Сірке қышқылы

16,75

118,1

СН3СН2-СООН

Пропион қышқылы

-20,8

141,4

Гомолгтық қатарда молекулалық массаларының өсуіне қарай суда ерігіштігі кемиді, қайнау температуралары өседі.


  1. Химиялық қасиеттері

Карбон қышқылдарының химиялық қасиеттері, олардың құрылысына байланысты. Сутегінің қозғалысы болуы спирттермен және фенолмен салыстырғанда бұлардың қышқылдығын арттырады. Дегенмен құмырсқа қышқылынан басқалары әлсіз электролиттер:

RСабақтын тақырыбы Карбон қышқылдары- COOH RCOO - + H +

КСабақтын тақырыбы Карбон қышқылдарыарбон қышқылдары :

аСабақтын тақырыбы Карбон қышқылдары) металдармен: 2СН3СООН+2Na 2CH3COONa + H2

бСабақтын тақырыбы Карбон қышқылдары) негіздермен: СН3СООН + КОН СН3СООК + Н2О

вСабақтын тақырыбы Карбон қышқылдарыСабақтын тақырыбы Карбон қышқылдары) металл оксидтерімен: 2СН3СООН + МgO Mg (CH3 COO)2 + H2O

гСабақтын тақырыбы Карбон қышқылдары) әлсіз қышқылдардың тұздарымен: СН3СООН+ Na2CO3 2СН3СООNa+ Н2О+ CO2

дСабақтын тақырыбы Карбон қышқылдары) спирттермен: СН3СООН+ С2Н5ОН СН3СООС2Н52О

еСабақтын тақырыбы Карбон қышқылдары) галогендермен : СН3СООН+ Сl2 CH2COOH+HCl

әрекеттеседі.

Құмырсқа қышқылы металдарды бояуда, былғары өндірісінде, консервілеу мен спирт өндіруде, органикалық заттарды синтездеуде қолданылады.

Сірке қышқылы былғары өндірісінде, пластмассалар, бояулар, дәрі-дәрмектер, жасанды талшық алу үшін химия өнеркәсібінде қолданылады. Тұздары ауыл шаруашылығының зиянкестерін құрту үшін пайданылады.

IV Білімді тиянақтау.

Тест

  1. Карбон қышқылдарының функционалдық тобы.

А) гидроксил С) карбоксил

В) карбонил Д) амин тобы


  1. Қалақай мен шырша жапырақтарында болатын тілген жерін дуылдатып күйдіретін зат.

А) май қышқылы С) сірке қышқылы

В) лимон қышқылы Д) құмырсқа қышқылы


  1. Карбоксил тобындағы көміртек атомының гибридтену түрі.

А) SP3 C) SP

B) SP2 Д) SPd


  1. Молекуласында 4 көміртек атомы болатын карбон қышқылының салыстырмалы молекулалық массасы.

А) 60 С) 88

В) 74 Д) 102


  1. Пропион қышқылының гомологы

А) сүт қышқылы С) қымыздық қышқылы

В) сірке қышқылы Д) лимон қышқылы


  1. Карбон қышқылдары спирттермен әрекеттескенде түзілетін қосылыстар

А) жай эфирлер С) ангидридтер

В) күрделі эфирлер Д) формальдегиттер

V. Есептер шығару

№ 1. 18 г магний сірке қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін сутектің көлемі (қ.ж)

№2. 0,3 моль сірке қышқылы 10,6 г натрий карбонаты мен әрекеттескенде бөлінетін газдың массасы.

№ 3. Құрамында 40% көміртек және 6,7% сутек болатын карбон қышқылы.

Оқушыларды бағалау (бағалау парағы арқылы)

Үйге тапсырма беру § 10.3.



© 2010-2022