Сарамандық жүмыс № 1. Металдар тақырыбына эксперименттік есептер шығару

Раздел Химия
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сарамандық жұмыс №1

Металдар тақырыбы бойынша тәжірибелік есептерді шығару

Мақсаты: Ерітіндідегі затты анықтау бойынша тәжірибелік есептерді шығару, берілген заттарда сульфат - иондарының бар - жоғын анықтау.

Құрал - жабдықтар: Реактивтер, сынауықтар, индикаторлар.

  1. Индикаторды қолданып, мырыш сульфаты, натрий карбонаты, натрий хлориді ерітінділерін анықтаңдар.

  2. Мырыштан мырыш гидроксидин алыңдар.

  3. Темірден темір (ІІІ) гидроксидің алыңдар

  4. Сендерге берілген тұз натрий карбонаты екенін анықтаңдар.

  5. Сендерге берілген натрий сульфаты екенін анықтаңдар

  6. Ерітіндісі бар сынауықтардың қайсысында мынадай тұздар: темір (ІІІ) хлориді, мыс хлориді, кальций хлориді бар екенін анықтаңдар.

  7. Ерітіндісі бар сынауықтардың қайсысында мынадай тұзлар: темір (ІІІ) сульфаты, натрий сульфаты, мырыш сульфаты бар екенін анықтаңдар.

  8. Нөмірленген үш сынауықта натрий карбонаты, натрий сульфаты, натрий хлориді бар. Күміс нитраты ерітіндісін қолдандай әр затты анықтаңдар.

  9. Темір (ІІІ) сульфатының сапалық құрамын анықтаңдар

  10. Қальций карбонатының сапалық құрамын анықтаңдар.

  11. Сендерге берілген кермек суда кальций сульфатының бар екенін дәлелдеңдер.

  12. Сендендерге берілген судың карбонатты кермектігін жойыңдар

  13. Берілген темір (ІІ) сульфатының ерітіндісіне темір (ІІІ) сульфатының қоспасы бар екенін дәлелдеңдер.

  14. Сендерге белгілі натрий гидроксиді ерітіндісі ашық банкіде сақталғанда біртіндеп натрий корбанатына айналатынын дәлелдеңдер.

  15. Басқа реактивтерді қолданбай ерітіндісі бар үш сынауықтың қайсысында: мырыш хлориді, магний хлориді, натрий гидроксиді бар екенін табыңдар.

  16. Басқа реактивтерді қолданбай ерітіндісі бар үш сынауықтың қайсысында: темір (ІІ) сульфаты, калий гидроксиді, магний сульфаты бар екенін анықтаңдар.

© 2010-2022