Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарашатау орта мектебі













«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.»





/Сайыс сабақ/



Өткізген:

химия пәнінің мұғалімі

Султанова Г.Н.



Құмқұдық ауылы

«Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады»

8 - сыныптар арасында химия пәнінен жүргізілетін сайыс сабақтың жоспары

Мақсаты: 1. Химия пәнін өмірмен байланыстыра отырып, маңызына ғылыми тұрғыдан түсінік беріп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

2. Алған білімдерін дамыту, тұрмыста, еңбекте, өмірде қолдану.

3. Оқушыларды адамгершілікке, эстетикаға мен этикаға, шеберлікке, салауатты өмір салтын насихаттауға тәрбиелеу.

Жүргізуші: Біз қазір химия ғасырындамыз. Кәдімгі қасықтан бастап ұшақ, жер серігіне дейін химия өнімдері. Егер химиктер жанармайды өңдеп бермесе, бірде - бір ұшақ көкке көтеріліп, бірде - бір кеме суда жүзе алмаған болар еді. Адам тамақсыз, киімсіз, қажетті бұйымдарынсыз өмір сүре алмайды. Мінеки осылардың барлығын жасауға химия қатысады. Сондықтан да «қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз химия ғажайыптары» деп өте орынды айтылған деп ойлаймын.

Адамнан ғылым айла асырмаған,

Құпиясын құлыптап жасырмаған,

Кел, біріміз ғылымның тілін зерттеп

Бір жұмбағын ашайық ашылмаған.

Ендеше, сайысымызды бастайық. Алдымен сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін.

  1. Формула жазу

  2. «Жеміс жинау»

  3. «Сергіту сәті»

  4. «Реакция жаза аласың ба?»

  5. «Тобыңды өткіз /сөзжұмбақ шешу/»

  6. «Топ басшылар сайысы»

  7. «Қаппен секіру»

  8. «Түймедақ»

Осы кезеңдер бойынша әділқазы алқалары бағалап отырады. Сонымен бірінші сайысымызды бастайық.

  1. Допты жерге соғып, жүгіру. Әр топ басшысында бір бір доптан болады. Ысқырықпен допты жерге соғып отырып межелі жерге барады. Ол жерде қосылыстың аты берілген, формуласын жазуы керек. Допты жерге соғып отырып кейін қайтады да, келесі оқушыға береді. Эстафетаны бірінші болған топ жеңеді, дұрыс құрылмаған формула үшін ұпай шегеріледі.

І топ ІІ топ

Калий хлориді калий хлориді

Алюминий фосфаты алюминий фосфаты

Натрий силикаты натрий карбонаты

Магний нитраты магний бромиді

Темір сульфиді темір хлориді

Кальций сульфаты кальций хлориді

Литий фосфаты литий нитраты

  1. «Жеміс жинау»

Топтарға қарама - қарсы үстелде бейорганикалық қосылыстар жатыр. Топ мүшелері формулаларды кластарға топтастырып қоюлары керек. Барарда шеңбердің ішінен өтіп, қайтарда жүгіріп келеді. Эстафетаны бірінші болған топ жеңеді. Дұрыс таңдалмаған формула үшін қпай шегеріледі.

  1. Аттракцион «Сергіту сәті» .

Әр топқа кезегімен 10 сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.

1 - топқа

  1. Мүсәтір спирті аммиактың судағы ерітіндісі ме? / иә/

  2. Периодтық жүйені Ломоносов ашты ма? /жоқ/

  3. Судан екі есе жеңіл металл калий ме?/ жоқ /

  4. Фосфор өмір мен ой элементі деп атала ма? / иә /

  5. Элементтің таңбаларын қсынған Аррениус пе? / жоқ /

  6. Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай бейметалдық қасиет арта ма? / жоқ /

  7. Бір элементтің бірнеше жай зат түзуі аллотропия деп атала ма? / иә /

  8. Электр шамдарының жіңішке сымдарын вольфрамнан жасай ма? / иә /

  9. Сілтілік металдарға темір жата ма? / жоқ /

  10. Күмістің атомдық массасы 109,8 бе? / иә /

2 - топқа

  1. ЭДТ теориясын ашқан ғалым Аррениус пе? / иә /

  2. Кремний қышқылының тұздары карбонаттар деп атала ма? / жоқ /

  3. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл иод па? / иә /

  4. Азот молекуласы ковалентті полюссіз байланыс түзе ме? / иә /

  5. Заттар және олардың бір - біріне айналуы туралы ғылым Физика ғылымы ма? / жоқ /

  6. Химия ғылымының тарихында ұлы заң ашқан ғалым Менделеев пе? / иә /

  7. Зат массасының сақталуы туралы заңды ашқан ірі орыс ғалымы Ломоносов па? / иә /

  8. Ең қиын балқитын металл алтын ба? / жоқ /

  9. Адам бойының өсуіне әсер ететін элемент мырыш па? / иә /

  10. Темекі құрамына кіретін улы зат никотин бе? / иә /

  1. «Реакция жаза аласың ба?»

Тапсырма тұрған жерге дейін скакалкамен секіріп барып, реакцияны аяқтап, теңестіреді де тез кейін скакалкамен секіріп қайтады. Қалғандары да осылай бір реакциядан жазады. Эстафетаны бірінші болған топ жеңеді. Жіберілген қателер үшін ұпай шегеріледі.

  1. «Тобыңды өткіз»

Топ қатарға тұрады. Топ басшыларында шеңбер болады. Ысқырық бойынша топ басшысы топ мүшелерін межелі жерге жеткізеді. Сол жерде сөзжүмбақ шешеді. . Эстафетаны бірінші болып, сөзжұмбақтағы барлық сөзді шешіп, жасырылған негізгі сөзді бірінші тапқан топ жеңеді. Жіберілген қателер үшін ұпай шегеріледі. Сөзжұмбақ кілті - индикатор сөзі.

  1. «Топ басшылар сайысы»

Топ басшылары адымдап аттап химиялық элемент атауы керек. Химиялық элементті көп атаған топ басшы жеңеді.

  1. «Қаппен секіру»

Әр топқа химиялық ыдыстардың суреттері беріледі. 2 минут ішінде топ мүшелері ыдыстардың суреттерін есте сақтап қалулары тиіс. Ысқырық бойынша топ басшылары қапқа кіріп, секіріп межелі жерге барып, бір ыдыстың суретін салуы керек. Қайтарда жүгіріп келеді. Келесі оқушы осылай жалғастырады. Эстафетаны бірінші болған топ жеңеді. Салынбай қалған ыдыс үшін ұпай шегеріледі.

  1. «Түймедақ»

Қарсы алдарыңда түймедақ ілулі тұр. Күлтелерінде ғалым туралы қосымша көмек жазулы тұр. Әр топтың алдындағы тапсырма ғалымның атын дұрыс табу. Егер жауап дұрыс болмаса топ бірден жеңілген болып есептеледі. Топ басшысы қосымша көмекті алып келеді. Егер қосымша көмек көмекткспесе келесі қосымша көмекті алып келеді.

  1. Топқа қойылатын көмектер:

  • Орыс ғалымы

  • Зат массасының сақталуы заңын ашты.

  • Ең бірінші болып химиялық зертхана ашты.

  • Атомдық - корпускулалық ілімнің авторы

  • Петербург Ғылым Академиясының академигі /1745 жылдан/

  • Москвада сол ғалымның атында мемлекеттік университет бар. / Жауабы : М.В.Ломоносов/

  1. Топқа қойылатын көмектер

  • Италия химигі және физигі

  • Сутегі мен оттегінің атомдық массаларын анықтады.

  • Газдардың көлеміне қатысты заңды ашты.

  • Идеал газдың 1 моліндегі молекула санын анықтады.

  • 6,02*1023 саны сол ғалымның атымен аталады.

  • Молекулалық массаны анықтау әдісін тапты. /жауабы: А.Авагадро/

Осымен сайыс кезеңдері аяқталды. Әділқазы алқаларынан әр топтың ұпай сандарын беруін сұраймыз.

















© 2010-2022