Тест. 1 тарау. Бастапқы химиялық ұғымдар (8 сынып)

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
  1. Мыстың латынша атауы:

А) plumbum Б) Ferrum В) Hydrogenuim C) cuprum

2. Молекула дегеніміз не?

А) заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі

Б) заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі

В) денелерді құраушылар

С) екі немесе одан да көп заттардан тұрады

3. Оттектің салыстырмалы атомдық массасы:

А) 16 Б) 24 В) 40 С) 14

4. Судың салыстырмалы молекулалық масаасын есепте:

А) 17 Б) 18 В) 19 С) 20

5. CaSO4 қосылысындағы оттек атом санын анықта:

А) 2 Б) 3 В) 4 С) 5

6. CO2 қосылысындағы көміртектің валенттілігі неше?

А) I Б) II В) III С) IV

7. Al +O2 = Al2O3 реакция теңдеуін теңестір:

А) 4,3,2 Б) 4,2,3 В) 2,3,4 С) 3,2,4

8. 5 моль мыс (II) оксидінің CuO массасын есепте:

А) 200 г Б) 300 г В) 400 г С) 500 г

9. Екі күрделі заттың құрамындағы атомдар немесе атомдар тобы бірінің орнын бірі басуы арқылы жүретін реакция:

А) қосылу Б) айырылу В) орынбасу С) алмасу

10. Күрделі заттың құрамындағы бір элемент атомының орнын басқа жай заттың атомы басатын күрделі зат пен жай зат арасындағы реакция:

А) қосылу Б) айырылу В) орынбасу С) алмасу

11. Zn + ? = Cu + ZnCl2 реакция теңдеуіндегі сұрау белгісінің орнына тиісті заттың формуласын жаз:

А) H2O Б) CuCl2 В) CuO С) HCI

12. Зат мөлшерінің формуласы:

А) m=Ѵ·M Б) Ѵ= m/M В) M= m/Ѵ С) N= Ѵ·NA

13. Мыс оксидіндегі CuO элементтерінің массалық үлестерін анықтаңдар:

А) 80% 20% Б) 70% 30% В) 60% 40% С) 50% 50%

14. Кремний (IV) оксидінің формуласы:

А) SiO4 Б) SiO3 В) SiO2 С) SiO

15. Реакцияға кіріскен реакцияласушы заттар қалай аталады?

А) әрекеттесуші заттар Б) реакциядан шыққан заттар В) өнімдер С) жаңадан түзілген заттар

16. Тұрақты I валентті қандай элементтер?

А) O, Zn Б) Ca, Be, Mg, В) Al, B С) Li, Na, K, F, H

17. Массалық үлес дегеніміз не?

А) химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті

Б) элемент таңбасының үстіне не оң жағына жақша ішіне рим сандарымен көрсетіп беріледі

В) реакцияға дейінгі заттардың массасының реакциядан кейін де өзгермей сақталатындығын көрсетеді

С) химиялық қосылыстағы атом массасының бүкіл молекуланың массасына қатынасы

18. Валенттілік дегеніміз не?

А) химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті

Б) элемент таңбасының үстіне не оң жағына жақша ішіне рим сандарымен көрсетіп беріледі

В) реакцияға дейінгі заттардың массасының реакциядан кейін де өзгермей сақталатындығын көрсетеді

С) химиялық қосылыстағы атом массасының бүкіл молекуланың массасына қатынасы

19. Азоттың салыстырмалы атомдық массасы:

А)14 Б) 11 В) 28 С) 24

20. Кремнийдің салыстырмалы атомдық массасы:

А)14 Б) 11 В) 28 С) 24


© 2010-2022