Доклад для семинара учителей химии и биологии

КіріспеЕлбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша 5 жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Ол Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс – қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелігін қамтамасыз етуге ...
Раздел Химия
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Мазмұны:

Кіріспе…………………………………………………………………………………3

I. Теориялық бөлім.

1.1. Жаңа ақпараттық технологияны (ЖАТ) қолданудың психологиялық -педагогикалық мүмкіндіктері және негізгі бағыттары……………………………4-5

1.2. ЖАТ қолданудың тиімді-тиімсіз жақтары.........................................................6-7

1.3. Химияны оқытуда компьютерді қолданудың ерекшеліктері..........................8

1.4. Химия сабағында динамикалық компьютерлік модельдерді (ДКМ) пайдалану.9

1.5. Химиялық сайттар.............................................................................................10-13

ІІ. Тәжірибелік бөлім..................................................................................................14-15

  1. Қорытынды……………………………………………………………………16

  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………17











Кіріспе

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша 5 жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Ол Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс - қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелігін қамтамасыз етуге арналған. Еліміз үшін маңызы зор стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функцияналдық сапаларына белсенділік, шығармашылық ойлау, шешім қабылдай алу, кәсіби жолын таңдау қабілеттілігі, өмір бойы білім алуға дайын тұруы жатады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудын тиімді әдістері:

• дара тұлғаға бағдарланған оқыту әдісі,сұрақ -жауап әдісі, жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар, сұхбаттық тапсырмалар, кұзыреттіліктерін қалыптастыратын тапсырмалар, интербелсенді әдіс - тәсілдер.

Интербелсенді (inter - өзара. akt - әрекеттесу) сабақ кезінде оқушылардың өзара және оқушы мен мұғалім арасында қатынастың мейлінше көп болуы.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асуы үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Қазіргі педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болумен жаңа технологиялар өмірге келді.

І. Теориялық бөлім.

1.1. Жаңа ақпараттық технологияны қолданудың психологиялық - педагогикалық мүмкіндіктері мен негізгі бағыттары.

Оқу үрдісін жандандыруды қамтамасыз ететін әдістің бірі - техникалық оқу құралдарын қолдану. Техникалық оқу құралдарының пайдасын психологиялық жағынан негіздеуде психолог ғалымдарға жүгінсек көрнекілікті қолдану мидың қабығында қосымша тітіркендіргіштердің пайда болуына ықпал етеді. Нәтижесінде оның қабылдағыштығы артады да, мұның өзі терең, берік білімнің игерілуіне жақсы әсер етеді. Техникалық құралдардың ішінде компьютермен оқыту термині әдістемеде нақты қалыптасқан. Компьютер - оқу ісін жекелендіретін, оқушының жұмыс жасауын қамтамасыз ететін маңызды құрал ретінде қабылданған. Компьютерлік технологияның оқушының танымдық белсенділігін артырудағы педагогикалық мүмкіндіктеріне ғалымдар төмендегілерді жатқызады:

  1. Компьютерлік технология хабарды шексіз көлемде игеруге және аналитикалық өңдеуге мумкіндік береді.

  2. Компьютерлік технология танымдық белсенділікті арттыратын компьютерлік ойындар түріндегі танымдық үрдісті ұйымдастыруға жағдай жасайды.

  3. Қазіргі көздері - компакт дискілер мен қуатты процессорлар құрамына мәтіндік ақпарат, мультипликация, фото, бейне, модельдеу, дыбыстық сүйемел ететін, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын жаңа сапалы бағдарлама жасауға мүмкіндік береді.

  4. Электрондық оқулықты қолдану оқушының жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді,оқыту үрдісін саралауға, жан - жақты ақпараттандыруға, білім мазмұнын ізгілендіруге көмектеседі.

  5. Компьютерлер оқушылардың бойында іс-әрекет рефлексиясын қалыптастыруға септігін тигізеді, Алдымен компьютер оқушыларға өз іс -әрекетінің нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге, өзін - өзі бақылау мен түзетуді іске асыруға мүмкіндік береді.

  6. Арнайы бағдарламалар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын туғызады.

  7. Компьютерлік технология - адамның танымдық зерттеу қызметінің жан жақты тәсілі, көпфункционалдық құралы (тексеру, есептеу, музыкалық, графикалық, кең көлемді ақпаратты сақтау және өңдеу, т.б.).

Компьютерлік технологияның аталған мүмкіндіктері оны пайдаланудың педагогикалық мақсаттарын анықтайды. Техникалық оқу құралдарын қолданудың тиімділігін растайтын еңбектер авторларының бірі Г.В.Габай техникалық құралдардың оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін (есте сақтау, ойлау, мәліметтерді тез қабылдау қабілеті, басқа да жұмыс түрлеріне ауысу қабілеті) айта келе, оқу үрдісіндегі оқушылар іске асыратын әрекетті танымдық және қосымша деп екіге бөледі. Танымдық әрекет - сабақта алынатын білім, ал қосымша әрекет - сол танымдық жұмыстың ойдағыдай өтуіне жағдай жасайтын іс - әрекеттер. Осы қосымша әрекет сабақта оқушы уақытының көп бөлшгшн алады. Мүмкіндігінше мұндай жағдайды болдырмауға техникалық оқу құралдарының маңызды рөл атқаратындығын атап кетеді. Қазіргі таңда компьютер оқушының өз бетімен жұмыс істеуін, білім, білік деңгейлерін көтеруге жағдай жасайтын, тереңдететін, шығармашылық ізденіске баулитын қуатты құрал ретінде қабылданады. Компьютермен оқыту жағдайындағы оқушының іс - әрекетін басқару үлгісі толық жүзеге асырылады. Оқыту үрдісінің мақсат, шарт, құрал, іс - әрекет операциялар түйіндеріндегі қызметті осы техникалық оқыту құралы атқара алады. Оқушы белсенділігінің жоғарлауына ықпал ететін «қабілетті» компьютердің белсенді әріптестік рөліндегі, көмекті динамикалық үйлестіре алатын қасиетіне байланысты. Компьютер жұмысының программаланушылығы оның динамикалық бейімделгіштігімен үйлесіп, бүтіндікті сақтай отырып, жекелей оқытуға жағдай жасайды.

1.2 ЖАТ қолданудың тиімді-тиімсіз жақтары.

Енді ақпараттық ЖАТ технологияларды пайдаланудың тиімді және тимісіз жақтарына тоқталайық.

Тиімді жақтары

Тиімсіз жақтары

 Көзге көрінбейтін химиялық құбылыстарды компьютер арқылы бейнелеп көрсетуге болады;

 Заттың ішінде болып жататын химиялық құбылыстарды модельдеп көрсетуге болады;

 Химиялық құралдарға мұқтаждықты азайтады;

 Алған білімді тәжірибеде қолдануға үйренеді;

 Жаңа материалды игеруге уақыт қысқарады;

 Зерттеушілік қабілеті қалыптасқан тұлға қалыптасады;

 Мұғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады;

 Оқушының ой-өрісін , дүниетанымын кеңейтуге, тану процесіне қызығушылығын арттыруда зор;

 Оқыту жүйесінің көпдеңгейлігі жетілдіруі олардың таралу мен сапасын артырады;

 Оқушыға тақырып шеңберінде және белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтің көлемін ұлғайтады;


 Оқушының бағыттылық (бағытталу) рефлексінің төмендеуі (ориентировочный рефлекс);

 Танымдық эмоцияларының мәнінің төмендеуі, оқушы қызығушылығы білім мазмұнына емес, экрандағы өзгеріске ғана ауып отырады;

 Көрнекілік принципінің гипербализациясы, яғни тым артық болуы;

 Оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы;

 Ақыл-ой дамуын қадағаламай, есте сақтау ойлау жұмысын төмендетеді;

 Оқытуға айқын сипат беріп, оқу материалын меңгеруді кемітеді;

 Шынай өмірден кетушілік, оны анық байқамау немесе аутизация;

 Жаппай химиялық құбылыстарды модельдеу - химиялық (классикалық) экспериментке зияның тигізеді.


Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс бергім келеді: 1. Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану. 2. Компьютерді пайдалану уақытын сақтау. 3. Компьютерді пайдалану қауіпсіздік техника ережесін сақтау. 4. Кітаппен жұмыс. 5. Классикалық «тірі» тәжірибелерді орындау қажет.

Оқушылардың болашақ педагогикалық қызметтеріне қажетті болатын білімділігі мен іскерлікті игеруге үйрету керек. Т.А.Сергееваның және т.б. ойларынша, нақты жағдайда химия, физика пәндерінің келешек мұғалімдері біріншіден - компьютерді қажетті жағдайларда қолдану, яғни тәжірибе жүргізгенде есептеуге қажетті уақытты азайтуға, есептерді тексеруді, нәтижесін бағалауға мүмкіндік береді; екіншіден - оларды типтік біліктіліктерді өңдеуде қолдану, яғни валенттілік бойынша формула құру, күрделі заттарды иіскеу, химиялық элементтер электрондарын атомдарға тарату, әр түрлі типтегі химиялық теңдеулерді құру, көміртектік қаңқасы бойынша теңдеулер құру т.б. физикадан типтік біліктіліктерді дамыту. Мұндай жұмыстарды біз оқушыларды жаңа ақпараттық технологияны оқу саласында қолдануға дайындау процесінде жүргіздік.

1.3 Химияны оқытуда компьютерді қолданудың ерекшеліктері

Дербес компьютерді химия сабағында пайдалану - химияны оқыту жүйесін өзгертеді. Компьютерлік оқытудың бағалау үшін, компьютерлендіру жағдайындағы химияны оқыту әдістерімен ұйымдастыру формасына тоқталайық.

Химия сабағында компьютерлік оқытудың ерекшеліктерін анықтау үшін, біріншіден, химияны оқыту әдістерінің жалпы теориялық ерекшеліктерін, екіншіден, оқыту құралы ретінде ЭЕМ құрылымы мен ерекшеліктерін негіздеу қажет. Компьютерлік оқыту процесінің құрылымдық схемасын қарастырайық.

ОДоклад для семинара учителей химии и биологииның құраушы элементтері мұғалім, оқушы, дидактикалық материалдар мен дербес компьютер (сурет). Осы элементтердің барлығы да бір-біріне

өзара әсер ететін ақпараттар

ағынымен байланысқан.

Осы құрылымда алғашқы маңызды аспект рөлін мұғалім мен оқушының компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуі, яғни олардың компьютермен және оның сыртқы құрылымдарымен жұмыс істей білу деңгейлері, компьютердің жалпы қызмет ету принциптерін түсінуі, осы жүйенің жалпы мүмкіндіктерін ұғынуы саналады.

Химияны оқытуда компьютерді қолдану бағыттары

Доклад для семинара учителей химии и биологииДоклад для семинара учителей химии и биологииДоклад для семинара учителей химии и биологииДоклад для семинара учителей химии и биологии

1.4 Хим





1.4 Химия сабағында динамикалық компьютерлік модельдерді (ДКМ) пайдалану.

Сабақты тиімді ұйымдастырудың ұтымды жолдарының бірі - динамикалық компьютерлік модельдерді (ДКМ) қолдану. Химиялық процестер мен құбылыстарды оқыту процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады. Әсіресе, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамыта білуде оның ролі ерекше. Бірақ химиялық құбылыстардың барлығы жаппай ДЭЕМ-де модельдеу - химиялық экспериментке зиянын тигізуі мүмкін. Сірә, классикалық химиялық экспериментті ДЭЕМ-де модельдеу әдісін қолданып, құбылыстар мен эксперименттік нәтижелерді өңдеумен үйлестіру қажет. ДКМ-ді пайдалану кейбір құбылыстардың оқушылар үшін көрінбейтін жағдайда, сондай-ақ тікелей бақылау кезінде көзге көрінбейтін немесе жалпы мүмкін емес құбылыстың нәзік жерлерін елестетуге мүмкіндік береді. Мысалы: «Атомның құрылысы», «Спирттер» тақырыптарында ДКМ-ді пайдаланып өткізу тиімдірек. Модельді басқару нақты объектінің күрделілігіне қатыссыз, оқушы ЭЕМ клавиатурасы арқылы модельдің әртүрлі параметрлерін енгізу жолымен жүзеге асырады.

МДоклад для семинара учителей химии и биологииұғалім ДКМ-ді пайдаланған кезде білу керек

Доклад для семинара учителей химии и биологииДоклад для семинара учителей химии и биологии

Доклад для семинара учителей химии и биологииДоклад для семинара учителей химии и биологии



1.5. Химиялық сайттар

Халықаралық сайттарда (электронды беттерде) химия пәні мүғалімі оқушылармен жұмыс істеуге колданылатын мәліметтерді пайдаланып, өзін-өзі жетілдіруіне мүмкіндігі мол. Бұл желілік ресурстардағы мағлұматтардың нақылығы, сапасы, қолдану жағдайлары әркелкі және Интернеттегі мәлімет әрдайым жаңаланып тұрады. Сіз өзіңізге қажет мәліметті тергенде интернеттегі іздеуші машина енгізген сөзіңіз бойынша көптеген әр түрлі мәліметті береді. Бұл кезде белгілі бір ережеге бағынуымыз қажет.

Ең сенімді интернет-ресурстар ірі ұйымдарға қарасты. "СhemNet" желілік ресурсындағы мәліметке М.В. Ломоносов атындағы МГУ-дің химия факультеті деканы, РҒА академигі В.В. Лунин жауапты. Ал жекеменшік желілік ресурстар ішінде олардың негізін қалаушылардың есімдері, фотосуреттері беріледі. Әдеби шығармалардың авторлары лақап атымен жазылса, химиялық мәлімет таныс емес немесе кез-келген есіммен жазылған болса, оның берілген мәліметіне толық сенім арттыруға болмайды. Қазіргі мектептерде мұғалімге қарағанда оқушылар интернет мәліметтерін жақсы меңгерген. Егер мұғалім интернет желісіндегі мәліметті сабақта пайдаланғысы келсе, мұғалім оны оқушыларға ұсынбай, алдымен өзі тексеруі тиіс. Сонымен қатар Мәскеудегі Д.И. Менделеев атындағы химия-технологиялық институттың "alchimik.ru" сайты сіздерге ұнауы керек. Орта мектеп мұғалімі химия пәніне мектеп бағдарламаларын, әдістемелік құжаттарды, қашықтан оқыту жаңалықтарын, «Химияның бастапқы курсы» т.б. қажетті және қызықты мәлімет таба алады. Бұл сайтта мынадай айдарлар бар: «Абитуриентке кеңес», «Химия пәні мұғаліміне», «Анықтамалық құралдар», «Қызықты химия», «Жаңалықтар», «Олимпиадалар», «Кунсткамера» (тарихи мәліметтер) және т.б. alchimik.ru оқу залында Э.Гроссе, X.Вайсментальдардың неміс тілінен аударылған «Қызықты тәжірибелер» еңбегімен және басқа көптеген оқу құралдарының мазмұны көрсетілген.

Сайтта "som.flio.ru" айдарына сілтеме бар. Бұл айдардың «Химия» бөлімінде мұғалімдерге пайдалы көптеген мәлімет алуға болады: химия пәнінің бағдарламалары, зертханалық жұмыстар, химиялық есептер, тесттер, бақылау жұмыстары, химиялык. кабинет, химиялық элементтердің периодтық кестесі, химиялық олимпиадалар, химия пәніне арналған Интернет-оқулықтар, химия пәні мұғалімінің анықтамалық құралдары, химия тарихы, педагогикалық кеңес, бағдарлы мектеп химиясы, Интернет-технологиялар, химияны оқыту әдістемесі және т.б.

Пайдалы химиялык мәліметті chtmport.ru сайтынан табуға болады. Бұл сайт ғылымда, өнеркәсіпте жұмыс істейтін химиктер үшін ыңғайлы болғанымен, мұғалімдер де көптеген кажетті мәлеметтер таба алады. Мысалы, «Абитуриентке», «Мұғалімдер бөлмесі», «Кітап дүкені», «Электронды анықтамалық құрал», «Қызықты химия» және т.б.

chemistry.r2..ru Оқушыларға арналған, мұнда кез-келген мәліметті табуға болады. Мынадай бөлімшелер бар: «Білім және билік», «Бұны кім ойлап тапкан», «Күрделі мәселелерді бірге шешеміз».

center.fio.ru «Интернет-Білім» - бұл портал мұғалімдерге пайдалы. Интернеттегі білім мәселелері, химия пәні бойынша сабақты ұйымдастыру, қашықтан оқыту және т.б. бөлімдері бар.

formula44.narod.ru «Қосылыстар жайлы мәліметтер» - мектептің органикалық химия бөліміндегі қосылыстар жайлы барлық мәліметтер бар. Мұнда органикалық химия саласына өз үлесін қосқан әйгілі ғалымдардың еңбектері және өмірбаяндары бар.

chemistry.narod.ru. «Химия әлемі» - сайтгың мақсаты - химияның теориялық білімін игеруге көмектесу, шығармашыл ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Бөлімдері: «Әйгілі химиктер», «Кестелер», «Мақалалар», «Тәжірибелер», «Үйде жасайтын тәжірибелер», «Жаңалықтар» және т.б.

chem.msu.su/rus/elibrary/. «Химия пәні бойынша электрондык кітапхана» - сайт жаңалыққа қанық болғандықтан, ғылыми жәнс әдістемелік басылымдардың электрондық нұсқаларын, оқушыларға мәліметтер, химия пәні бойынша берілгендер базасы және анықтамалық мәліметтерді табуға болады.

hemi.nsu. ru. «Химия негіздері» - электрондық оқулық. Іnternet-басылымы, өзгертілген және толықтырылған. Новосибирск: НМУ, 2001 - 2006. НМУ доценті А.В. Мануйлов, В.И. Родионов. 8-11 сыныптарға арналған жалпы және бейорганикалык химияның эксперименттік оқулығы.

chemistry.ssu.samara.ru. «Органикалық химия» - орта мектепке арналған электрондық оқулық (авторлары - Дерябина, Кантария, Соловов, Самара университеті, орг. химия каф). Көлемді электрондық оқулық. Самара университетінің сайтында орналастырылған. (=enit.ssau.ru).

schoolchemistry.by.ru. «Барлығына арналған химия» - »Білім беруші энциклопедиялар» сериясынан. Сайтта текстік және графикалық мәліметтер бар: (sсһоо1-sесtоr.ru.relarn.ru) Бүл химия пәнінс арнал-ған оқулық. Бөлімдер: Жалпы химия. Бейорганикалық химия. Органи-калық химия. «Білім беруші химия» бөлімшесінде зсһооі-Бесіог.геіагп.ш -нен барлық мәліметті тегін кошіріп алуға болады.

schoolchemistry.by.ru. «Мектеп химиясы» - порталда өте көп танымдық мәліметтер бар, мүнда химияның адам ағзасына әсері кең қарастырылған. Ал бұл сабатың қызықты әрі әсерлі етуіне көмектеседі. Мультимедиялық қосымшаларға жалғанған мынандай бөлімдер бар: «Химияның зияны мен пайдасы», «Химия тари-хы», «Химия түрлері», «Оқу-әдістемелік құралдар», «Химия пәні бойынша анықтамалық сөздік», «Химия ғалымдарының өмірбаяны», «Химия және өмір» және т.б.[22]

Интернетте химиктердің көпшілігі пиротехникаға байланысты жұмыстар жасайды. Желіде «Жарылғыш заттарды қалай жасауға болады» атты бөлімнің ең жас авторы - 11 жасар. Мұндай мәліметтер оқушылардың өзіндік ізденіске ұмтылуын көрсетеді. Бұл тек теориялық жұмыс емес, өте ұқыпты, зерттеу арқылы дәлелденген.

Ең қызығы, мектеп оқушылары мен студенттердің көпшілігі өз сайттарында аты-жөнін, тегін көрсеткен. Олар көбінесе былай жазады: «Автор берілген ақпаратқа кепілдік бермейді», «Автор бақытсыз оқиғаға жауапсыз». Ресей терроризм актілерінен кейін мұндай сайттар тізімі азайды.

Қазіргі таңда компьютер - өміріміздің қайталанбас атрибуты, онда алынатын мағлұматтар қоғамның дамуына көмектеседі. Мұғалімге компьютерлік технологиялық сабақ өткізумен қатар сабақтан тыс жұмыстар өткізуге мүмкіндік береді. Химия пәнін меңгеру барысында оқушылар заттың қеңістікгегі құрылысын, химиялық реакциясының жүру механизмін қиын қабылдайды, ал мультипликациялардың көмегімен қиын материалды игеруін жеңілдетеді.

Химиялық білімді интернет желісінде игерудің тиімділігі - оқушыны сабаққа қызықтыра білу. Әрине сабаққа қызықтырудың бір түрі - химиялық тәжірибе, ол химияның барлық тарауларына қатысты. Дегенмен, демонстрацияға арналған тәжірибелер шектеулі, өйткені, кейбір химиялық қосылыстар оқушы өміріне қауіпті. Сондықтан өте әсерлі, танымды және қызықты тәжірибелерді мектеп бағдарламасына енгізбейді. Компьютерлік модельдеудің негізгі жетістігі - қауіпті және әсерлі химиялық тәжірибелерді көрсету мүмкіндігі





ІІ. Тәжірибелік бөлім.

Жаңа ақпараттық технологияны атап айтқанда, дербес компьютерді өз сабағымда пайдалануға екі сынып алынды. 9 «Б» сыныбында сабақ жаңа ақпараттық технологиямен өткізілді, ал 9 «А» сыныбында дәстүрлі жолмен өткізілді. Тақырыпты қорытындылау үшін екі сыныптан да бірдей тақырыпта тест жұмыстары компьютер арқылы алынды. Қорытындысы шығарылды. Екі сыныптың білім сапасы төмендегідей болды. Нәтижеге қарап, қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану тиімді екені көрсетілді.

9 "Б" және 9"A" сыныптарының компьютер арқылы тапсырған тест жұмыстарының қорытынды диаграммасы:

Доклад для семинара учителей химии и биологии













Зерттеу нәтижесінің қорытындысы.

9 «б» және 9 «а» сыныптарының тест жұмыстары бойынша білім деңгейлерінің көрсеткіші



Сынып

Оқушылар саны

«5»

«4»

«3»

«2»

Абсол.

үлгерімі

Білім сапасы

9 «б»

Бақылау сыныбы


12 оқушы

2 оқушы сабақта жоқ

4 оқушы

40 %

3 оқушы

30 %

3 оқушы

30 %

-


100 %


70 %

9 «а» тәжірибелік сынып

10 оқушы

3 оқушы


30 %

2 оқушы

20 %

5 оқушы

50%

-


100 %


50%













Қорытынды.

Білім беруде оқушыны білім ақпаратымен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардын бойында бағдарламалық дағдылар мен икемдерді де қалыптастырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретуіміз керек. Сондай тиімді әдістердің бірі- электрондық оқулықтармен жұмыс істеу. Мұғалім мен ұстаздың ақпараттық мәдениетін көтеру мүмкіндіктері-мектеп мұғалімінің компьютерлік сауаттылықтарын ашуға бағытталған. Компьютермен өткізілген әрбір сабақтан соң оқушы тест, бақылау жұмысы арқылы өз білімдерін бекітеді. Бала өз білімін өзі тексере алады, оқушы өз бетінше оқуға қызығады, өз білімін көтеруге ұмтылады. Компьютерге тест, бақылау жұмыстарын, тәжірибелік тапсырмалар әзірлеу дәстүрге айналып отыр.

Осымен байланысты қазіргі заманда оқыту үрдісінде компьютерлік бағдарламаларды қолданудың тиімділігі артып отыр. Оған дәлел- электронды оқулықтар мен оқу құралдарының, Интернет желісіне қосылған компьютерлік бағдарламалардың кең таралуы.

Қазіргі кездегі көрнекі құралдың жаңа жанрларының бірі- мультимедиялық энциклопедия, электронды оқулықтар. Интернеттегі материалдар, электронды оқулықтар оқушының шығармашылықпен жұмыс жасауына және оқытудың сарамандық ұстанымының жүзеге асуына мүмкіндік береді. Электронды оқу материалының ішкі мазмұны үнемі Интернет желісі және басқа электронды кітапханалар арқылы толықтырылып отыратыны белгілі, сондықтан ол ақпарат жинақтаудың қайнар көзі. Электронды оқулық оқушы үшін өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беруімен қатар, ғылыми курс бойынша жан-жақты, толық мәлімет бере алады.

Егемен еліміздің болашағы жас ұрпақтын қолында десек, неге оларды заман талабына сай тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатпасқа.Оқытушы қауым химияны оқыту әдістерінде жаңа ақпараттық технологияның тиімді жағын пайдаланар деген мақсатпен баяндамамды аяқтағым келіп отыр.

IV Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

2. Ж.Кобдикова «Оқу процесін технологияландыру». 1992ж., Алматы.

3. Бөрібаев Б. «Жаңа ақпараттық технологиялар». 1999 ж., Алматы

4. С.М.Кеңесбаев, А.Г.Қазмағамбетов, Г.И.Салғараева. Болашақ мұғалімдерді дайындаудағы жаңа ақпараттық технологияның ролі. Қазақстан ТМД және Германиядағы мектептер мен жоғарғы оқу орындарында жаратылыс-ғылыми пәндерді оқыту мәселелері, халықаралық ғылыми-практикалық конференция, 8-9 қазан, 2004 ж. том 2, Алматы 353-355 беттер, Каз НПУ им. Абая.

5. С.М.Кеңесбаев, Г.И.Салғараева. Білімді ақпараттандыру барысында болашақ педагогті дайындау. Международной конференций,-"развитие информационных технологий в высшей школе", 11-12 сентября 2003 г, Алматы, стр. 70-74, КазНУ им. Аль-Фараби.

2


© 2010-2022