• Преподавателю
  • Химия
  • Урок по химии для 8 класса Сандық есептер. Авогадро заңына газдардың салыстырмалы тығыздығына және химиялық реакциялардағы газдардың көлемідік қатынастары

Урок по химии для 8 класса Сандық есептер. Авогадро заңына газдардың салыстырмалы тығыздығына және химиялық реакциялардағы газдардың көлемідік қатынастары

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:Сандық есептер. Авогадро заңына газдардың салыстырмалы тығыздығына және химиялық реакциялардағы газдардың көлемідік қатынастары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : оқушыларға Авогадро заңы, молярлық көлем тақырыптарынан түсінік беру.

Дамытушылық : Тақырыптар бойынша оқушыларды деңгейлеп оқытуға бағыттау.

Тәрбиелік : Оқушыларды логикалық ойлауға бағыттай отырып, шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сипатта

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: сөздік-көрнекілік

Сабақтың көрнекілігі: нұсқау қағаз

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Лездемелік сұрақтар

  2. 1 моль азот(ІІ) оксиді түзілу үшін 90,37 кДж жылу қажет. 9037 кДж жылу сіңіргенде қаншы грамм азот (ІІ) оксиді түзіледі?

ІІІ.Жаңа сабақ

Бірдей жағдайда әр түрлі газдардың бірдей көлеміндегі молекулалар саны да бірдей болады.

NА=6,02∙10 23

Қалыпты жағдайда, яғни 0ºС температурада, 1 атм қысымда кез-келген газдың 1 молі бірдей көлем алады.

Vm=V/ν ν=V/Vm

Бірінші газдың екінші газ бойынша салыстырмалы тығыздығы D деп белгіленеді.

D=Мr (1 газ) /Мr(2 газ)


ІҮ Бекіту Оқулықпен жұмыс

№ 5.Судың а) 0.2 ә) 2, б) 5 молінде қанша молекула болатынын есептеп шығарыңдар.

ν = Ν/ NА Ν= ν ∙ NА= 0.2 ∙ 6,02∙10 23 =1.2∙10 23

Ν= ν ∙ NА= 2 ∙ 6,02∙10 23 =12∙10 23

Ν= ν ∙ NА= 5 ∙ 6,02∙10 23 =30∙10 23

№ 6.берілген атомдар санын мольмен өрнектеңдер

а) 12.04 ∙10 23 атом темір; ә) 3.01 ∙10 23 атом сутек: б) 6.02 ∙10 23 атом көміртек.

ν = Ν/ NА = 12.04 ∙10 23 /6,02∙10 23 = 2 моль

ν = 3.01 ∙10 23 /6,02∙10 23 = 5 моль

ν = 6.02 ∙10 23 / 6,02∙10 23 = 1моль

1 Қж көлемі 89,6 л оттек газының зат мөлшерін есепте

ν=V/Vm = 89,6 л/ 22.4 л/моль = 4 моль

2 Массасы 96 г оттек газының ( қж) көлемін есептеңдер.

ν = m/M= 96 г / 32 г/моль = 3 моль

V = ν ∙ Vm = 3 моль∙22.4 л/моль = 67.2 л

3 Оттек бойынша салыстырмалы тығыздығы 2 болатын газдың молярлық массасын есепте.

D (02) = М (газ) / М (02) = 2/32= 0.06

4 0,3 моль сутек (қж) қандай көлем алады?

V = ν ∙ Vm = 0.3 моль∙22.4 л/моль = 6.72 л

Ү Үйге тапсырма §28












© 2010-2022