Ұлттық киімдер Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

Сабақ тақырыбы: «1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі». Сабақ мақсаты: Білімдік: Бөкей Ордасының құрылуы, Ішкі Ордадағы 1836-1839 жылдардағы шаруалар көтерілісінің бастал себептері, басты мақсаты, көтерілістің негізгі қозғаушы күші және көтерілістің болашақ басшылары Исатай мен Махамбеттер қызметінің тарихи ықпалы. Тәрбиелік: Адамгершілікке, басқыншылық соғыс атаулыны жек көруге тәбиелеу. Дамытушылық:Оқушыларды өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру. Сабақтың түрі: Сайыс сабақ. Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап. Тірек ұғым: Қазақстан тарихындағы Исатай мен Махамбеттің тарихи орны. Сабақ көрнекілігі: ҚР картасы, саяси карта;           а) И. Тайманұлы бастаған көтеріліс ( 1836-1838 ж.ж )- карта,           б) Ішкі Орданың аумағы – карта. Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі. Тарихи оқиғалар: Желтоқсан оқиғасымен  сабақты  байланыстыру. Сабақтың тақырыбы: § 11 «1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі».  Жоспар: 1. Бөкей  Ордасының құрылуы. Шаруалар көтерілісінің басталу себептері және оның барысы. 2. Патшаның көтеріліске қарсы шаралары. Көтерілістің жеңілуі. 3. Көтерілістің салдары және тарихи маңызы. Жаңа сабақтың тақырыбы: «Көтерілістің салдары және тарихи маңызы» 1.     Көтеріліс жеңілген соң , ішкі Ордадағы халықтың жағдайы, салдары. 2.     Көтерілістің тарихи маңызы. 3.     Қорытынды. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а)  Сәлемдесу; ә)  ҚР гимні; б)  Оқушыларды түгендеу; II.  Үй  тапсырмасын сұрау. III. Жаңа сабақ. IV. Жаңа сабақты бекіту. Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары: 1.     Бөкей Ордасының құрылуы ( картамен жұмыс ). 2.     Кесте толтыру. 3.     Ішкі Ордадағы көтеріліс ( 3 кезеңге бөлінеді, плакат ) 4.     Патшаның көтеріліске қарсы шаралары. 5.     Исатай Тайманұлы басшылығымен болған шаруа көтерілісі. 6.     «Ойлан тап» ойыны 7.     Хронологиялық кесте. 8.     Тест сұрақтары таратылады. 9.     Карточкалық сұрақтар. 10.               2 топқа бөлінеді. I топ: Исатай Тайманұлы II топ: Махамбет Өтемісұлы   11.            Пәнаралық байланыс. 12.            Желтоқсан оқиғасы.  Кесте № 2   Ішкі Ордадағы көтеріліс үш кезеңге бөлінеді   I кезең 1836 жылдар- көтерілістің басты алғышарттарының қалыптасуы II кезең 1837 жылдың басынан осы жылдың аяғына дейін-көтерілістің етек алған кезеңі, патша жазалаушы әскерімен, хан итаршыларымен қақтығыстар III кезең 1837 жылдың желтоқсан айынан 1838 жылдың шілде айына дейін- көтерілісшілер күшінің әлсіреп, жеңілу кезеңі
Раздел Химия
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұлттық киімдер Зат есімнің сөйлемдегі қызметіҰлттық киімдер Зат есімнің сөйлемдегі қызметіҰлттық киімдер Зат есімнің сөйлемдегі қызметіҰлттық киімдер Зат есімнің сөйлемдегі қызметіҰлттық киімдер Зат есімнің сөйлемдегі қызметіҰлттық киімдер Зат есімнің сөйлемдегі қызметіҰлттық киімдер Зат есімнің сөйлемдегі қызметіҰлттық киімдер Зат есімнің сөйлемдегі қызметіҰлттық киімдер Зат есімнің сөйлемдегі қызметіҰлттық киімдер Зат есімнің сөйлемдегі қызметіҰлттық киімдер Зат есімнің сөйлемдегі қызметіҰлттық киімдер Зат есімнің сөйлемдегі қызметіҰлттық киімдер Зат есімнің сөйлемдегі қызметіҰлттық киімдер Зат есімнің сөйлемдегі қызметіҰлттық киімдер Зат есімнің сөйлемдегі қызметіҰлттық киімдер Зат есімнің сөйлемдегі қызметіҰлттық киімдер Зат есімнің сөйлемдегі қызметіҰлттық киімдер Зат есімнің сөйлемдегі қызметіҰлттық киімдер Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі



Қазақ тілі

11б-сыныбы.

Ұлттық киімдер

Зат есімнің сөйлемдегі

қызметі





Пән мұғалімі: Бегалиева С.А.





Ақсуат 2014




Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімдері.Зат есімнің сөйемдегі қызметі.

Сабақтың мақсаты

1.Білімділік :қазақ халқының ұлттық киімдерімен таныстыру, зат есімнің сөйлемдегі қызметін анықтап, синтаксистік талдау жасай білу дағдыларын дамыту.

2.Дамытушылық :белсенділігін ояту, өзін-өзі сыйлау идеясын дамыту, талдау дағдыларын қалыптастыру.Сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын дамыту.

3.Тәрбиелік: қазақтың ұлттық киімдерін білуге, салт-дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білім, білік, дағдыны қолдану, аралас сабақ .

Сабақтың әдіс-тәсілдері:


Репродуктивті

Эвристикалық зерттеу

Шығармашылықпен оқыту

Сұрақ-жауап, пікіралмасу

Көркем шығарма талдау, тың астарын ашу

Мұғалімнің мәнерлеп оқуы, әңгіме жүргізу

Шолу лекция, түсіндіру,әңгімелеу, баяндау

Жоспар құру, пікір жазу, жаттау

Оқушының мәнерлеп оқуы, реферат оқу

Тапсырма орындау, тақтамен жұмыс

Мәтінге жақын баяндау, логикалық сұрақтар қою

Шығармашылық тапсырмалар

Өзіндік жұмыс,оқулықпен жұмыс

Баяндама жасау, пікірталас

Шығарма жазу, тест


Сабақтың көрнекілігі:ұлттық киім түрлерінің суреттері,сызба,кесте,

Сыныппен жұмыс түрі: даралап, ұжымдық . Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сыныптың психологиялық көңіл-күйін тексеру.

ІІ Үй жұмысын қайталау.Зат есімнің түрленуі.Тест тапсырмасы.

«Зат есім» тақырыбы бойынша

1. Дара зат есімді тап.

А) тұрғын В) оқу С) тасбақа Д) қиял Е) ата-ана

2. Күрделе зат есімді тап.

А) зейін В) білгіш С) әдеп-ғұрып Д) самғау Е) бос

3. Жалпы есімді тап.

А) «Абай жолы» В) Құлагер С) Балқаш Д) «Жас Алаш» Е) Тау

4. Негізгі зат есімді тап.

А) күнделік В) көркем С) ұлық Д) қол Е) ұғу

5. Сөйлемдегі зат есім қай сөз табынан жасалып тұр?Мен кеше күрегімді жоғалтып алдым.

А) сын есім В) зат есім С) үстеу Д) етістік Е) ар-ұят

6. Деректі зат есімді тап.

А) тас В) шабуыл С) дәулет Д) азап Е) ар-ұят

7. Дерексіз зат есімді тап.

А) алтыбақан В) жер С) даңқ Д) дария Е) жусан

8. Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтарын тап.

А) -лық,-лік В) -жан,-еке С) -ғы,-гі Д) -ым, -ім Е) -к,-ік

9.Толықтауыш қызыметіндегі зат есімді тап.

А) Олар найманды шүйелемей қоймас.

В) Су ағын,жел соғуын тоқтатып,даланың қайғылы мұңын талай тыңдағаны рас.

С) Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің бастауы-желтоқсан оқиғасы.

Д) Ол өзінің ағасына хат жазды.

Е) Ана тілі ғасырлар бойында жасала да,жасара да береді.

10 Жалқы есімі бар сөйлемді тап.

А) Көрісіп амандасқаннан көзімді ала алмадым.

В) Мен сені Алатаудың аясында қарсы аламын.

С) Адам ұлы адамша өмір сүрсін.

Д) Үстінде шетін кестелеген ақ көйлек,қызыл пүліш камзол.

Е) Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.

Сабаққа кіріспе жасау.

І. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, өтілу формасы туралы хабарлау.

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

  • Қандай ұлттық киімдерді білеміз?

  • «Болжау» стратегиясы бойынша ұлттық киімдерге болжау жасау.

Жаңа сөздермен таныстыру

  • Бір киер-праздничные одежды

  • Алқа-колье

  • Білезік-браслет

  • Шолпы-украшение для волос

  • Ішіктер-шубы ценные

  • Ұқыпсыздық-неаккуратность.

  • Ыңғайлы емес-не удобный

Мәтінмен жұмыс. Ұлттық киімдер.

Қазақ халқының климаттық жағдай ескеріліп,ежелгі дәстүр бойынша тігіледі.Олар үш түрге бөлінген.Бір киер киім,күнделікті киімдер, жұмыс киімдері. Біркиер киім қымбат матадан тігілген. Той-думандарға барғанда ,жат елге сапарға шыққанда киетін киімдер болған. Мұндай киімдер сәндеп тігіліп,жаға-жеңдерін әшекейлеп кестелеген. Олар ашық түсті көйлек, шапан ,камзол,аң терісінен тігілген ішіктер,тон, үкілі тақия,сәукеле, бөрікт.б көрнекті киімдер .Бұл киімдер тойдан кейін көп киілмей таза тұрады.Бір киер киімді күнделікті тұрмыста киіп, өте жарқырап жүру-ұқыптылыққа жатпайды.Әрі күнделікті киюге де ыңғайлы емес.Бірақ бойжеткен қыз бен жас келіншектер әрқашан сәнді киінуге,білезік, сырға, алқа салып, шолпы тағуға ерікті.

Қазақ халқының ұлттық киімдері төзімді де ыңғайлы,қарапайым да әсем болған.Мұндай киім киген адамға қыстың қаһарлы аязы , жаздың аптап ыстығы ,күздің қара суығы ,жауын-шашын ешбір қауіп-қатер төндіре алмаған.

Оқылым. Дамыта оқыту әдісі бойынша «Маңыздысын ажырата біл» Мәтін оқылып, ішіндегі ең маңызды мәселені қысқаша жазады. Ортаға салып талдайды. Осылайша оқушылар ақпараттың маңыздысын таңдай білетін болады.

ІҮ. Грамматикалық тақырыпты меңгерту. Зат есімнің сөйемдегі қызметін қайталау. 1.Тіл - ұлттың жаны.Атау септікте тұрып,кім,не сұрағына жауап беріп,бастауыш қызметінде.

2.Тіл - адамның ойын білідіретін құрал.Зат есім жіктеліп келіп,сөйлемнің баяндауышы да болады.3-жақта жіктелген сөздің жіктік жалғауы болмайды.

3.Тіл - идеяның,ойдың,сезмнің жанды көрінісі.Зат есім ілік септікте тұрып анықтауыш қызметінде .

4.Өз тіліңді қадір тұтпай тұрып,өзге тілді сүйе алмайсың. Зат есім табыс,барыс,шығыс,жатыс,көмектес септікте тұрып толықтауыш қызметін атқарады.

5.Біз тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз.Зат есім түбір тұлғада мезгілдік,мекен-бағыттық,себеп-мақсаттық мәндегі шылаулармен тіркесіп келіп пысықтауыш та болады.

Жазылым. Берілген сөздердің көмегімен сөйлемдер құрып, сөйлемдерді талдау.

Ыңғайлы, кию,пайдалану,шапан, тақия,сәукеле,ою-өрнек, сәнді ұнатамын, киер едім.Мысалы:Сәукеле-қалыңдықтың бас киімі.

Шығармашылық жұмыстар:

І. Тірек сызба негізінде «Киімдердің әлеуметтік дәрежесі» тақырыбында

әңгіме құрау. Осылайша зат есімнің сөйлемдегі қызметі пысықталады.

Ұлттық киімдердің түрлері

Пайдалану ерекшеліктеріне қарай

Жыл мезгіліне байланысты.

Жас және жыныс ерекшелігіне қарай

Күнделікті,сәндік

Қыстық, жаздық ,күздік

Ұл, қыз бала, қалыңдық бойжеткен, бозбала,келіншек,бәйбіше ,ақсақал

Әлеуметтік дәрежесіне,қызметіне,байланысты ұлттық киімдердің түрлері

Жоғары текті қазақтар киімі

Сән-салтанат киімдер

Ұлттық ойын-сауық киімдері

Қазақтың неке киімдері

Малшылар,аңшылар,батырлар киімі

Танымдық тапсырма. Киімдерге қатысты тыйымдар.

Бас киімді жерге тастамайды, іліп қояды.Киімнің жағасын баспайды.Тымақ тастап кешірім сұрау-бітімге шақырудың ең үлкен белгісі.Аяқ киімнің табанына қарамайды,себебі аяқ киімнің баспайтын жері жоқ.Зат есімдерді сөйлемдегі қызметіне талдау

Бас киімді-нені?күрделі,толықтауыш;жерге -қайда? дара,пысықтауыш;Тымақ-не? Дара,бастауыш;Киімнің-ненің? Дара, анықтауыш; Белгісі-дара,несі?баяндауыш.

Сабақтың қорытындысы, ой қорыту (рефлексия).

а)Пікірталас Маған ұлттық киім киген ұнайды. Маған ұлттық киім киген ұнамайды.

Мұғалімнің сөзі. Ұлттық киім тігетін «Сымбат »сән үйінің киім үлгілерімен таныстыру.

ә) Топтастыру. Зат есім сөйлемде қандай қызметтер атқарады?

баяндауыш бастауыш

Зат есімнің сөйлемдегі

қызметі

анықтауыш толықтауыш пысықтауыш

ҮІ. Бағалау.

Үйге тапсырма беру. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі. «Ұлттық киімдердің қазіргі кездегі маңызы» - тақырыбын пысықтау.







© 2010-2022