Тәжірибелік эксперименттік жұмыстың бағдарламасы

Раздел Химия
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өскемен қаласы әкімдігінің «Меновное орта мектебі» КММ










Тәжірибелік эксперименттік жұмыс бағдарламасы

2015-2020 оқу жылы




Тақырыбы: «Химия- биология сабағында тиімді инновациялық технологияны қолдану негізіндежеке тұлғаның дауына, білім сапасының артуына ықпал ету»


Құрастырған: Жанабилова Алия Акаевна

Химия-биология пәні мұғалімі


















Өскемен, 2015


Тәжірибелік эксперименттік жұмысының іздену тақырыбы:

«Химия- биология сабағында тиімді инновациялық технологияны қолдану негізінде жеке тұлғаның дауына, білім сапасының артуына ықпал ету» (2015 - 2020ж)

1. Тақырыптың өзектілігін негіздеу. Біз білім беру адамзаттың ортақ мүлкіне айналған дәуірде өмір сүрудеміз. Біздің міндетіміз - дүниежүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін ұсыну. Олай етпесек, көштен қаламыз. Өйткені ғасырымызда барлық салада даму өте жедел жүзеге асуда. Әрине, дамудың негізі - білімде.

Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне ену отандық білім дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етуде. Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр оқытушының мақсаты екені анық.

Білім беру жүйесі алдындағы міндет технология өзгерістеріне бейімделе алатын атқарушы тұлғаны қалыптастыру. Білім берудің болашақ мұраты ойлауға үйретуге негізделуі тиіс. Ойлау әдістері мен амалдарын сапалы түрде игеруге көшу - оқу үрдісіндегі өте маңызды кезең. Жаңа технология негізі - ізгілендіру және демократияландыру.

Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру - жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі болуына байланысты, сабақ өткізу әдіс-тәсілдеріне де жаңа технологиялар енгізіліп жатыр.Оқушыларды жеке тұлға ретінде қарап, олардың жеке бас ерекшеліктерін ескеру, инновациялық технологияны сабақта пайдалану мектептің өзекті ізденіс тақырыбынан келіп шығады. Қазіргі заманның мектебі бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда бүгін болып жатқан білім берудегі модернизациялау процестерінен шетте қала алмайды. Мектепте білім берудің маңызды және ажырамас кезеңі ретінде барлық дүниежүзілік тенденциялр мен инновациялар қатысты: тұлғалық бағдарлы қатынас, ақпараттандыру, шоғырлану және басқалар. Бұл тенденцияларға оқулыққа, қоғам сұранысы мен білім берудегі тұлғаның жеке қажеттіліктеріне бағдарлама талаптарындағы қарама-қайшылықтардың білім беру дағдарысымен пайда болған құзыретті қатынас жатады.

Құзыретті қатынас идеясы - қазіргі заман талабына сай тұлғаға қандай білім беру нәтижесі қажет және талап етілуі керек сұрағына жауаптардың бірі болып табылады. Бүгінгі күнгі білім беру саласындағы көкейкесті мәселелердің бірі - оқушылардың құзыреттіліігін қалыптастыру, ал құзыретті қатынас - білім беру сапасын қамтамасыз ету қажеттілігі мен бұл мәселені меңгеруге қажетті ақпараттар көлемінің көбею салдарынан дәстүрлі жолдармен шешу мүмкін еместігі қарама-қайшылығынан пайда болу проблемалық жағдайынан шығу ретінде қарастырылады.

  1. Тәжірибелік зерттеу жұмысының негізгі әдістемелік параметрі.

2008-2013 жж. арналған қаланың іздену тақырыбы: «».

Мектептің тәжірибелік зерттеу жұмысының өзекті тақырыбы: «і».

Әдістемелік коммиссияның тақырыбы: «Развитие субъектность участников образовательного процесса на основе современных педагогических технологий»

«Жаңа педагогикалық технология негізінде білім үрдісіне қатысушылардың жеке тұлғасын дамыту»(2015 - 2020жж.)

ТЭЖ-ң құрылымы Инновациялық технология білім беру кеңістігіндегі субъектілердің қабілетін дамытуға бағытталған оқу-тәрбие қызметі.

ТЗЖ-ң құралы білім беру субъектілерінің қабілетін дамытудағы инновациялық технологияны қолдануда педагогтармен іске асыру процесі.

Зерттеу мақсаты - оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру

мақсатына жету жолында оқытудың инновациялық технологиясын

қолдана отырып, оқушылардың кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауға үйрету.

Зерттеу болжамы - педагогикалық жағдайдың кешенді сақталуын іске асыру арқылы мектеп жасындағы балаларға білім берудегі өзара қарым-қатынас жасаудың мына шарттарын болжау:

  • жеке тұлға ретінде дамыту, барлық субъектілермен өзара қарым-қатынастың бірлесу қызметінің бірыңғай ұстанымдарын жүзеге асыру;

  • жеке тұлғаны дамытуда жаңа технологияларды, әдістерді, белсенді тәсілдерді басымдықпен пайдалану;

  • білім беру жүйесінде өзара қарым-қатынасты жоғары деңгейде дамыту; Бала бойында сенімділік пайда болады.

  • Оқушыға тек бағыт беріп,ізденуге ұмтылады.

  • Оқушы тақырыпты өздігінен түсінеді.

Зерттеу міндеттері:

- Оқушыны еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны соңына дейін жеткізуге, кедергіге қарсы тұруға бейімдеу.

-Әр сабақта оқушының кез келген мәселеге сыни көзқарасын қалыптастырып, оларды ашық, еркін сөйлеуге баулу

-Методикалық шеберлікті арттыра отырып, озық тәжірибені жеке тұлғаны дамыту мақсатында тиімді инновациялық технологияны қолдану және біріккен проектілерді орындау негізінде коммуникативті ерекшелігін дамыту.

-Тәжірибелік эксперименттік жұмыстың мониторингісін шығарып отыру

-Өзекті тақырыптың нәтижесін түйіндеу негізінде мұғалім үшін әдістемелік құралдарын шығару және дидактикалық материалдар жинақтау

-Қоғамдық орындармен байланыс

-Іс тәжірибе қала, облыс көлеміне насихаттау

Педагогикалық жоспарланған зерттеу жұмысының кезеңдері

Дайындық кезеңі (2015/2017)

Қалыптасу (2017/18)

Қорытынды (2019-2020)

1.Жоспарланған зерттеу жұмысының негізгі мақсатын анықтау

2.Тақырып таңдап алу, тақырып бойынша түрлі тапсырмалар орындау.

3.Зертеу мақсатын анықтауда негізгі зерттеу терминдерді қолдану немесе берілген болжам (гипотезаны) өзінің зерттеу болжамына жақындату.

4. Жаңа инновациялық технологияны таңдап, сол туралы өз білімді жетілдіру.

1.Зерттеудің теориясын оперрационализациялауы. Оның мәні абстракті теориялық психология - педагогикалық ұғымдарды зерттеу барысында түсінікті етіп өңдеу.

2.Жаңа технологияны оқыту ж/е үйрену

-Оқытудың сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану

-Білімнің мазмұнын игеру

-Оқушылардың білім алуға деген мүмкіндіктері мен психологиялық ерекшеліктерін алдын ала диагностикалау.

-Сабақ өткізудің әдістемелік жағын ұйымдастыра білу.

-Оқушыларды білімге ынталандыру;

-Оқушылардың білім дағдыларын бақылау және бағалау іс-әрекеті. Зерттеу жұмысының шарықтау кезеңі.

(2017 - 2018 о/ж).

1.Зерттеу әдістерінің класификациясымен танысады.

2. Зерттеудің даму стратегиясының жоспары мен ісін айқындауға дайындалады.

3.Теориялық білімдерді бекіту үшін үш деңгейдегі(репродуктивті, зерттеу, шығармашылық) тапсырмаларды орындайды.

4.Технологияның келесі кезеңінде анықтау және қалыптастыру тәжирібелерінің мәліметтерін өңдеуді қарастырады.

Зерттеу мәліметтерін өңдеу кезеңі (2018-2019)

1.Түрлі бағдарламаларда жұмыс жасау, ондағы мәліметтерді жылдам және дұрыс таңдау.

2.Оқушының жеке қабілітін дамытуда диагностикалық көрсеткіш бойынша пайымдау

1. Зерттеу нәтижелерін - интерпретациялау - барлық қарастырылған операцияларды жүйелеп теориялық деңгейге шығару

2. Оқушылардың білім, біліктілік сапасының қорытындысы

3. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы

4. Сабақтарда білім деңгейін көтеру жолдары

5. Оқушыларды білімге ынталандыру және қызықтыру.

6 Өз бетімен жұмыс істеу қабілетін арттыру

7. Әр-түрлі әдістемелік құралдар, тест жинақтарын, тапсырма жинақтамаларын шығару

8. Тәжірибелік эксперименттік жұмыстың нәтижесін жариялау: күнтізбелік-тақырыптық жоспар, сабақ әзірлемесі, диагностика әдістері







© 2010-2022