Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер

Сабақтардың тақырыбы: Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер. Сабақтың мақсаты: Білімділік:Химиялық реакция типтері мен реакция теңдеулерін теңестіру ұғымдарын қалыптастыруды оданәрі жалғастыру. Дамытушылық:Реакция теңдеулері бойынша сандық есептер шығаруды үйрену.Тәрбиелік:ұқыптылыққа, өз еркімен жұмыс жасауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың әдіс-тәсілдері: деңгейлеп оқыту.Сабақтың көрнекілігі: АКТ , кодоскоп, Д.И.Менделеев кестесі, үлестірмематериалдар; Тірекбілім м...
Раздел Химия
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтардың тақырыбы: Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Химиялық реакция типтері мен реакция теңдеулерін теңестіру ұғымдарын қалыптастыруды одан әрі жалғастыру.

Дамытушылық: Реакция теңдеулері бойынша сандық есептер шығаруды үйрену.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, өз еркімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: деңгейлеп оқыту.

Сабақтың көрнекілігі: АКТ , кодоскоп, Д.И.Менделеев кестесі, үлестірме материалдар;

Тірек білім мен біліктер: Зат мөлшері, заттың салыстырмалы молекулалық массасы, зат мөлшерінің өлшем бірлігі, заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру кезеңі.(2минут)

ІІ. Ой шақыру.(Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру)

Мини тест.(6 минут)

  1. Химиялық реакция типтері нешеге жіктеледі:

А) 2

Ә) 3

Б) 4

  1. Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауын ............ реакциясы деп атайды?

А) Қосылу Ә) Айырылыу Б) Орынбасу

  1. CuO + 2HCI = CuCI2 + H2O берілген химиялық реакция қай типке жатады?

А) Алмасу

Ә) Айырылу

Б) Қосылу

4. СuCI2 + Zn = ZnCI2 + Cu берілген химиялық реакция қай типке жатады?

А) Қосылу Ә) Орынбасу Б) Айырылу

  1. Атом - молекулалық ілімінің неше қағидалары бар?

А) 7 Ә) 8 Б)9

6. Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі затқа айналуын ....... реакциясы деп атайд?

А) Айырылу

Ә) Қосылу

Б) Орынбасу

  1. Химияда зат мөлшерінің (ν) өлшем бірлігі ретінде ........қабылданған?

А) грамм

Ә) килограмм

Б) моль

  1. Атом-молекулалық ілімнің қағидасы?

А) Барлық заттар атомдар мен молекулалардан құралады

Ә) Атомдар мен молекулалар үздіксіз қозғалыста болады

Б) Барлық жауап дұрыс.

Дұрыс жауабтары.1. Б, 2. Ә, 3. А, 4. Ә, 5. А, 6. Ә, 7.Б, 8. Б;

Бағалау:

"5"- қатесіз

"4"- екі қате болса

"3"- төрт қате болса

ІІ. Өзіндік жұмыс. (6 минут)

Өзіндік жұмыс орындау арқылы реакция теңдеулерін теңестіруді еске түсіру, оны орындатуға түрлі тәсілдерді ұсыну:

1-тапсырма: Төмендегі реакция теңдеулерін теңестіріңдер, қай реакция типіне кіретінін анықтаңыздар?

1-нұсқа

2-нұсқа

Ca + CI2 = Ca CI2 ( )

Na2 O = Na + O2 ( )

Ғе + СuCl2 = Ғе Cl2 + Cu( )

AI + CI2 = AI CI3 ( )

K 2 S + Na = Na 2 S + K ( )

Zn O + HCl = ZnCl2 + H2 O( )

Дұрыс жауабы.

1-нұсқа

2-нұсқа

Ca + CI2 = Ca CI2 (қосылу)

2Na2 O = 4Na + O2 (айырылу)

Ғе + СuCl2 = Ғе Cl2 + Cu(орынбасу)

2AI + 3 CI2 = 2 AI CI3 ( қосылу )

K 2 S + 2Na = Na 2 S + 2K ( орынбасу )

Zn O +2 HCl = ZnCl2 + H2 O( алмасу)

ІІІ. Жаңа сабақ: (10 минут)

Зат массасының сақталу заңын қайталай отырып, реакция теңдеулеріне сүйеніп сан есептерін орындау заңды іске асырудың бір жолы екенін оқушылар есіне салу.

Оның практикалық мәні зор. Ең алдымен оңайырақ теңдеулерді пайдаланып, есеп шығаруды дағдыландырады. Одан әрі күрделірек есептерді беруге болады.

Оқушыларға теңдеуге сүйеніп зат мөлшерін, содан соң массасын табуға арналған есепті талдап, кітаппен жұмыс жасауды ұсынуға болады.

Химиялық реакция теңдеуі бойынша есеп шығару реті

1. Есептің шартымен мұқият танысу

2. Есеп шартын таңбалармен жазып жобасын құру ( есептің берілгенің жазу)

3. Реакция теңдеуін жазу

4. Реакцияны теңестіру

5. Есеп шартында айтылған заттардың астын сызу

6. Теңдеу бойынша есеп шығаруға қажет мәліметтерді анықтау ( есеп шартына байланысты молекулалық масса, зат мөлшері, көлем,атом саны)

7. Теңдеудегі формула үстіне есеп шартында берілгенін, ал астына теңдеуден табылған шамаларды жазамыз

8. Пропорция құрып теңдеуді есептейміз

Есеп. № 1.

20 г кальций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің СаО массасы қанша?

Берілгені: m (Са)=20 гр

Табу керек: m (СаО)-- ?

Шешуі: 1) Кальций металының ауада жанғандағы реакция теңдеуін жазып теңестіреді?

2 Ca + О2 =2 CaО

2) реакцияға қатысатын қажетті заттардың формулалары бойынша массаларын есептейді:

Мr (Са) =40 2М (Са)= 40 г*2= 80 г

Мr (СаО) =40+16=56 2М (СаО)= 56г * 2= 112 г

3) тиісті формулалардың астына берілген және іздейтін шамалар жазылады.:

2Ca + О2 =2 CaО

80г 112г

20г х г

4) теңдеу бойынша:

80г Са оттекпен әрекеттескенде 112г СаО түзілді,

Ал 20 г Са оттекпен әрекеттескенде х г СаО түзіледі. Бұдан мынадай пропорция құруға болады.

80г :20г =112г : х г, х=20 г* 112г / 80г = 28 г CаО түзіледі. Жауабы m (СаО)=28г

Есеп. № 2.

Кальций мен оттек әрекеттескенде 56 г СаО түзіледі. Реакцияға қатынасқан оттектің массасы мен зат мөлшері қанша?

Берілгені: m (СаО)=56 гр

Табу керек: m (О2)-- ?

ν (О2) ---?

Шешуі:

2Ca + О2 =2 CaО

32г 112г немесе 1 моль ----112г

х г 56 г 2 моль ----56г

Бұдан х=32г* 56г / 112г = 16 г (О2 ) түзіледі, және ν= m / М

ν= m / М =16 г/ 32г / моль = 0,5 моль (О2) табылады:

Жауабы: m (О2)-16г

ν (О2) ---0,5 моль

Химиялық реакция теңдеулерін жаза білу және ол бойынша есептер шығаруды қорытындылап жүйеге келтіру.

ІҮ. Тақтамен жұмыс.(10 минут)

Есептер жинағынан есеп шығару. № 1-157есеп. Бертолле тұзының 2,45 грамы айырылғанда 1,49 грамм калий хлориді түзілді: Осы кезде оттектің қанша массасы бөлінгенін табыңдар?

№ 1-157есеп. Берілгені: m (КСІО3)=2,45г

m (КСІ)=1,49 г

Табу керек: m (3О2)-- ?

Шешуі

2КСІО3 ----- 2КСІ + 3О2

2,45г 1,49г х г

245г 149г 96г

Х= 2,45*96/245=0,96 г: х = 1,49*96/ 149= 0,96 г

Ү. Деңгейлік тапсырмалар.(7 минут)

«Өзіңді бағала» (Деңгейлік тапсырмалар үш деңгейде беріледі, әр оқушы өз деңгейінің шамасына қарай тапсырма алады. І деңгей көк түсті үлестірме қағаз, ІІ деңгей жасыл түсті үлестірме қағаз, ІІІ қызыл түсті үлестірме қағаз. І деңгейге толық жауап берілсе «3» деген баға, ІІ деңгейге толық жауап берілсе «4» деген баға, ІІІ деңгейге толық жауап берілсе «5» деген баға алады.

1. деңгей. 1 Химиялық элементтердің олардың таңбаларын оларға сәйкес келетін қазақша және латынша атауларымен сәйкестілігін табу

1. Сu темір cupprum

Fe сынап ferrum

H сутек hudrogenuim

  1. Деңгей. Мына заттардың салыстырмалы молекулалық массасын есепте?

Мr (СО)= Мr (BaО)= Мr (Al 2О 3)=

Дұрыс жауабтары: Мr (СО)=28г Мr (BaО)=153г Мr (Al 2О 3)= 102 г

3. Деңгей. Есеп. № 1.

30 г Барий ауада жанғанда түзілетін барий оксидінің ВаО массасы қанша?

Берілгені: m (Ва)=30 гр

Табу керек: m (ВаО)-- ?

Шешуі:

2Вa + О2 = 2 ВаО

30г х гр

274г 306 г

Бұдан х=30г* 306г / 274 г = 33,50 г (ВаО) түзіледі

ҮІ. Білімді бекіту.(2 минут)

  1. Химиялық реакция теңдеуі бойынша есеп шығару ретінің неше шарты бар?

  2. Бірінші шартты ата?

  3. Екінші шартты ата?

  4. Үшінші шартты ата?

  5. Төртінші шартты ата?

ҮІІ. Оқушыларды бағалау.(1 минут)

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер.

Есептер жинағынан есеп шығару. № 1-158есеп.

Жұмыс дәптерінен № 82 есеп (1 минут)



© 2010-2022