Доклад по информатике на тему Химиялық элементтердің биологиялық маңызы

Раздел Химия
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ОҚО.Түлкібас ауданы

Қожамберді ауылы

М.Шаханов атындағы

жалпы орта мектебінің

химия пәні мұғалімі

Қайрылбаев Ержігіт Молдашұлы


ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ

Соңғы жылдары халықтың салауатты өмір сүруіне көп көңіл бөлінуде. Табиғаттағы өзгерістер және қоршаған ортаның әсері жайлы зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Топырақ, ауа, су - тіршілік көзі екендігі белгілі. Ендеше, тіршілікке әсер етуші биогенді элементтер жайындағы ғылыми-жобалы жұмыстарды өзекті зерттеулердің қатарына жатқызуға болады.

Бұл жұмыста химиялық элементтердің адам ағзасы үшін маңызы және кері әсері әр түрлі ғылыми зерттеулерге негізделіп қарастырылған.

Химиялық элемент кездесетін зат Химиялық элементтердің маңызы
Көміртек, сутек, оттек, азот Ақуыздар, көмірсулар, т.б.органикалық заттар Органикалық заттар түзу үшін қажет.
Кальций Кальций фосфаты, кальций карбонаты Қанның ұюы, сүйекте, тіс эмалінде кездеседі.

Калий, натрий Na+ ағзаның сыртындағы ион K+ағзаның ішіндегі ион Жүйке импульсін реттейді.

Магний Хлорофилл Фотосинтез процесінде кездеседі. Ферменттің жұмысын жақсартады. Күкірт Ақуыздар, көмірсулар, т.б.органикалық заттар Ақуыз құрылысын түзі үшін қажет Фосфор Нуклеин қышқылдары Нуклеин қышқылдарын түзу үшін керек және сүйекте болады

Темір Гемоглобин Оттек тасымалдайды.

Фтор Кальций фториді Сүйекте, тісте болады.

Йод Тероксин Қалқанша безде кездеседі.

Хлор HCl Асқазан сөлінде болады.

Соңғы жылдарда әлемдік жаһандану үрдісінде табиғатта тепе-теңдік жағдайында сақталып тұрған кейбір химиялық элементтердің адам ағзасында бірден көбейе түсуі және ағза үшін маңызы бар элементтер мөлшерінің кеміп кетуі байқалуда. Химиялық элементтердің барлығы да тиісті мөлшерден артық болса немесе азайып кетсе адам ағзасына кері әсер ететіні анықталған. Химиялық элементтердің табиғатта таралу жағдайларына жасалған зерттеулер бойынша жердің массасының шамамен 50%-ын оттек, 25%-дан астамын кремний құрайды. Он сегіз элемент - оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, калий, натрий, магний, сутек, титан, көміртек, хлор, фосфор, күкірт, азот, марганец, фтор, барий - жер массасының 99,8%-ын құраса, ал қалған 0,2%-ы барлық басқа элементтердің үлесіне тиеді.

Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі:

1.Макроэлементтер (оттек, сутек, көміртек, азот, фосфор, күкірт, кальциий, магний, натрий және хлор); ағзадағы мөлшері 10% - дан жоғары болады.

2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері 10%-15%.

3. Ультрамикроэлементтер - сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15% - дан төмен.

Осыған байланысты мектептің 9,10,11-сынып оқушылары арасында химия пәнінен тақырыптық және сыныптан тыс білім сайыстары ұйымдастырылды. Оқушылардың пәнге қызығушылығы мен белсенділігі қарқын алды. Сөзіме дәлел болу үшін 10 және 11-сынып оқушыларына зерттеу мониторингісі жасалынды. Ауыл мектептеріндегі балалардың химия пәнін таңдауда аз болды. Дегенмен де нәтиже төмендегідей:

2014-2015 оқу жылында химия пәнін 1 оқушы таңдады, оның көрсеткіші:


ҰБТ қорытындысы бойынша оқушы Алиева Лейла Оңтүстік Қазақстан облысындағы Медакадемияның «Фармацевтика» факультетіне түсіп, грант иегеріне атанды.


2015-2016 оқу жылында химия пәнін 1 оқушы Шиникул Эльвира таңдап отыр, оның дайындық көрсеткіші төмендегідей:

Мектеп бітіруші түлектерге көмек көрсету мақсатында жәнеоқушылардың адам ағзасына қажетті элементтерді дәрумендер арқылы пайдалануды меңгеру аса қажет. Сонымен қатар оқу-әдістемелік құралдарды тиімді пайдалану ұтымды. Осы бағытта химия мамандықтары бойынша оқуға түсу және жоғары оқу орындарына арналған білім гранттарының иегері болуда пән мұғалімінің сабақтағы қолданған тиімді әдіс-тәсілдері ең қарапайымнан күрделісіне қарай жүргізгені дұрыс.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Тагидиси Д.Г., Алиев С.Д. Микроэлементы и здоровье. Х 1979.

2. Маршелл Э. Биофизическая химия. -М: Мир, 1981.

3. Хьюз М. Неорганическая химия биологических процессов. - М: Мир, 1983.

4.Қ.Бекішев, Досаханова, С.Сантаева «Химия: ҰБТ есептері» - Алматы 2015.

5. «Химия мектепте» журналы №6 2006 жыл 75 бет.


© 2010-2022