Жапсыру «Жемістер»

Оқу бағыты: ШығармашылықТарау: ЖапсыруТақырыбы: ЖемістерМақсаты: Тәрбиеленушілердің жемістер жайлы ой-өрісін кеңейтіп,дамыту. Оларды маңызы жайлы, пайдасы жайлы түсіндіру. Жемістердің алуан түрлілігін ұғындыру.Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы.Тәрбиеленушілерді ең алдымен техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Алманы- қызыл түсті қағазбен жасату, алмұртты-сары, құлпынайды-күлгінмен, шиені-қызғылт түспен жасату. Жемістер жылусүйгіш өсімдік, олар ағашта өседі. Олар к...
Раздел Химия
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Өткізген: Кожбанова Сауле
Жас ерекшелігі: №1 II -сәбилер тобы Білім беру салалары: «Қатынас», «Шығармашылық»
Тарауы:Тіл дамыту, жапсыру. Тақырыбы: «Жемістер» Мақсаты: - Балаларды жемістердің белгілеріне қарап, бөлуге, оларды көрудің көмегімен сезіне білу қимылдары арқылы тексере білуге үйрету;
- Түстерді сезіне білуді дамыту; жемістерді түстеріне қарай іріктеу; екі бөліктен бүтін құрастыруды;
- Дайын қалыптарды желімдеу кезінде ұқыптылыққа үйрету;
- Табиғатқа деген қызығушылықтарын ояту.
Құрал-жабдық: жемістердің муляждары;алма, банан,апельсин,фланемграф, карточкалар-жемістерфланелеграф үшін;кірпі ойыншық; жапсыру үшін - кастрюльдің силуэті, қызыл және сары дөңгелектер d =2см қағаздан, желім, қылқалам, майлықтар.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық 1.Ұйымдастырушылық сәт.
«Табиғат дыбыстары» таспаға жазылған естіледі.Жаңбырдың шуы»
Тәрбиеші Н. Пукулеваның өлеңін оқып береді.
Қарашы тағы да терезеге!
Терезеге қарашы!Тағы да
Шықты жаңбыр қыдыруға!
Жаңбыр жауды - ой- ой - ой,
Барлығың үйге. Үйге, үйге!
Тәрбиеші: жүгіріңдер, тезірек маған. Менде қолшатыр бар, біздің қайда тығылатынымыз жаңбырдан. Балалар бақта болады.
Іздену барлау Тәрбиеші : Бұл Күз, тағы да бізге көрініп кетті.Балалар, сендер білесіңдерме, Күз адамдарға көп сыйлықтар сыйлайтынын. Жуырда күз бізге бір себет әдемі жапырақтар сыйлады.Біз одан әдемі гүлдесте құрап, әдемі жапсыру жасадық. Ал күзде біздің жейтін сыйлықтар бар. Кәне тауып алайыкшы, күз қайда сыйлықтарды тығып тастаған екен, оны иісі арқылы табуға да болады. Барлығы бірге жемістерді үстелдің үстіне қойып қарастырады: алма, лимон, банан, апельсин.
- Ой, қараңдаршы бізге кірпі келді, мынау соның жемістері сияқты. Ол бұларға тиіскен жоқ, өйткені ол білмейді олар қалай аталатынын. Кәне, кірпіге көмектесейікші.
Дидактикалық ойын:
«Тауып көрші, қай жеміс»
- Үлкен, дөңгелек,қызыл, тәтті, піскен - бұл...(алма).
- Үлкен, сары, ұзын, пальмада өседі - бұл...(банан)
-Үлкен, тоқсары, дөңгелек, піскен - бұл...(апельсин).
Артикуляциялық жаттығу:
Беттері -алмадай. Сендердің беттерің дөңгелек алмадай.
Екі ұртын үрлеу.( бұртиту).
Тіл - жапырақ алманың бүйірін жапты.
Тілді жоғары көтеріп және үстіңгі ерінді жабу.
Алмалар ағаштан шөпке түсіп жатыр:
« Бам- бом- бум!»Үлкен алманы бейнелеу(қатты), орташа(ақырын), кішкентай (баяу).
- Кәне кірпіге айтып берейікші, жемістер қайда өседі екен.
Жаттығу: «Жемістер қайда өседі».
Тәрбиеші балалардың назарын ағаштарға аударады, фланелеграфта бекітіліп тұрған. Тәрбиеші: алма, банан, апельсин бақта өседі. Оларды бір сөзбен « жемістер»- деп атайды.
Үстелден қолдарыңдағы жемісті суреттен тауып алыңдаршы( бұл карточкалар фланелеграф үшін), содан соң оны сол ағашқа бекітіңдер, сол жеміс өсетінге.
- Алмалар қай ағашта өседі? ( алма ағашында)
- Апельсиндер апельсин ағашында өседі.
- Лимон қай ағашта? ( лимон ағашында).
Сергіту сәті:
Тәрбиеші: балалар, кәне кірпіге жемістерді апарып берейікші, үйіне дейін.

Біздің аяқтарымыз жүріп кетті. Тура тіп- тік жолда.
Кірпінің үйіне.
Жап- жасыл орманда.
Жолменен секіріп,
Аяқтарды жиі айырбастап,
Қолдарымызды соғып,
Аяқтармен сартылдатып,
Жапсыру « Жеміс-жидек тосабы».
Кірпі: Жемістер қандай көп, мен білмеймін, олармен не істеу керек екенін.
Тәрбиеші: Жемістерді сол қалпында жеуге болады, бірақта жуып жеу керек. Кесуге болады, қайнатпа қайнатуға да болады екен.
Қазір балалар саған жемістерден тосап пісіруге болатынын айтып, қайнатуға көмектеседі.
Кірпі:- Балалар сендерге рахмет, маған жемістер туралы көп айтып бердіңдер, түсіндім.
Ал, енді мен ормандағы достарыммен бөлісейін. Сау болыңдар, балалар.

Балалар іздеп, жемістері бар себетті тауыпалып, орындықтарына отырады.

- Алма

- Банан

- Апельсин

Балаларға кез келген алманы таңдап алу ұсынылып, тексеру арқылы тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді: пішін, түс, өлшемі, көлемі.

- алма ағашында

- апельсин ағашында

-лимон ағашында

Балалар хормен қайталап, сосын жемістерді фланелеграфқа бекітеді.
Балалар тәрбиешімен қимылды мәтіні бойынша жасайды.

Балаларға желім, қылқалам, майлық, дайын формаларды таратады; сары және қызыл дөңгелектерді - «алмалар мен алмұрттар» және кастрюльдің трафаретін,балалар дайын формаларды дөңгелектерді
«кастрюльге» желімдейді.
Балалар кірпімен қоштасады.
Рефлексивті - қорытындылау - Кім бізге қонаққа келеді?
-Біз кірпіге қандай көмек жасадық?
Сендерге көмек еткен ұнады ма?
Бір- біріне көмек еткен кезде өте көңілді және үлкен сезімде боласың.
- Қазір сендердің көңіл- күйлерің қандай?
Мен сендерге әркім өз көңіл- күйін көрсете білуді ұсынамын. Үстелде әр түрлі адамның бет бейнелері жатыр: қуанған, ренішті, ашуланып тұрған, байсалды т.б.с.
Өздеріңнің көңіл- күйлеріңе жататынды таңдап алыңдар. Балалардың жауабы.

Балалар өздерінің көңіл- күйлерін білдіреді.

Күтілетін нәтиже: Білуі немесе хабардар болуы: жемістердің атын, жемістер қайда өсетінін, пішінін, көлемін, түсін.
Меңгергені: жемістерге деген танымдылық қызығушылығы, қоршаған әлемге деген ізгілігі.
Істей біледі: сөйлемдердегі дыбыстарды дұрыс айтуды, сұрақтарға жауап береді.

© 2010-2022