Химия пәнінен тоқсандық бақылау жұмыстары

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

10-сыныптарға химия пәнінен аудандық бақылау жұмысы

І нұсқа

1. Мына молекулалардың: AlCl3, BeF2, PH3 құрылымдық формуласын бейнеле. Гибридтену типін анықта.

2. Мына комплексті қосылыстардың атын атап, әрбір комплексті қосылыстан орталық атом мен координациялық санды көрсет: а) K[Al(OH)4] ; K3[Fe(CN)6]; Na [Ag(H2O)4], [Cu(NH3)4] (OH)2

3. S + O2 ⇄ SO2 + 297 кДж теңдеуі берілген. 160 грамм күкіртті жаққан кездегі бөлінетін жылу мөлшері:

4. Вr2 молекуласында қандай химиялық байланыс типі болады, түзілу схемасын көрсет?

ІІ нұсқа

1. Мына молекулалардың: AlBr3, BeI2, NH3 құрылымдық формуласын бейнеле. Гибридтену типін анықта.

2. Мына комплексті қосылыстардың атын атап, әрбір комплексті қосылыстан орталық атом мен координациялық санды көрсет: а) Na[Al(OH)4] ; Na3[Fe(H2O)6]; Na [Ag(S)4], [Ag(NH3)2] OH

3. Егер термохимиялық теңдеу С+О2 = СO2+402,2 кДж болса, 360 г көмір жанғанда бөлінетін жылу мөлшері қанша?

4. НВr молекуласында қандай химиялық байланыс типі болады, түзілу схемасын көрсет?


© 2010-2022