Ашу –дұшпан, ақыл-дос

Тәрбие   сағатының   тақырыбы : Ашу –дұшпан, ақыл-дос Мақсаты :  - Ашуға ерік бермеу, ашуды ақылға жеңдіру, ойлана білу, адамгершілік құндылықтарының  мән-мағынасын ашу ; Міндеті : -         Достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру; -         Айнала қоршаған адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту; -    Жауапкершілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу; Көрнекілігі : интерактивті тақта, плакаттар, мақал-мәтелдер Жоспары: І. Кіріспе. ІІ.”Сабыр түбі – сары алтын”көрініс. ІІІ.”Ашуды жеңу” бейнебаян. ІV.Мақал – мәтел. V.Қорытынды. І. Кіріспе Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі.                       М.Әуезов Адам пенде болғаннан соң көптеген өмірінде келеңсіздіктерге бой алдырады.Соның бірі, адамдар арасындағы жағымды қарым –қатынасқа, өкпе – реніш нұқсан келтіріп, өзара түсінбеушілік туғызады.Сол себепті өкпе, ренішке бой алдырмай адамдарға түсіністікпен,  ізгілікпен, құрметпен қарау керек.          Өкпе, реніш адамның көңіл-күйіне, денсаулығына кері әсерін тигізеді.Айналаңа  ылғи өкпелеп, ренішпен қарау, риза болмау,  түрлі ауруларға шалдықтырады.          Кемшіліксіз адам болмайды.Білмегендіктен қателесу болады. Қателесу – кінәлі болу.Кінәсін мойындау әркімнің қолынан келе бермейді. Ал қатесін түсініп түзеу- ақылдылықтың, қайраттылықтың белгісі.          Іс-әрекеттің байыбына бара алатын,ұстамды,сабырлы, ақылды , жақсы мен жаманның арасын айра алатын, әрі іске дұрыс  бағасын бере алатын адамды ақылды адам дейді.          Бойдағы ашуды жеңу үшін Данышпан атаның кеңесін жаттап аламыз І. Ашу қысқан кезде өзіңді - өзің ұстай біл. ІІ.Ашуланған кезде  бірден онға дейін іштей сана. ІІІ.Жақсы іс туралы ойла ІV.Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте. VІ. Басқа адамды ренжітетініңді  ойла. VІІ. Соңынан өкінетініңді есіңе ал. VІІІ.Ашуды ақылға жеңдір. Көрініс: І-топ  “Ата ақылы” ІІ-топ “Патшалар  дауы” Көріністен соң оқушылар болған жайттарды талқылайды.Ата ақылының баласына қаншалықты әсер еткені жөнінде және патшалардың  не үшін ашуға ерік бергендігі жөнінде оқушылар сарапқа салады. “Ашуды жеңу” бейнебаяны. Тақтадан «Ананың көзі» бейнебаяны көрсетіледі, Бұл дүниеде мұқтаж жандардың олардың сонда да ашуланбай жүруінің себептері айтылады. Мақал-мәтелдерді табу ойынының шарты: кесте берілген, онда адасқан сөздерді тауып, мақалдың мағынасын айту керек.Үлгі : Қиялдайды             Ашу Арындайды Тыңдайды 1. Ашу – арындайды, Ақыл аяңдайды 2. Ашу – пышақ, ақыл - таяқ 3. Ас тасыса- қатығы төгілер,  Ашу тасыса- ақылы төгілер 4. Жаманның ашуы -басы жерге тигенше, Жақсының ашуы – шәйі орамал кепкенше 5. Ашу үстінде ант жүрмейді 6. Айырылмастай досыңа – қайырылмастай сөз айтпа 7. Ашу – дұшпан,  ақыл- дос, ақылыңа ақыл қос. 8. Қайтып кірер есікті қатты жаппа 9. Сабын кірді ашады, сабырсыз сырды ашады. 10. Аюды жеңген –жарты ер, ашуды жеңген – бүтін ер Қорытынды Ойлағаныңыз тек оң болсын,өйткені ойлағандарыңыз- сөздеріңіз болады. Сөздеріңіз тек оң болсын,өйткені сөздеріңіз-  әрекетіңіз болады. Әрекетіңіз тек оң болсын , өйткені әрекетіңіз- әдетіңіз болады. Әдеттеріңіз тек оң болсын - өйткені әдетіңіз – құндылығыңыз болады. Құндылығыңыз тек оң болсын -  өйткені құндылығыңыз-тағдырыңыз болады. Тәрбие сағатының соңында өз білімдерімен көзге түске топ марапатталады.
Раздел Химия
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашу –дұшпан, ақыл-досСәлеметсіздер ме! Мен Арал ауданы Аралқұм елді мекенінде № 61 орта мектебінде өзін-өзі тану пәнінен сабақ беремін. Мен осы сабағымды сіздердің газеттеріңізге жіберіп отырмын. Сіздерден осы сабағымды газетке жариялауыңызды сұраймын.

Қабылдағандарыңызға рахмет!

Мұғалімі Битенова Инабат Тағыбергенқызы

№ 61 Аралқұм орта мектебі

Сыныбы 8

Тәрбие сағатының тақырыбы : Ашу -дұшпан, ақыл-дос

Мақсаты :

- Ашуға ерік бермеу, ашуды ақылға жеңдіру, ойлана білу, адамгершілік құндылықтарының мән-мағынасын ашу ;

Міндеті :

  • Достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру;

  • Айнала қоршаған адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту;

- Жауапкершілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу;

Көрнекілігі : интерактивті тақта, плакаттар, мақал-мәтелдер

Жоспары:

І. Кіріспе.

ІІ."Сабыр түбі - сары алтын"көрініс.

ІІІ."Ашуды жеңу" бейнебаян.

ІV.Мақал - мәтел.

V.Қорытынды.

І. Кіріспе

Ақыл - адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. М.Әуезов

Адам пенде болғаннан соң көптеген өмірінде келеңсіздіктерге бой алдырады.Соның бірі, адамдар арасындағы жағымды қарым -қатынасқа, өкпе - реніш нұқсан келтіріп, өзара түсінбеушілік туғызады.Сол себепті өкпе, ренішке бой алдырмай адамдарға түсіністікпен, ізгілікпен, құрметпен қарау керек.

Өкпе, реніш адамның көңіл-күйіне, денсаулығына кері әсерін тигізеді.Айналаңа ылғи өкпелеп, ренішпен қарау, риза болмау, түрлі ауруларға шалдықтырады.

Кемшіліксіз адам болмайды.Білмегендіктен қателесу болады. Қателесу - кінәлі болу.Кінәсін мойындау әркімнің қолынан келе бермейді. Ал қатесін түсініп түзеу- ақылдылықтың, қайраттылықтың белгісі.

Іс-әрекеттің байыбына бара алатын,ұстамды,сабырлы, ақылды , жақсы мен жаманның арасын айра алатын, әрі іске дұрыс бағасын бере алатын адамды ақылды адам дейді.

Ашу –дұшпан, ақыл-дос

Бойдағы ашуды жеңу үшін Данышпан атаның кеңесін жаттап аламыз

І. Ашу қысқан кезде өзіңді - өзің ұстай біл.

ІІ.Ашуланған кезде бірден онға дейін іштей сана.

ІІІ.Жақсы іс туралы ойла

ІV.Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте.

VІ. Басқа адамды ренжітетініңді ойла.

VІІ. Соңынан өкінетініңді есіңе ал.

VІІІ.Ашуды ақылға жеңдір.

Көрініс:

І-топ "Ата ақылы"

ІІ-топ "Патшалар дауы"

Көріністен соң оқушылар болған жайттарды талқылайды.Ата ақылының баласына қаншалықты әсер еткені жөнінде және патшалардың не үшін ашуға ерік бергендігі жөнінде оқушылар сарапқа салады.

"Ашуды жеңу" бейнебаяны.

Тақтадан «Ананың көзі» бейнебаяны көрсетіледі, Бұл дүниеде мұқтаж жандардың олардың сонда да ашуланбай жүруінің себептері айтылады.

Мақал-мәтелдерді табу ойынының шарты: кесте берілген, онда адасқан сөздерді тауып, мақалдың мағынасын айту керек.Үлгі :

Қиялдайды

Ашу

Арындайды

Тыңдайды

1. Ашу - арындайды,

Ақыл аяңдайды

2. Ашу - пышақ, ақыл - таяқ

3. Ас тасыса- қатығы төгілер,

Ашу тасыса- ақылы төгілер

4. Жаманның ашуы -басы жерге тигенше,

Жақсының ашуы - шәйі орамал кепкенше

5. Ашу үстінде ант жүрмейді

6. Айырылмастай досыңа - қайырылмастай сөз айтпа

7. Ашу - дұшпан, ақыл- дос, ақылыңа ақыл қос.

8. Қайтып кірер есікті қатты жаппа

9. Сабын кірді ашады, сабырсыз сырды ашады.

10. Аюды жеңген -жарты ер, ашуды жеңген - бүтін ер

Қорытынды

Ойлағаныңыз тек оң болсын,өйткені ойлағандарыңыз- сөздеріңіз болады.

Сөздеріңіз тек оң болсын,өйткені сөздеріңіз- әрекетіңіз болады.

Әрекетіңіз тек оң болсын , өйткені әрекетіңіз- әдетіңіз болады.

Әдеттеріңіз тек оң болсын - өйткені әдетіңіз - құндылығыңыз болады.

Құндылығыңыз тек оң болсын - өйткені құндылығыңыз-тағдырыңыз болады.

Тәрбие сағатының соңында өз білімдерімен көзге түске топ марапатталады.



© 2010-2022