Внеклассное мероприятие на тему ХХІ ғасыр көшбасшысы

Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ХХІ ғасыр көшбасшысы


Мақсаты: Оқушылардың пәндерге деген қызығушылықтарын, әр пән бойынша білімдерін жинақтау, танымдық қабілетін, белсенділігін арттыру, экстремалды сәтте тез шешім таба білуге үйрету.

Оқушылардың тілімен ойын, зейні мен зердесін дамыту, ойын толық жеткізуді үйрету.

Оқушыларды топ алдында өзін еркін ұстап, денсаулықты қадірлеу, қоршаған ортаны қорғауға, ұйымшылдық пен мейірімділікке, білімді, дарынды, озық болуға баулу.

Көрнекілік: әр түрлі номенклатуралар, Қазақстанның физикалық картасы, үлестірмелі қағаздар,слайдтар.

Сайыстың өтілу барысы: І. Ұйымдастыру (оқушыларды орналастыру).

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Сайысқа 8-9 сынып оқушылары қатысып отыр. Әр түрлі пәндерден білімдерін саралаймыз. Сайыскерлермен таныстырып өтейін.

Көңілді тапқыштар, білімділер

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді, көп оқыған балса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

І тур - «Бәйге» әр дұрыс жауапқа 10 ұпай

1-оқушыға.

  1. Заттардың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі (Атом)

  2. Ең биік тау шыңы (Джамалунгма, Эверест)

  3. Өсімдіктер мен жануарлар организмінде негізгі органоид? (Ядро)

  4. Адамзат тарихының ең алғашқы кезеңі (Полеолит)

  5. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен (Ніл)

  6. Ұлы Абаймен дос болған, «Қырғыздардың әдет ғұрып туралы зерттеген кім?» (Гросс)

  7. Мидың орташа салмағы ( 1300-1400 г )

  8. N2 -78%, O2 -21 %, CO2 - 0.03%, басқа газдар 1% бұл не? (Ауаның құрамы)

  9. Түбір астындағы жүз (10)

  10. Күнге ең таяу айналатын планета (Меркурий)

2 оқушыға.

  1. Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр (коэффициент)

  2. Желдің бағыты мен күшін анықтайтын құрал (флюгер)

  3. Адам организмінде ұлпаның неше түрі кездеседі? (4, эпителий, дәнекер, бұлшықет, жүйке)

  4. Түрік тайпаларының басшысы қалай аталған (қоғам)

  5. Ортаңғы құлаққа нелер жатады? (Дабыл жарғағы, 3 дыбыс сүйекшесі, балғашық, төс үзеңгісі)

  6. Химиялық реакцияның жылдамдығын тездететін, өздері реакция кіріспейтін зат (өршіткі)

  7. Оттегінің тотығу дәрежесі (-2)

  8. Заттар қандай агрегаттық күйде болады? ( сұйық, қатты, газ)

  9. 4 қабырғасы тең тіктөртбұрыш (квадрат)

  10. Ақшаның құнсыздану үрдісі (инфляция)

3 оқушыға.

  1. Жер қыртысында оттектің көлемі қанша? (49,13%)

  2. Мұнайды ең көп өндіретін ел? (Сауд Арабиясы)

  3. Жапыраққа жасыл түс беретін зат (хлоропласт)

  4. Табиғатта өсімдіктің оттекті бөліп шығару процесі (фотосинтез)

  5. Абылайдың лақап аты (Сабалақ)

  6. Біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған күрделі зат (оксидтер)

  7. «Донор», «Реципиент» деген не? (қан тапсыратын, қабылдайтын адам)

  8. «Хан батыр» , Дарабоз атанған қай батыр (Қабанбай)

  9. 7-нің 3 дәрежесі 49*3=343

  10. Х.Колум 1492 жылы қандай материкті ашты (Америка)

4 оқушыға.

  1. Айдаһар бейнесіне ұқсайтын элемент (Күкірт)

  2. Қазақстанда қанша көл бар (48 000)

  3. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасаушылар мен жасуша аралық заттар жиынтығы (Ұлпа)

  4. Қазақстандағы ең биік тау шыңы (Хан-Тәңірі)

  5. Барлық бөліктер бір-бірімен байланысқан, тұрақты өзін-өзі зерттеуші экологиялық жүйе (Биогеоценоз)

  6. Қоршаған орта әсерінен металдардың бүлінуі (коррозия)

  7. Жетісудағы 1916 жылы көтерілістің басшысы (Б.Әшекеев)

  8. «Тар жол, тайғақ кешу» романының авторы (С. Сейфуллин)

  9. 1 кг тас ауыр ма, 1 кг мақта ауыр ма? (тең)

  10. Дүние жүзіндегі ең үлкен жеміс (асқабақ)

5 оқушыға

  1. Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым (С.Аррениус)

  2. Қазақстанда ірі қорғасын зауыты қай қалада орналасқан (Шымкент)

  3. Жүйке жасушасы қалай аталады (нейрон)

  4. Керамикалық бұйымдар өндіру үшін қандай табиғи шикізат қолданады (саз)

  5. «Алаш» партиясының газеті («Қазақ» газеті)

  6. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін аспап? (гигрометр)

  7. 25 жылға сотталған тарих ғылымының докторы (Е.Бекмаханов)

  8. Бейметалдардың жалпы саны (22)

  9. Екі әкесі мен екі баласы келе жатып 3 апельсин тауып алады. Бөлгенде әр қайсысына бір-бірден тиді. Бұл қалай болғаны? (3 адам)

  10. Күннен ең алыс айналатын планета (плутон)

6 оқушыға

  1. Бейметалдық қасиет топ бойынша қалай өзгереді (жоғарыдан төмен қарай)

  2. Қазақстандағы жауын-шашын мол түсетін жер (Алтай)

  3. Қазақстанда бұғы өсіретін облыс (Шығыс Қазақстан)

  4. Плазмалық жарғақша арқылы ірі, қатты заттардың сіңірілуі мен қорытылуы қалай аталады? (фагоцитоз)

  5. Абылай хан қай жылдары хандық құрды? (1771-1781)

  6. Биыл Қазақ хандығының құрылғанына қанша жыл (550 жыл)

  7. «Күн шығыс елі» атанған мемлекет (Жапония)

  8. Көміртектің аллотропиялық түр өзгерісі (Алмаз, графит)

  9. Жүз санын қалай нөлсіз жазуға болады (жүз)

  10. Параллель түзулер дегеніміз не? (қиылыспайтын түзулер)

ІІ тур. Полиглот

«Ақыл - ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті» - деген екен Ғ.Мүсірепов. Тіл ұлттың жаны, халықтың үні. Сондықтан да қазіргі заман талабына сай бірнеше тілді білу қажет. Қазақстан шыққан өткір ойлы, жан-жақты ғұлама этнограф, тарихшы, әдебиетші, географ, саяхатшы Ш.Уалиханов 8 тілде еркін сөйлей алған. Ал, дарынды жастарымыз қазір үш тілді меңгерген.

Химияға, биологияға қатысты мақал мәтелді аяқтап, сол сөзді тауып, үш тілде айтып ұпай жинайсыздар. Бұл жерде биологиядан- ағылшынша , химиядан - латынша оқылуын айтады. Кім бірден жауап береді? Білмеген болса, білген адамнан сұралады.


  1. От - көмір жейді,

Тот - ... жейді (темір, железо, феррум)

  1. Адам көркі - шүберек,

Ағаш көркі ... (жапырақ, лист, Leaf)

  1. Ақыл арымас,

... шірімес (алтын, золото, аурум)

  1. Қыз өссе елдің көркі

... өссе жердің көркі (гүл, цветы, flower)

  1. Мақтаның анасы жер,

Атасы ... (су,вода, water)

  1. Аз сөз - алтын

Көп сөз - ... (күміс, серебро, argentums)

Жұмбақтар

  1. Өзім газбын менімен демаласың

Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың (оттек, кислород, оксигенум)

  1. Осы затпен ескі үйді аластайды,

Түсіне қарасаң, алтынға ұқсайды (күкірт, сера, сульфур)

  1. Ең жеңіл элемент саналады,

Периодтық жүйеде осыдан бастау алады (сутегі, водород, гидрогениум)

  1. Өзі ауыр металға жатады,

Балалар осы металл құйған сақамен атады. (қорғасын,свинец,плюмбум)

  1. Көтеріліп теңізден

Аспанға биік барамын

Биіктен қайта түскенде

Өңі кірер даланың (жаңбыр, дождь, rain)

  1. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа, воздух, air)

ІІІ тур. «Ғажайып жетілік»

Торкөзде жазылған пәндерді таңдап сұрақтарға жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпай. Ең көп ұпай жинаған оқушыдан бастаймыз.


  1. География: І. Алтай тауы қандай бөліктерден тұрады (3, Кенді Алтай, Оңтүстік Алтай, батыс Алтай)

ІІ. Арал теңізін зерттеген зерттеушілерді ата (Геродот, Северцов, Краснов)

  1. Химия: І.Ол болмаса асыңның дәмі кірмес,

Кім бар екен ортада оны білмес (NaCl)

ІІ.Ес-түссіз адам талып қалса кейде, иіскетсен есін жияр ол кезде (NH4OH-мүсәтір спирті)

  1. Биология: І. Күзгі жапырақтардың сарғаны қызаруы қандай пластидтердің болуына байланысты (хромопластар)

ІІ.Жасушаның негізгі құрылыс материалы болатын органикалық зат (нәруыз)

  1. Тарих: Қазақ хандығында «Ақтабан шұбырынды» жылдарын еске түсіретін қандай ән бар (Елім-ай)

ІІ. Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі болған, Халық қаһарманы кім? (С.Нұрмағамбетов)

  1. Математика: І. 100 тауық 100 күнде 100 қадақ тары жейді. Ал 10 тауық 10 күнде қанша тары жейді. (10)

Бағдаршамның тыйым салған белгісінде жүруге төленетін айып 83 рубль, теңгемен қанша? 1 рубль-3теңге қазір 3*83=249 теңге

  1. Спорт: І. Ұлттық ат спорты түрлерін атаңыз (жорға жарыс,аламан бәйге, көкпар тартыс, қыз қуу)

ІІ.2000жылы жүгіріп кедергіден секіруден Сидней олимпиадасының алтын медалын алған Қазақстанның желаяқ спортшысы (Ольга Шишигина)

  1. Өнер. І. «Атаманның ақыры» , «Аталар жері » кинофильмдерінің режисеры, талантты Қазақстан кино актеры кім? (Шәкен Айманов)

ІІ. «Қыз Жібек» кинофильміндегі басты рөлдерді кім ойнады? (Тастанбеков, Өтекенова)

ІІІ. «Ата толғауы», «Аққу » күйлерінің авторы, «Отырар сазы» оркестірінің ұйымдастырушысы (Нұрғиса Тілендиев)

(Аз ұпай жинаған оқушы ойыннан шығып қалады)

ІV тур. «Сөзмерген» бөлімі

«Күшті болсаң тауып көр» , тұрақты сөз тіркесін құру (Әр дұрыс жаап 10 ұпай)

1.Сан есім - Он Сын есім - ақ

Жиырма көк

Қырық пышақ болды қызыл ағынан жарылды

Елу қара

(мағынасы қандай)

2.Намыс Лагман

Қыз қолдан бермеді көже

Күш ет пісірім

Ақша сүт

3. Аққу жан

Көкек адым қыз

Сауысқан жігіт сұлу

қарға үй

Көрермендер үшін:

1.өлі 2.ет

Тірі бақи күріш ауыр

Жаны балық

Ғұмыр картоп

2. «Мықты болсаң шауып көр» мақал-мәтел құрау

- немере

Бала сүйек «Немере етін жеп сүйегін береді»

Әке

Ата

-Тоқсан тобық «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»

Сексен

Жетпіс

Елу

-қырыққабат

Таз

Ішек

Құмалақ қарын «Бір құмалақ бір қарын майды шірітер»

-әже

Ата оқ «Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер»

Әке

Бала

-кәрі жарылқа «Сыйласаң кәріңді, жарылқармын бәріңді»

Қарт

Шал

Ақсақал

-оқушы

Оқу ине «Оқу- инемен құдық қазғандай»

Әже

Кесте

Көрермендер үшін: Ілім

Білім мың «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»

Ғылым

Мансап

Таз

Таза той «Таз таранғанша той тарқар»

Қыз ұзату

сүндет

3.Ойлы болсаң озып көр (Көне сөздерді табу)

1.Киім балықшы Ат әбзелі

Тағам Малшы мирасқор Тағам барымта

Мал ақлақ Мүлік малы Киім

Кісі Мұғалім Ұры-қары

Аз ұпай жинаған 1 оқушы шығады

V тур. «Жорға»

Сусыз өмір болған емес

Сусыз әлем көркем емес

Сондықтан да бар әлемде

Су қымбат деу жалған емес.


  1. Табиғатта ең көп таралған зат (су) 1 минутта жауап беру керек

  2. Судың формуласы (H2O)

  3. Судың с.м.м. (18)

  4. Судың газ күйі (бу)

  5. Су молекуласындағы оттектің тотығу дәрежесі (-2)

  6. Судың тығыздығы ½ мл (1/2см)

  7. Судың кристалл тор типі (молекулалық)

  8. Судың қайнау температурасы (100 0С)

  9. Жер шарындағы судың %-дық мөлшері (70%)

  10. Адам ағзасында қанша %-дық мөлшерде болу керек (60-65%)

1. Мидағы судың мөлшері (81%)

2. Судың қатты күйі (мұз)

3. Судың қату температурасы (00С)

4. Сутек жанғанда алынатын зат (су)

5. Жердің су қабаты (гидросфера)

6. Астана қай өзеннің жағалауында орналасқан (Есіл)

7. Б.Қ.О. ұзын өзен (Жайық)

8. Теректі ауданындағы ең үлкен көл (Шалқар)

9. Суды айырғанда нелер түзіледі (сутек, оттек молекуласы)

10. Қазақстанда су тұщыландыратын қондырғы қай қалада орналасқан (Ақтау)

Құрметті сайыскерлер!

Ластанған суды тазартатын қарапайым құрылғыны жасаңыз. Ол үшін пластикалық шөлмек, құм, ыдыс, қайшы, мата, ластанған су берілген. Ойлануға 1 минут

Жауап: пластикалық шөлмектің түбін кесіп, төңкеріп, ауыз жағына кішкене мата салып, ыдысты ортасына дейін өзен құмымен толтырамыз. Құм - тамаша табиғи сүзгі. Үстіне ластанған суды құйып, астына таза су жинайтын ыдыс қоясыз. Бірақ, бұл суды ішуге болмайды, микробтарын жою үшін қайнату керек.

Мұғалім: Естеріңізде болсын !

«Суды ластау оңай, тазарту қиын».

Әділқазыларға сөз беру

Көшбасшыны анықтау «ХХІ ғасыр көшбасшысы» лентасын тағу . Марапаттау

Қарлығаш Едресова

БҚО, Теректі ауданы

Қызылжар негізгі орта мектебі


Қызылжар жалпы білім беретін негізгі мектебі

















ХХІ ғасыр көшбасшысы


8-9 сынып оқушылары үшін





Қ.А.Едресова





Қызылжар ауылы


© 2010-2022