ХИМИЯ САБАҒЫНДАҒЫ МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде болашақ оқытушылардың инновациялық ic-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін мeңгepyi – маңызды мәселелердің бipi. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге оқытушыларды даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бipi және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі әрекеттің нәтижесі болып табылады. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл ... Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күні оқу орындарының алдында тұрған басты міндет – өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді мамандар тәрбиелеп шығару. Биология пәні оқытушылары өз тәжірибелерінде  химия жайлы білім өте қажет екендігіне кездеседі. Модульдік оқыту технологиясы – болашақ маманның танымдық-интеллектуалдық әлемін дамытып қана қоймай,  кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан оқыту технологиялары  жеке тұлғаның дамуына, оның рухани тұрғыда жетілуіне маңызы зор,  білімдік және психологиялық мәні терең құндылық бағдар ретінде танудың мүмкіндігі бар [1].
Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ОӘЖ 37.05:367.8:373.854


ХИМИЯ САБАҒЫНДАҒЫ МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ


ЕСПЕНБЕТОВА Ш.О.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда

мемлекеттік университеті

ТИМУРҚЫЗЫ А.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда

мемлекеттік университетінің

4-курс студенті

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде болашақ оқытушылардың инновациялық ic-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін мeңгepyi - маңызды мәселелердің бipi. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге оқытушыларды даярлау - оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бipi және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі әрекеттің нәтижесі болып табылады. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру білім беру ордасының басты міндеті болып саналады.

Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күні оқу орындарының алдында тұрған басты міндет - өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді мамандар тәрбиелеп шығару. Биология пәні оқытушылары өз тәжірибелерінде химия жайлы білім өте қажет екендігіне кездеседі.

Модульдік оқыту технологиясы - болашақ маманның танымдық-интеллектуалдық әлемін дамытып қана қоймай, кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан оқыту технологиялары жеке тұлғаның дамуына, оның рухани тұрғыда жетілуіне маңызы зор, білімдік және психологиялық мәні терең құндылық бағдар ретінде танудың мүмкіндігі бар [1].

Соңғы жылдары оқытудың белсенді формалары даму үстінде, бірақ оқытушы мен білім алушының өзара қатынасын жүзеге асыру үшін базистік жағдай жасауға назар аудару қажет. Оқытудың белсенді формаларын тиімді пайдаланудың басты шарттарының бірі модульдік оқыту болады. Мұндай оқыту білім алушының оқу ақпаратын саналы қабылдауға дайындығын қалыптастырады, оның ойлау қызметін белсенді етеді, шығармашылық қабілетін дамытады.

Жоғары оқу орындарында биология мамандығы білім алушыларына жалпы химия пәнін модльдік технологиямен оқыту төмендегідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

  • білім алушылардың жалпы және кәсіптік пәндерден алған білімдерін іс жүзінде пайдалану дағдысын қалыптастыруға;

  • жаңа технологияларды пайдалану арқылы білім беруді ақпараттандыруды кеңінен қолдануға;

  • оқу материалын білім алушылардың білім деңгейіне лайықтап пайдалану арқылы олардың ойлау қабілеттерін дамытуға;

  • модульдік технологияның теориялық негіздері арқылы болашақ мамандардың өндірістік қызметіне қажетті ұғымдарды саналы меңгеруіне мүмкіндіктер туады [2].

Модульдік технологияны пайдаланып жалпы химия пәнін оқытуды жүзеге асыру үшін оқытушыға төмендегідей талаптар қойылады:

  • оқу үрдісінде модульдік технологияны пайдалануды жүзеге асыру барысында оқу әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі принциптерін білу;

  • білім беру жүйесіндегі модульдік технологияны қолданудың ролін түсіну және оларды дамыту перспективаларын көру;

  • оқу үрдісінде модульдік технологияның мазмұндық, іс-әрекеттік ерекшеліктерін білу;

  • оқыту үрдісінде модульдік технологияны жүзеге асырудың психологиялық-педагогикалық негізін білуі.

Білім алушыларға жалпы химиядан терең білім беру үдерісін нәтижелі ұйымдастыру пәннің әдістемелік қамтылуының қандай дәрежеде әзірленгеніне байланысты болады.

Пәннің әдістемелік тұрғыдан жабдықталуына оқу жоспары, бағдарламасы, білім алушыға арналған оқу-әдістемелік кешенін құру жатады. Оқу-әдістемелік кешендер Қазақстан Республикасы білім беру стандартына, Қазақстан Республикасы жоғары білімін дамыту бағдарламасына, типтік бағдарламаға сүйеніп құрылады. Мазмұндық компонент пәнді оқытуға қажетті құралдарының толықтығын және оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданылуды керек етеді. Білім алушыларды оқытудың әр түрлі формаларын (дәріс, семинар, зертханалық жұмыс, сарамандақ сабақ), БАӨЖ және БАОӨЖ-ын дұрыс ұйымдастыруда олардың жекебас ерекшеліктерін ескеріп, тапсырманың мазмұны мен көлемін олардың деңгейлеріне қарай беру өте маңызды мәселенің бірі.

Білім алушының қолында осындай оқу-әдістемелік кешеннің болуы білім алушының оқу үдерісін дұрыс ұйымдастыруына, уақытын үнемді пайдалануына жағдай туғызады.

«Биология» мамандығында оқитын білім алушыларға «Жалпы химия» пәнін игерту барысында модульдік оқыту технологиясы қолданылды. Кредиттік жүйе бойынша бұл пәнге 3 кредит бөлінген. 3 кредит - бұл 30 дәріс, 15 зертханалық сабақ, 15 оқытушы мен білім алушының өзіндік жұмысы және 75 білім алушының өзіндік жұмысы бар. Бұл пән қазіргі кезде базалы пәндердің таңдаулы компонентіне жатады. Осыған байланысты бұл пәнге мамандық ерекшелігіне байланысты оқу бағдарламасы, білім алушыларға арналған жұмыс оқу бағдарламасы (Sуllabus) және пәннің жұмыс бағдарламасы жасалынды. Жұмыс оқу бағдарламасында берілген тақырыптар модульдерге бөлінді. Пәннің негізгі мазмұнын беретін тарауларды біріктіре отырып пән мазмұны 7 модульге бөлінді. Әр модуль кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытындыдан тұрады.

1-курс білім алушыларына арналған модульдік оқыту технологиясы бойынша жасалған жұмыс оқу бағдарламасының бір бөлігін ұсынамыз.

Модуль №1

Химияның негізгі түсініктері мен заңдары. Атом құрылысы.

Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі.


Модуль құрылымы

Сағат саны

Модульдің мазмұны

Уақыты

Ескертпе

Кіріспе

1,2-ші сабақ

1.Модульге кіру

2. Дәріс: Химияның негізгі заңдары мен түсініктері. Атом құрылысы. Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі.

100 минут

Білім алушылардың дәптерге жазуы

Сөйлесу бөлімі

3-сабақ

«Рөлдік ойын»

Химияның негізгі заңдары мен түсініктері.

50 минут

Топ бойынша жұмыс

4-сабақ

«Семинар» сабақ

Атом құрылысы.

50 минут

Топ бойынша жұмыс

5-сабақ

Не? Қайда? Қашан?

Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі.

50 минут

Топ бойынша жұмыс

6-сабақ

Зертханадағы қауіпсіздік ережелері. Сынақ сабақ

100 минут

Жеке жұмыс

7-сабақ

Зертханалық сабақ Эквивалентті анықтау.

100 минут

Жеке жұмыс

Қорытынды

8-сабақ

Сынақ

50 минут

Жеке жұмыс

9-сабақ

Тест

50 минут

Жеке жұмыс

10-сабақ

Бақылау жұмысы

50 минут

Жеке жұмыс

Модуль №2

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары

Модуль құрылымы

Сағат саны

Модульдің мазмұны

Уақыты

Ескертпе

Кіріспе

1,2-ші сабақ

1.Модульге кіру

2. Дәріс: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары.

100 минут

Білім алушылардың дәптерге жазуы

Сөйлесу бөлімі

3-сабақ

«Қышқылдар» тақырыбына семинар сабақ

50 минут

Өз бетінше жұмысы

4-сабақ

«Оксидтер» тақырыбына семинар сабақ

50 минут

Топ бойынша жұмыс

5-сабақ

«Негіздер» тақырыбына семинар сабақ

50 минут

Топ бойынша жұмыс

6-сабақ

«Тұздар» тақырыбына семинар сабақ

50 минут

Топ бойынша жұмыс

7-сабақ

Не? Қайда? Қашан? Жиынтық сабағы

50 минут

Топ бойынша жұмыс

8-сабақ

Зертханалық сабақ «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары»

50 минут

Жеке жұмыс

Қорытынды

11-сабақ

Бақылау жұмысы

50 минут

Жеке жұмыс

12-сабақ

Тест

50 минут

Жеке жұмыс

13-сабақ

Сынақ

50 минут

Жеке жұмыс

Модуль №3

Химиялық байланыстар. Крситалл торлары

Модуль құрылымы

Сағат саны

Модульдің мазмұны

Уақыты

Ескертпе

Кіріспе

1,2-ші сабақ

1. Модульге кіру

2. Дәріс: Химиялық байланыстар. Крситалл торлары.

100 минут

Білім алушылардың дәптерге жазуы

Сөйлесу бөлімі

3-сабақ

«Рөлдік ойын» Химиялық байланыстар

50 минут

Топ бойынша жұмыс

4-сабақ

«Семинар» сабақ

Кристалл торлары

50 минут

Топ бойынша жұмыс

5-сабақ

«Іскерлік оқу ойьндары»

Химиялық баланыс

50 минут

Топ бойынша жұмыс

6-сабақ

Химиялық байланыстар және кристалл торларына жаттығулар орындау

50 минут

Топ бойынша жұмыс

Қорытынды

7-сабақ

Бақылау жұмысы

50 минут

Жеке жұмыс

8-сабақ

Тест

50 минут

Жеке жұмыс

9-сабақ

Сынақ

50 минут

Жеке жұмыс

Модульдік оқыту технологиясы арқылы оқыту барысында кіріспе бөліміндегі дәріс сабақтары бейнедәріс түрінде берілді және қорытынды сабақтарда өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындауда ақпараттандыруды қолдану арқылы әр түрлі деңгей бойынша құрылған бақылау жұмыстарын орындау нәтижесімен, семестрлік жұмысты орындау барысында көрсетті.

Семинар, ойын, конференция сабақтарында білім алушылар кіріспе бөлімінде алған теориялық білімдерін ұштастыра отырып «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары» модульі бойынша өткізілетін қышқылдардың, тұздардың химиялық қасиеттері, олардың биологиядағы ролі іскерліктерін анықтауға негізделді. Ол саралап, даралап берген тапсырмалар көмегімен анықталды. Зертханалық сабақтарды химиялық реакция жылдамдығы, ерітінділер дайындауға арналған тәжірибелер орындалды.

Зерттеу жұмыстарының нәтижелері көрсеткеніндей, жалпы химия курсына модульдік технология компоненттерін қосу барысында жалпы химиялық білімдерді жүйелі қарастыру, нысандарды жан-жақты мазмұнды блоктарға бөлу тұрғысынан қарастыру, химиялық есептерді шешу, химиялық бағытталған зертханалық жұмыстарды орындау білім алушылардың қарастырылып отырған мәселеге деген қызығушылығын арттырып, химияны оқуға деген мотивациясын күшейтіп, химиялық білімдер жүйесінің меңгерілу тиімділігін арттырады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1.Чепенко О. А. Интегративно-модульные технологии обучения Текст. / О. А. Чепенко // Специалист. 2004. - № 3. - С. 20-22.

2. Шотаева У.И. технология модульного обучения с применением разноуревой дифференциации по системе Ж.Караева // Творческая педагогика. 2000 №2.

Резюме

В данной статье автор рассматривает актуальные проблемы модульной технологии в процессе обучения химии ВУЗе. Автор попытался раскрыть проблемы при внедрении данных приемов в процессе обучения студентов. В статье аргументировано, обоснованны преимущества инновационного подхода в сравнении с традиционными формами обучения студентов. В процессе обучения используются информационные технологии, что является неотъемлемой частью данного приема обучения. Данные инновационные приемы образования позволяют подготовить нестандартно мыслящих молодых специалистов.

Summary


The actual problems of innovative methods in the process of training have been considered by the author of this article. The author tried to solve the problems at introduction of these methods in the process of students' training. In the article the advantages of innovative approach in comparison with the traditional forms of students' education are reasonable shown. Optimization of modern methods of training and their introduction in the educational process are also considered by the author. In the process of training information technologies that are the integral part of this method of training are used. The given innovative methods allow training unconventionally thinking young specialists

© 2010-2022