• Преподавателю
  • Химия
  • Салыстырмалы атомдық масса. Салыстырмалы молекулалық масса №1 көрсетілім /1. 2/

Салыстырмалы атомдық масса. Салыстырмалы молекулалық масса №1 көрсетілім /1. 2/

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Салыстырмалы атомдық масса. Салыстырмалы молекулалық масса №1 көрсетілім /1.2/Салыстырмалы атомдық масса. Салыстырмалы молекулалық масса №1 көрсетілім /1.2/Сабақтың тақырыбы:

Жай және күрделі заттар.Салыстырмалы атомдық масса. Салыстырмалы молекулалық масса №1 көрсетілім /1.2/

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жай және күрделі заттар . Салыстырмалы атомдық масса. Салыстырмалы молекулалық масса туралы ұғымды түсіндіру.

Дамытушылық: химиялық элементтердің таңбасын жазуды, салыстырмалы атомдық массаларын есептеуге және салыстыруды үйрету.

Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі..Электрондық оқулық.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі-тәсілдері: сұрақ-жауап,СТО.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Қызығушылықты ояту

1. Химиялық элемент дегеніміз не?

2. Молекула және атом дегеніміз не?

3. Химиялық элементтерді неше топқа бөлеміз?

Мағынаны тану

Жаңа материалды оқыту.

Атомдардың массасын граммен не килограммен өлшеуге бола ма?

Атомдардың массасы өте кіші болғанымен олардың сандық мәні дәлдікпен анықталған. Мысалы ең жеңіл атом атом сутегінің атомдық массасы:

mа (H)=1.66*10-24 г немесе 1,66*10-27кг Оттегінің массасы одан 16 есе ауыр:

mа (O)=2.66*10-23 г немесе 2,66*10-26 кг-ға тең.

Мынадай сандарды пайдалану ыңғайсыз. Сондықтан атомдық массаны өлшеу үшін арнайы өлшем бірлігі, массаның атомдық бірлігі (м.а. б) қолданылады .

Массаның атомдық бірлігі (м.а. б.) бұл көміртегінің 1/12 атомдық массасына тең. Көміртегі атомның массасы:

2,0*10-26г немесе2,0*10-26кг,ал мұның 1/12 бөлігі

20*10-26kг =1.66*10-27кг =1,66*10-24г.

Осы мәнді м.а.б. деп аламыз. Бір атомдық масса бірлігіне тең сандық мәнді салыстырмалы атомдық масса деп анықтама беріледі. Салыстырмалы атомдық масса өлшемсіз шама екенін және оны (индексі ағылшын тілінде relative- "салыстырмалы " деген мағына береді ).

Мысалы оттегі үшін:

Ar=2.66*10-23 = 16

0.66*10-23

массасының атомдық бірлігімен (м.а.б.) алынған атомдар массасынан салыстырмалы атомдық массаның өлшемсіз шамасын ажырата білу керек.

мысалы; mа (H)=1м.а.б. Аr (H) =1

та (O)=16 м.а.б. Ar (O ) =16

та (S)=32 м.a.б. Ar (S) =32

Демек сутегі атомның массасы көміртегі атомның массасына 1/12 бөлігіне тең екенін, ал оттегі ал оттегі атомның массасы 16 есе, күкірт 32 есе бұл масадан ауыр екенін көрсетеді.

Химиялық формула

жай және күрделі

Химиялық формула - заттың құрамын химиялық элемент таңбалары және индекстер көмегімен шартты түрде бейнелеу.

Заттың салыстырмалы молекулалық массасы, берілген зат молекуласының массасы көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен неше есе ауыр екенін білдіреді.

Химиялық формула арқылы салыстырмалы молекулалық массасын табамыз:

Мr (H2O) = (2•1)+16=18

Бірнеше мысалдармен түсіндіріледі.

Ой толғау.

Жаңа сабақты меңгерту:

1. Оттегі атомы массасынан салыстырмалы атомдық массасы көп болатын үш элементті көрсету.

2. Қандай мақсатта химияға «салыстырмалы атомдық масса» ұғымы енгізілген?

3. Салыстырмалы молекулалық масса дегеніміз не? Осы анықтаманы айқындайтын формуланы жазу.

4.Кальций фосфатының Са3(РО4)2 салыстырмалы молекулалық массасын есептеп шығарту. Бағалау. Үйге тапсырма беру.



© 2010-2022