"Ашық сабақ;«Судың диссоциоциялануы. Судың көрсеткіші»"

Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Судың диссоциоциялануы. Судың көрсеткіші.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды білімдерін іс жүзінде қолдануға үйрету

  2. Дамытушылық: ізденіс жұмыстарында біліктерін және сенімділіктерін қалыптастыру.

  3. Тәрбиелік: ойлау қабілеттерін дамытып, табиғатта судың қасиеттерін сипаттауға баулу.

Сабақтың түрі: Конференция сабағы .

Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, әңгімелесу, пікірлесу.

Көрнекілік: Интерактивтік тақта, презентация, плакат.

Сабақтың барысы:

Жоспар:

І. Судың диссоциоциялануы. Судың көрсеткіші түсінік беру

ІІ. Әр сала бойынша болашақ мамандарға сөз беру

ІІІ. Сұрақтар қойып, пікірталас жүргізу

ІV. Қорытындылау

І. Ұйыммдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды түгендеу.

ә) оқушылардың көңіл - күйін сабаққа аудару

Салематсыздар ма, оқушылар!

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса тіршілік тамам бауырым.
Судың біздер біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз қадірін.


Күкірт қышқылымен + мырыш - тұз + сутегі. Сутегіні бөлінгенін сірінкемен тұтатып, көрсету. Бүгінгі тақырыбымыз: Судың диссоциациялануы. Судың көрсеткіші.Бүгінгі сабағымыз конференция түрінде өтеді. Төрт топқа бөлініп, әр топтың алдына мақсаттары қойылды. Енді диссоциациялану туралы қысқаша түсінік беріп кетейін. Мен айтып отырған мәліметтерді қысқаша жазып отырыңыздар.

ІІ. Негізгі бөлім

Электролиттік диссоциациялану механизмі (Латынша "диссоциация" - "ыдырау" деген сөзді білдіреді.) Мысалы, калий хлориді сулы ерітіндіде оң зарядталған калий ионына К+ және теріс зарядталған хлор ионына Сl- диссоциацияланады: KCl = К+ + С1- Иондардың зарядтарын былайша өрнектейді: ионның таңбасының оң жақ шекесіне араб цифрымен зарядтың шамасын жазып, одан кейін оның белгісін қояды.

  • Мысалы, Na+, Н+, Са2+ , Al3+ , Cl-, SO42-.

Бір зат диссоциацияланғанда пайда болатын оң және теріс зарядтардың шамалары әртүрлі болуы мүмкін, бірақ жалпы алғанда барлық оң зарядтардың қосындылары барлық теріс зарядтардың қосындыларына тең болады. Сондықтан ерітінді, жалпы алғанда, бейтарап болады. Электролиттік диссоциациялану теориясын одан әрі дамытып, электролиттердің иондарға ыдырау процесін ашып көрсеткен орыс ғалымдары Д. И. Менделеев, И. А. Каблуков және В. А. Кистяковский болды. Д. И. Менделеев еру процесінің мәнін, ерітінділердің табиғатын өзінің гидраттық теориясы арқылы түсіндірді. Бұл теория еріген заттың су молекуласымен химиялық әрекеттесуі нәтижесінде гидраттар деп аталатын тұрақсыз қосылыстар түзілетінін көрсетеді. Д. И. Менделеев еру құбылысын заттың жай ғана бөлшектерге физикалық бөлінуі емес, олардың су молекулаларымен қосылып, гидраттар түзетін химиялық процесс те екенін дәлелдеді.1887 жылы белгілі швед ғалымы С. Аррениус электролиттік диссоциоциялану теориясы қышқылдарға, негіздер және тұздардың табиғаттағы жаңа тұрғыдан зерттеуге мүмкіндік береді. Химия ғылымында иондық теорияның маңызы ерекше, себебі олардың молекулалары суда ерігенде иондарға ыдырайды.

Газтектес хлорсутекті қысыммен сыққанда шығатын сұйықтық электр тогын өткізбейді. Судағы ерітіндісі электр тогын жақсы өткізеді, күшті электролит түзеді.Хлорсутек суда ерігенде жылудың бөлінуі, олардың арасында химиялық әрекеттесу жүргенін білдіреді:

НСІ + Н2О = H 3О + + СІ-

Сусыз күкірт қышқылы суда еріген де көп мөлшерде жылу бөледі де, оксоний және сулфат ондары түзіледі.

Н2SO4+ 2Н2О = 2H 3О + + SO4-2

Электролиттік диссоциоциялану деп электролит ерітінділерінде түзілетін, ретсіз қозғалыста болатын және электр тогын өткізу қабілеті бар, иондарға ыдырау процесін айтамыз. . Иондар дегеніміз - зарядталған атомдар немесе атомдар тобы. Оң зарядталған иондар - катиондар, теріс зарядталған иондар - аниондар деп аталады. Заттарды суда еріткенде гидраттар түзіледі. Иондардың гидраттануы - диссоциация процесінің негізгі себепшісі. Электролиттік диссоциациялану - қайтымды процесс, сондықтан оның теңдеуінде теңдік белгісінің орнына, қайтымдылық белгісі қойылады .

Тәжірибедегідей химиялық таза су электр тогын өте жақсы өткізеді.

Н2О →Н+ + ОН-

Оқушыларды топтпарға бөліп, интерактивті тақтада

Ал енді бәріміз жазып болсақ, жобаны қорғау кезеңіне көшейік.

а) І топ жұмыс тақырыбы «Су - өмір »

б) ІІ топ жұмыс тақырыбы « Су - денсаулық »

в) ІІІ топ жұмыс тақырыбы « Су - байлық »

г) ІV топ жұмыс тақырыбы « Су - экологиясы»

«Су - өмір »

1. Судың синтезі

2. Физикалық және химиялық қасиеттері

3. Судың қатаюы мен еруіне тәжірибе

4. Сутек көрсеткіші.

І. ХІХ ғасырда өмір сүрген көрнекті неміс физологі Эмиль Райман «Өмір дегеніміз - су» деп бекер айтпаса керек. Табиғатта судың орнын ауыстыратын зат жоқ. Оның құндылығы да, бірегейлігі де осында. Адамның денсаулығын сақтауда судың маңызы ерекше зор. Ежелгі заманда адамдар әр түрлі дерттеуден сақтану үшін суды емге пайдаланған. Біздің заманымыздан 1800 жыл бұрын үнділіктер «өмір ілімі» деген кітапта «Барлық лас, кір су жуылып- шайылып» деген Ерипид. Жер бетіндегі суға қарағанда жоғары температуралы, еріткіштік қасиеті күшті - жер асты суларында әр түрлі химиялық қосылыстар, газдар органикалық заттар көп болады. Сондықтан минералдық суды ем ретінде ішуді ұсынған.

Академик Е.А. Ферсман «Су - жердегі ең маңызды минерал, онысыз тіршілік жоқ» деген екен.

Бұдан шығатын қорытынды: су - табиғи ресурстардың ең мол да бағалы түрі. Егер, су болмаса, жерде тіршілік болмайды, жер көгермейді, сарғалдақтар мен қызғалдақ өспейді, орман, жан - жануар, құстар, құрт құмырсқалар ғайып болады. Су дегеніміз - сонымен өмір!

ІІ. Судың физикалық қасиеттері. Таза су - түссіз сұйықтық, дәмі жоқ, иіссіз.

Табиғатта су үш агригаттық күйде кездеседі: қатты, сұйық және газ. Төмен температурада судың буға айналуы өте баяу өтеді, температура көтерілсе буға айналуы тездейді. Жабық ыдыста су мен одан ұшып шыққан будың арасында динамикалық тепе - теңдік туады, яғни келісімді уақыт ішінде неше молекула буға айналса, сонша молекула будан суға көшеді. Сұйықтық пен тепе - теңдікке келген бу қанық бу деп аталады. Химиялық қасиеті:

Ашық сабақ;«Судың диссоциоциялануы. Судың көрсеткіші»Na + 2H2 O = 2NaOH + H2

а)Магний мен мырыштың сумен әрекеттесуі.

Ашық сабақ;«Судың диссоциоциялануы. Судың көрсеткіші»Ашық сабақ;«Судың диссоциоциялануы. Судың көрсеткіші»Ашық сабақ;«Судың диссоциоциялануы. Судың көрсеткіші»Mg + 2H2 O MgO + H2

Ашық сабақ;«Судың диссоциоциялануы. Судың көрсеткіші»Zn + 2H2 O ZnO + H2

Ашық сабақ;«Судың диссоциоциялануы. Судың көрсеткіші»б) Кальцийдің сумен әрекеттесуі:

Са + 2H2O → Са(ОН)2 + H2

в) Au мен Ag - нің сумен әрекеттесуі.

Осы үш жағдайда үш түрлі реакция жүреді.

1.Тез, шапшаң әрекеттеседі, реакция нәтижесінде негіз түзіледі.

2. Баяу қыздыру арқылы, реакция нәтижесінде оксид түзіледі.

3. Реакция жүрмейді, Неге? Себебі сутегін ығыстырып шығармайды.

ІІІ. Судың қатаюы және оның қатты күйіндегі балқуын зерттеу

Жұмыс мақсаты:

Тәжірибе жүзінде судың қатаю температурасын анықтай отырып, оның қатты күйінен сұйық күйіне өткендегі құбылысын бақылау.

Қажетті құралдар мен материалдар: мұз кубиктері, мұздатқыштың мұз қатыратын ыдысы, термометр, екі пластмассадан жасалған стақан.

Тәжірибе барысы:

  1. Бірінші стақанға жартылай су құйып, мұздатқышқа қоямыз. Уақыт өтуіне қарай судың бетіне мұз қата бастағандағы температурасын термометрмен өлшейміз. Ол температура 0 0С -қа тең болды

  2. Бірнеше әбден қатқан мұз кубиктерін алып, стақанға салып мұздың суға айналу, яғни балқу температурасын анықтаймыз. Ол температура да 0 0С -қа тең болды.

Тәжірибе соңындағы қорытынды:

1. Судың қатаю және балқу температурасы 00С-қа тең екенін тәжірибе жүзінде дәлелдедік.

2. Судың мұз болып қатқан кезде көлемін ұлғайтатыны анық. Қатты дене ретінде мұз суға батпайды, яғни, салмағы сұйықтықтан азырақ болады.

3. Тұщы су 0°C деңгейінде қатады, 100°C деңгейінде қайнайды.

4.Су - табиғи ортада заттардың үш тірлі агрегаттық күйлерінде бола алатын жалғыз ғана белгі зат, тіршіліктің көзі.

Химиялық қасиеті: Ас тұзын қосып, онда мынадай реакция пайда болады.

NaСІ + HOН → NaOН + НСІ

Na+ ОН- + H+ СІ-

VІ. Сутек көрсеткіші.

Алдында айтып кеткендей, сутек және гидроксид иондары концентрациялары бірдей ерітінділерді бейтарап ерітінді деп атайды. Гидроксид ионына қарағанда сутек ион концентрациясы артық болса - қышқылдық, сутек ионына қарағанда гидроксид ионы артық болса - сілтілік ерітінді деп аталады.

рН- ты өлшеудің әр түрі бар. Оларды қышқылдық - негіздік индикаторлар көмегімен анықтауға болады. Ғылыми лабораторияда рН - ты арнаулы аспаптар - рН - метр шыны электродты иономерлер көмегімен анықтайды. Көптеген химиялық және биологиялық процестер үшін рН мәні зор.

рН мәндерін келтірейік:

Азқазан сөлі 1,7

Қан 7,4

Сілекей 6,9

Жас 7,0

Қияр шырыны 6,9

Сәбіз шырыны 6,7

Алма шырыны 2,5

Картоп шырыны 5,9

б) « Су - денсаулық »

1. Судың шығу тарихы

2. Судың адам ағзасында алатын орны.

3. Су - тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі.

4. Адам ағзасында

Адам денесінің 60% -ға жуығы судан тұрады. Күн сайын ересек адам 3 л -ден астам су ішеді.Зат алмасу үрдісі тек сулы ортада өтеді. Егер адам 1- 1,5 литр суды жоғалтса, шөлдейді, әлсірейді, нашарлайды. Адам ағзасына келіп түсетін тіршілік үшін маңызы зор заттар ( шай, мтнералды тұздар, дәрумендер, нәруыз, т.б) үшін су негізгі еріткіш. Ішетін судың құрамында - хлордың , темірдің , марганеутің, мырыштың, т.б химиялық заттардың қоспалары бар .

Жануарлар мен өсімдік ағзаларынан 65 микроэлемент табылған. Осы элементтердің 14 - і биологиялық үрдістерде белгілі рөл атқарады. Тәулігіне адам ағзасына 100 - 200 микрограмм иод қажет екен. Иодтың жетіспеушілігі бақшаңкөз (зоб) ауруына әкеп соғады, арқалық аймағында 1367 адам осы зоб ауруымен аурады екен.Іштен судың құрамандағы фтордың мөлшерінің төмендеуі - тіс жегісі(кариес) ауруын туғызатынвн көрсетеді. Мысалы: қостанытанай қаласының оқушыларының 72 % - ы осы тіс жегісі есепте тұр. Тіс кіреукесінің бұзылуы, тері аурулары, созылмалы артрид аурулары Sе - селен мөлшерінің жоғары болуына байланысты. Ал, NаСL - ас тұзының артық мөлшерде болуын қан қысымының жоғарлауына әкеледі.

ІІ. Денеде болатын күніне 2-4 литр су бар шығынының орнын қайта толтырып отыру қажет. Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады.
Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Денеде 20 пайыз су жетіспеушілігінің болуы өте қауіпті және ол өлімге дейін жетелейді. Қажетті мөлшерде адам ағзасына су жетпегенде

Ашық сабақ;«Судың диссоциоциялануы. Судың көрсеткіші»1.Мидың жұмыс істеуі баяулайды.
2. Қан қоюланады.
3. Жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады.
4. Нәжіс сары түсті болады.
5. Іш қатуына (запор) себеп болады.
6. Бас ауырады.
7. Бас айналады.
8.Шаршау, әлсіздік пайда болады.
9. Ойдың тынықтығы бұзылады.
10. Тәбетсіздік туады.
11. Биік жерлерде, ауа ыстық қапырық болса, тұмау болса, температура артса ішетін су мөлшерінің көбірек болғаны дұрыс.

Су - тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі.

Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады. Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады, қатты терлетеді, қалжыратады.

Су - ғажайып зат. Су бір мезгілде 3 түрлі күйінде кездеседі. Мұз - судың қатты күйі, оның сұйыққа айналуы мен булануы қатар жүреді.

Су - тіршілік көзі. Тірлігі оттегінсіз өтетін ішекте тіршілік ететін бактериялар бар. Бірақ сусыз өмір сүретін ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Сондықтан ағзалар денесінің 50-90 пайызы судан тұрады. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 17 кг-ға кемісе, адам өледі. Адам су ішпей 1 апта ғана шыдайды.

ІҮ. Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесінің барлық элементтерінің 86-сы адам ағзасында тұрақты кездеседі, оның 25-і адамның жалпы тіршілігіне қажетті, 18-і абсолютті қажетті, ал 7-і пайдалы.

Клетканың тіршілігі кезінде жүретін әр түрлі реакцияларға қатысатын заттардың құрамына шамамен барлық белгілі химиялық элементтер кіреді.

Барлық элементтердің ішінен клетка көлемінің 98% түзетіндері: оттегі, көміртегі, сутегі және азот (1-кесте)

Клетканың құрамына кіретін химиялық элементтер, %

Клетка массасының 98% түзетіндері

Макроэлементтер

Микроэлементтер

Оттегі - 65-75

Магний - 0,02-0,03

Мырыш - 0,0003

Көміртегі - 15-8

Натрий - 0,02-0,03

Мыс - 0,0002

Сутегі - 8-10

Кальций - 0,04-2,00

Йод - 0,0001

Азот - 1,5-3,0

Темір - 0,01-0,015

Фтор - 0,0001

Калий - 0,15-0,40

Күкірт - 0,15-0,20

Фосфор - 0,20-1,00

Хлор - 0,05-0,10

Клетка тіршілігінде маңызды қызмет атқаратын бейорганикалық заттардың бірі - су. Су - әмбебап еріткіш, барлық зат алмасу үрдістері тек ерітінділерде жүреді. Суда клетканың барлық биохимиялық реакциялары жүреді, судың қатысуымен клетканың жылу регуляциясы қамтамасыз етіледі. Су - фотосинтез үрдісі кезінде оттегі мен сутегінің көзі болып келеді.

Суда ерігіш заттарды (тұздар, негіздер, қышқылдар, ақуыздар, көмірсулар, спирттер және т.б.) гидрофильді заттар, ал суда ерімейтін заттар (майлар және май тәрізділер) гидрофобты заттар деп аталады. Басқа бейорганикалық заттар (тұздар, қышқылдар, негіздер, оң және теріс зарядты иондар) клетканың 1,0-1,5%-ын құрайды. Ағзаларда тұздар ерітінділеріндегі аниондар мен катиондар түрінде және органикалық заттардың құрамында кездеседі.

2-кесте

Клеткадағы су, органикалық және бейорганикалық заттардың %-дық қатынасы

Заттар

% - қатынасы

Су

70-85

Судан басқа бейорганикалық заттар

1-1,5

Ақуыздар

10-20

Майлар

1-5

Көмірсулар

0,2-2,0

АТФ және басқа төменгі молекулярлы органикалық заттар

0,1-0,5

Нуклеин қышқылдары

1-2

в) « Су - байлық »

1. Суға жалпы түсініктеме.

2. Су - ерткіш зат.

3. Ластанған суды тазалау

4. Су минералдылығы.

Жер бетінің 70,8 % дүние жүзілік мұхит, 29,2 % - ның құрлық алып жатыр. Дүние жүзілік мұхиттан буланған судың көпшілігі - 411,6 мың км2 қайтадан мұхитқа түседі: бұл судың кіші айналымы. Ал, буланған судың 2 - ші бөлігі - 107 мың км2 - ауа ағыстарымен, мұхиттан құрлыққа келіп, конденсацияланады, жауын - шашын күінде жерге түседі. Мұны судың үлкен айналымы деп айтады. Гидросфераның жалпы көлемінің 94 % - ы мұхиттар мен теңіздер. 4 % жер асты сулары, 2 % -ға жуығы мұз бен қар, 0,4 % - құрылық бетіндегі сулар.Теңіз суын минералдардың минералы деп атайды. Өйткені теңіз суында 70 - ке тарта химиялық элемент бер. Олардың көбі әр түрлі тұздардың құрамына кездеседі. Кейде теңіз суын сұйық кен (руда) деп атайды. 1 тонна теңіз суынан 1330 г магний, 400 г калий, 68 г бром, т.б алуға болады. Судың күші де орасан зор күш. Су электр станциялары алып қуат береді. Сондықтан суды «ақ көпір » деп атайды.

Елімізде Шардара, Қапшағай, Үлбі, Өскемен, Бұқтырма су электр станциялары - арзан энергия сөзі, Су - химия өнеркәсібінде сутек, қышқылдар, негіздер алу үшін маңызыды шикізат. Суды тек қатты заттар ғана емес, газдар да ери береді. Судың құрамындағы СО2 - көмірқышқыл газы мен жеміс шырыны (сироп) шөліңді басады.

ІІ. Судың тағы бір қасиеті - жақсы еріткіш.

Су - біршама инертті биологиялық еріткіш сүйықтық, онда кептеген органикалық жөне бейорганикалық заттар ериді, бірақ олардың ерігіштіктері әр түрлі. Қатты заттардың еруін біз қант пен тұзды еріткенде, ал газ күйіндегі заттардың еруін газдалған су ішкенде немесе суды қайнатқанда бөлінген көпіршіктерді байқау арқылы көрсек, сұйық күйіндегі заттардың еруін сірке суын еріткенде байқаймыз. Сонымен суда ерімейтін зат болмайды екен.

Заттардың суда еруі тек физикалық құбылыс қана емес, күрделі физико-химиялық үдеріс, еру барысында еріген заттың молекулалары еріткіштің молекулаларында біркелкі таралып қана қоймайды, олармен химиялық әрекеттесе де алады. Оны күкірт қышқылын еріткенде жылу бөлінетіндіктен, сол сияқты құрғатылған мыс сульфатының ақ түсті кристалдарын еріткенде көгілдір түсті ерітінді түзілгенінен байқауға болады. Кез келген табиғи су ерітінді болып теңіз суында - 260 г /л тұз бар, сондықтан онда тіршілік жоқ, яғни атына сай.

Ерігіштік - берілген температурада еріткіштің (су) 100 немесе 1000 грамында ери алатын зат массасымен және көлемімен анықталатын шама (г/100 г, г/1000 г Н20, моль/л ).

Ерігіштік заттың табиғатына тәуелді, мысалы: қант ерімтал болса, бор, әк нашар еритін заттар. Газ күйіндегі заттар үшін ерігіштік қысым мен температураға байланысты. Газдардың ерігіштігі қысым артқан сайын артады, ал температураны арттырғанда кемиді. Қатты заттардың көпшілігі үшін температураны арттырғанда ерігіштігі де артады. Судың сапалық құрамы сутек пен оттектен тұратыны, ал сандық құрамы екі сутек атомы мен бір оттек атомынан тұратындығы мәлім.

Судың айырылуы электр тогының әсерінен жүреді, бұл реакциямен сендер сутекті алу әдісі бойынша таныссыңдар:

2H2O→2H2↑+O2

Сұйық күйіндегі заттардың ерігіштігі олардың табиғатына байланысты, мысалы, спирт суда жақсы ерісе, ал бензин нашар ериді. Мысалы, Каспий тендзінде 13 г / л , Қара теңізде 19 г/л, Өлі Ерітінді деп еріткіш пен еріген заттан тұратын біртекті (гомогенді) жүйені айтады.

Берілген зат еріткіштің белгілі бір мөлшерінде осы температурада әлі де ери алатын болса, ерітінді қанықпаған, ал ери алмаса - қаныққан деп аталады.

ІІІ. Суды құмнан тазалау.

Жұмыстың мақсаты:

Тәжірибе бойынша судың құрамын анықтай отырып, қоспадан сүзу әдісі

бойынша бөліп алу.

Тәжірибе барысы:

  • Қағаздан воронка жасап алу. Қағазды төртке бүктеп, қайшымен бұрыштап қиямыз.

  • Сынауыққа су құйып, оған құм яғни, SiO2 қосамыз. Шыны таяқшамен араластырамыз. Осы қоспадан суды сүзу әдісі бойынша бөліп аламыз.

  • Сынауыққа қағаздан жасалған воронканы қоямыз да, сынауықтағы құм араласқан суды құйып отырамыз.

Тәжірибе соңындағы қорытынды:

  1. Ақ қағаздан воронка жасау үшін қағазды төрт бүктеп, үшбұрыштап қидық. Үшбұрышынан ашып, стаканның үстіне қойдым.

  2. Сынауықтағы құм араласқан суды воронканың үстіне құйып отырдым.

  3. Сүзгіден тамшылап, таза су ағып тұрды. Стакандағы су дәмсіз таза су болды.

ҮІ. Судың минералдығы

Судың минералдығы - суда еріген қатты бейорганикалық (минералдық) заттардың (иондар мен коллоидтер түріндегі) жалпы салмақтық мөлшері. Минералдылықтың түрлері және нақты шамасы (дәрежесі) болады.

Минералдық дәрежесі

Судың минералдығының дәрежесіне г/дм3 немесе мг/дм3-мен берілетін, төмендегідей шамалардың бірі жатады:

  • тәжірибелік жолмен анықталған қүрғақ (қатты) қалдық;

  • иондардың қосындысы; минералдық заттардың қосындысы; есептеп шығарған құрғақ қалдық. Минералдылықтың өзгешелігі судың химиялық типімен анықталады.

Судың минералдығының мөлшеріне қарай табиғи сулар:

  • өте тұщы (0,2 г/дм3-ге дейін)

  • тұщы (0,2-1,0 г/дм3)

  • ащы (1-10 г/дм3)

  • жай тұзды (10-35 г/дм3)

  • өте тұзды (35-50 г/дм3)

  • жай тұздық (50-75 г/дм3)

  • тұздық (75- 150 г/дм3)

  • тұзға қаныққан (150-330 г/дм3)

  • тұзға өте қаныққан (330 г/дм3-ден астам) болып ажыратылады.

г) « Су - экологиясы »

1. Судың шығу тарихы

2. Химиялық құрамы бойынша

3. Су қорларының жағдайы.

4. Тәжірибе.

Су - өмір арқауы, гүлденген дала, мол өнім. Сусыз жер - шөл дала, баспас, құм ұшпас, жансыз жатқан кең сахара. Су табиғатта кең таралған байлық. Жер бетінің ¾ бөлігін су алып жатыр. 70 кг адамның 40 кг - су. Халық шаруащылығының барлық салаларының қаулап өркендеуінен, қалалардың өсуінен су қоймалары ластануда.

Тынық мұхиты ауданындағы Гавай аралында американ зерттеушілері 35 млн пластмасса бөтелкелер мен 70 млн шыны бөтелкелер тасталғанын анықтаған. Мұхитқа лақтырылған бірнеше тонна полиэтилен пленкаларының кесірінен 1972 жылы Бразилия жағалауында киттердің жаппай қырылуы байқалған.Ал өз елімізде Арал теңізі тартылып, екіге бөлінді. Тұз көшіп, қышқыл жауынға айналды. Балқаш көлі түрлі өндіріс қалдықтарынан ластанған, оған балқаш мыс комбинаты көп зиянын тигізуде.

Ақтау қаласында орналасқан каспий аймақты тау - кен металлургия комбинаты пайдаланған лас су Қошқар ата көлін тіршілік жоқ өлі көлге айналдырды. Ақсай қаласының өзенде, Қарашығанақ кенішіне өте жақын орналасқан16 елді мекенде тұратын әрбір 2 адамның біреулерінің жүрегі.

ІІ. Химиялық құрамы бойынша

Жер асты суы химиялық құрамы бойынша басым аниондары мен каиондарының негізінде жіктемеленеді.Басым аниондары бойынша бөлінген судың ең көп таралған кластары мыналар: гидрокарбонатты {НСО ~ >25%-экв.), сульфатты (іSO42 >25%-экв), хлоридты (СГ >25%-экв.), күрделі құрамды (сульфатты-гидрокарбонатты, хлоридті-гидрокарбонатты, т.б.)Егер суды жіктеген кезде түздардың құрамы туралы деректер пайдаланылса, онда гидрокарбонатты-кальцийлі, гидрокарбонатты- магнийлі, сульфатты-кальцийлі, хлоридті-кальцийлі және т.б. су бөлінеді. Осылайша, жер асты суын толық сипаттаған кезде оның жалпы минералдану дәрежесі бойынша класы жэне басым аниондары мен катиондары бойынша типі көрсетіледі. Мысалы, ТМД-ның суропалық бөлігіндегі тереңде жатқан сулы горизонттарды сипаттаған кезде, олардың жалпы минералдылығы 270-350 г/л, құрамы бойынша хлоридті-натрийлі жэне хлоридті-натрийлі-кальцийлі тұздықтардан тұратыны көрінеді. Жер қыртысының жоғарғы қабаттарында жалпы жағдайда анық білінетін тік бағыттағы гидрохимиялық белдемділік анықталады. Жоғарыдан төмен қарай су мына ретпен орналасады: идрокарбонатты, сульфатты, ал ең соңында хлоридті су белдемдері.

ІІІ. ӨЗ ӨЛКЕМІЗДІҢ СУ ҚОРЛАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ

Өз өлкеміздің су қорларына келетін болсақ Жамбыл облысының барлық өзендері Арал теңізі алабына жатады. Қырғызстан жерінен бастау алатын Шу, Талас, Аса өзендері облыстың негізгі өзендері болып табылады.
Облыс көлеміндегі жерүсті суларының сапасын зертханалық талдауда өткен жылмен салыстырғанда 2006 жылы Шу, Талас, Аса өзендерінде ластану индексінің өскендігі байқалған.

Жалпы облыс бойынша ластағыш заттар төгінділері "Шолақтау" таукен өндіру комбинаты, Шатыркөл руднигі, Ақбақай таукен металургиялық комбинаты, "Монолит " ашық акционерлік қоғамы сияқты кәсіпорындардан болып отырғандығы расталып отыр.

Қорта айтқанда, су - өмірдің нәрі, ол - өмірдің өзі, сондықтан да оны аялау, оны көзіміздің қарашығындай сақтау - бәріміздің табиғат алдындағы азаматтық борышымыз. Табиғат тепе-теңдігі табиғаттың міндетті заңдылығы, оны оқып-үйрену, танып білу әрбір адамның жоғары саналы, экологиялық мәдениеті қалыптасқан тұлға екендігінің белгісі.

Оқушылар мен оқытушы бағыт - бағдарлаушы. Топтарға жоспар тарап беріледі. Әр топтан 1 оқушы тақырыпқа сай слайдпен қорғайды.

Бекіту тапсырмасы: Бүгінгі сабағымызды қорытындылау үшін мына плакатқа өз тақырыптарыңыз бойынша ойланыңызды пікірлеріңізді сызба, суреттер, кесте түрінде жазып талдаңыздар.

Әр топ оқушылары плакаттармен жұмыс істеп жатқанда сабаққа қатыспай отырған оқушылар халықтық педагогка бойынша су туралы мақал - мәтелдер айтып беріңіздер. Ортақ ойы «Су - еріткіш зат» екенін айту.

Сарапатаушыларға сөз:

  1. Мағауин Жеңіс Тезекбаевич

  2. Айнаш Тоқмағанбетовна.

  3. Бағалау парағы. Мазмұнын ашуы,

Марапаттау: 1. 3 орын. Бір алғыс хат.

Үйге тапсырма: «Суды - тіршілік нәрі» тақырыбына ребус, сөзжұмбақ жазып келу.

Конспекттіні мазмұндау.

Оқытушы сөз:

Су - тіршілік иесі,

Онсыз жоқ қой күніміз,

Онсыз болмас тіршілік,

Онсыз батпас түніміз.

Сондықтан да, адамзат!

Суды бекер төкпеңдер!

Керегінше, күтіп, баптап,

Кірлетіп лас етпеңдер.

Су - байлық , су - досың,

Оны үнемдеп аяла!

«Су» деген ол толып жатыр,

Бітпейді! - деп санама.

Ластамай, суды баптаса,

Аяқ астына баспаса,

Берері бізге қаншама!

Қазірден қорғай бастаса!

(Оспан Дидар)








Ашық сабақ;«Судың диссоциоциялануы. Судың көрсеткіші»

Ашық сабақ;«Судың диссоциоциялануы. Судың көрсеткіші»Ашық сабақ;«Судың диссоциоциялануы. Судың көрсеткіші»

Ашық сабақ;«Судың диссоциоциялануы. Судың көрсеткіші» Ашық сабақ;«Судың диссоциоциялануы. Судың көрсеткіші»Ашық сабақ;«Судың диссоциоциялануы. Судың көрсеткіші»

© 2010-2022