Сыныптан тыс жұмыс Бесінші элемент

Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қоскөл орта жалпы білім беретін мектебі


Тақырыбы: «Бесінші элемент»

(Интеллектуалды ойын-сайыс)






Өткізген:химия пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі Жұмақай.Г.С








Қоскөл-2014ж

Тақырыбы: «Бесінші элемент»

Мақсаты: Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытып,жаратылыстану ғылымына деген танымдылық қызығуын арттыру және пәнаралық байланысты дамыту.

Әдісі:Интеллектуалды ойын-сайыс.

Көрнекілігі:Д.И.Менделеевтің периодтың системасы,слайдтар,карточкалар.

Барысы:І-тур.Есептер шығару;

ІІ-тур.Танымдылық сұрақтар;

ІІІ-тур.Зертханалық жұмыстар

І-тур. Есептер шығару.8 -cынып

1.100г75% және 50г 93%-тік этил спирттерін араластырғанда түзілген ерітіндегі этил спиртінің массалық үлесі(3балл)

2.Құрамындағы элементтердің массалық үлесі мынадай К-39,69% ;Мn -27,87% ;

О-32,46 % тұздың қарапайым формуласын табыңдар.(3балл)

3.Массасы 10гнеон газында қанша атом болатынын табыңдар.(3балл)

4.Темір (ІІІ)оксидінің 40грамында қанша грамм және моль темір бар. (3балл)

5.4,9 г калий хлораты ыдырағанда түзілетін оттектің массасы ,зат мөлшерін тап.(3балл)

6.Массасы 7.2 грамм фосфор (V)оксиді сумен әрекеттескенде қанша грамм ортофосфор қышқылы түзілгендігін есептеңдер.(3 балл)

7.Массасы 20 г тұзды 180 г суда еріткенде түзілген ерітіндегі тұздың массалық үлесін есептеңдер(3балл)

8.Екі валентті металдың 10 грамы тұз қышқылымен әрекеттескенде 5.6 л (қ.ж) сутек бөлінді. Қышқылмен қай металл әрекеттескенін табыңдар.(3 балл)

9.Көлемі 4.48 л(қ.ж)оттек түзілу үшін мына тұздардың KNO3 KCIO3 KМnO4 әрқайсысының қандай массалары қажет болатынын есептеңдер.(3балл)

10.Ортофосфор қышқылының молярлық концентрациясы 3 моль/л .Көлемі 200 мл ерітіндідегі ортофосфор қышқылының массасын табыңдар(3 моль)

І тур .Есептер шығару.9 сынып

1. 4,5г аммиакқа күкірт қышқылы мен әсер еткен шығатын аммоний сульфатының массасын есептеңдер. (3 балл)

2. 234г ас тұзына күкірт қышқылымен әсер еткенде 131,4г хлорсутек алынды. Хлорсутек теориялық шығымын есептеңдер. (3 балл)

3. 3,2г күкірт (ІV)оксиді қандай көлем (қ.ж)алады.(3балл)

4.7.4 г кальций гидроксидінен кальций карбонатын алу үшін көміртек (ІV)оксидінің қандай көлемі (қ.ж) қажет.(3балл)

5.6.5г мырыш сұйытылған күкірт қышқылымен әректтескенде неше грамм тұз түзіледі және зат мөлшері қандай.(3балл)

6.Металдарды оксидтерінен алюминиймен тотықсыздандыру-алюминтермия әдісі металлургия өнеркәсібінде кең қолданылады.Массасы 43 кг марганец (IV)
оксидін алюминиймен тотықсыздандырғанда марганецтің қандай массасы түзілетінін есептеңдер(3 балл)

7.Құрамында 50 % қоспасы бар 240г техникалық натрий силикаты тұз қышқылымен әрекеттескенде түзілетін кремний қышқылының зат мөлшерін есептеңдер(3 балл)

8.Азот қышқылының 12,04*1023 молекуласының массасы қандай болады(3 балл)

9.Көлемі 4 л(қ.ж)метан жану үшін оттектің қандай көлемі қажет болады?(3 балл)

10.Массасы 0,35 г екі валентті металл қышқылмен әрекеттескенде 140 мл сутек (қ.ж)бөлінді . Бұл қай металл ?(3 балл)

І тур.Есептер шығару.10 сынып.

1.2 моль NO газы қанша молекула құрайды?(3 балл)

2.Температураны 30' С көтергенде химиялық реакцияның жылдамдығы қанша есе артады? Температуралық коэффициент Y=3 (3 балл)

3.Реакцияның температуралық коэффициенті 3-ке тең болған жағдайда ,температураны 50 С -тан 100 С-қа дейін өсіргенде химиялық реакцияның жылдамдығы неше есе өседі?(3 балл)

4.5 т аммоний нитратын алу үшін аммиактық қандай көлемі және массасы

жұмсалады ?(3 балл)

5.196 г күкірт қышқылын толық бейтараптауға қанша кристалдық сода жұмсалады ?(3 балл)

6.Күміс (І)нитратының судағы ерітіндісін электролиздегенде 5,6 л газ бөлінді .Катодта қанша грамм металл жиналды?(3 балл)

7.Тотығу дәрежесі +2; 8 г металл сумен реакцияласқанда ,4,48 л сутек (қ.ж)бөлінді. Металдың салыстырмалы атомдық массасын анықтап,оны атаңдар.(3 балл)

8.Құрамында хром (ІІІ)оксиді және 12% қоспасы бар 20кг кеннен алюмотермиялық жолмен алынған хромның массасын есептеңдер.(3 балл)

9.Егер А затының концентрациясы бастапқы сәтте 1 моль/л, ал 4 секундтан кейін 0,6 моль/л болса ,онда А+В=АВ реакциясының жылдамдығы қандай болады?(3 балл)

10.Егер суға массасы 4,6 г натрий мен 3,9 г калийден тұратын құйманы салса,қанша көлем сутек (қ.ж)бөлінеді ?(3 балл)

ІІ-тур.Танымдылық сұрақтар.(әр жауап 1балл)

1.Менделеевтің туған жылы,өмірі;(1834-1907)

2.Қай ғалым сыйлық ретінде 1г металл алған;(1921 жылы М.Кюриге радийдің 1 грамы сыйлық ретінде берілген)

3.Жұмсақ алтын деген не?(тері)

4. «Өз жерінің қара тасын мақтай білмеген ,бөгде жердің алтынын да мақтап жарытпас» Қай ғалымның сөзі ?(Қаныш Сәтпаев)

5.Орыстың қай ғалымы алғаш профессор атағын алды?(М.В.Ломоносов)

6.Адам ағзасында өт пен бүйрекке тас қайдан жинақталады?(судың құрамындағы еріген тұздардан жинақталады)

7. «Сұйықтық патшасы»немесе «патша арағы»деп қандай қосылысты айтады?(3НСІ:HNO3)

8.Тіршілікті қолдамайды деген ұғымды білдіретін химиялық элемент(азот)

9.1915 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Британ әскеріне қарсы қолданды-нәтижесінде сұрапыл болып шықты.Осы газ өте уытты,ол көз бен өкпеге әсер етеді де,ақыр соңында өлімге ұшырататын қандай газ?(хлор)

10.Кейбір жанартаулы жерлерде жер қыртысының жарығынан бөлініп,үңгірлермен аңғарларда өте көп мөлшерде жиналады екен.Осындай Неополь маңындағы «Ит үңгірі»және «Өлім аңғары»әлемге әйгілі .Жануарлар , мысалы иттер сондай жерге тап болса, өледі.Осы жердегі жануарларға тұншықтыра әсер ететін қандай газ ?(көмір қышқыл газы СО2)

11.Электролиттік диссоциацияланудың негізгі теориялық қағидаларын ашқан ғалым,қай жылы (1887ж,швед ғалымы Сванте Аррениус)

12.Концентрациялы күкірт қышқылын суға құямыз ба?,әлде суды қышқылға құмыз ба?(суды концентрациялы күкірт қышқылына құюға болмайды)

13.Бұл затты ертеде өмір мен өлім тудырушы зат деп есептеген.Мұның алдында адамдар басын иіп құлшылық еткен.Құдіреттің, байлықтың және биліктің мөлшері болып есептелген.Суда пайда болады,суда өледі.Бұл қандай зат?(ас тұзы)

14.Қандай элементтер елдердің атымен аталады?(германий,франций,полоний,рутений)

15.Қандай элементтердің буындарынан өзендердің аттарын оқуға болады ?(радон-Дон,нильсборий-Нил,индий-Инд,полоний-По.)

ІІІ тур.Зертханалық жұмыстар.(15 балл)

1-ші топқа натрийді сумен әрекеттестіріп, формуласын жазу керек;

2-ші топқа отсыз түтін қалай пайда болады,әрекеттестіріп,формуласын жазу керек;

3-ші топқа натрий сульфатына барий хлоридін қосып әрекеттестіріп,формуласын жазу керек;

4-ші топқа сөндірілмеген әкке су қосып сөндірілген әк алу керекжәне формуласын жазу керек;

5-ші топқа мыс сульфатына натрий гидроксидін қосып әрекеттестіріп,формуласын жазу керек;

6-ші топқа қышқылдар мен сілтілердегі индикаторлардың түсі анықтап,жазу.

Қорытынды: Әр тур бойынша жеке оқушылар және жалпы балл қорытындысы бойынша топ жеңімпаздары марапатталады.


© 2010-2022