Тақырыбы: Кермек су және одан құтылу жолдары 9-сынып

Сабақтың мақсаты:  1.Оқушыларды судың кермектігі ұғымымен таныстыру, кермектіктің пайда болуы себептерін, оны кетірудің иондық механизімін түсіндіру, суды жұмсартудың негізгі әдіс-тәсілдерін айту. 2. Су кермектігін жоюдың өнеркәсіптегі және тұрмыстағы маңызын көрсету. Оқушылардың металдар туралы түсініктерін химиялық реакция тәжірибе икемділіктерін дамыту.    3. Қоршаған ортаны қорғауға, табиғат байлығын үнемді пайдалануға тәрбиелеу. Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, материалдық байлыққа, оны ...
Раздел Химия
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Судың кермектігі және оның жою жолдары.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды судың кермектігі ұғымымен таныстыру, кермектіктің пайда болуы себептерін, оны кетірудің иондық механизімін түсіндіру, суды жұмсартудың негізгі әдіс-тәсілдерін айту.

2. Су кермектігін жоюдың өнеркәсіптегі және тұрмыстағы маңызын көрсету. Оқушылардың металдар туралы түсініктерін химиялық реакция тәжірибе икемділіктерін дамыту.

3. Қоршаған ортаны қорғауға, табиғат байлығын үнемді пайдалануға тәрбиелеу. Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, материалдық байлыққа, оны игеру мен сақтауға көңіл бөлуге дағдыларын қалыптастырып, дамыту. Еліміздің су қорларын дұрыс мақсатта пайдаланып, ысырапсыз пайдалануға жетелеу.

Құрал-жабдықтар: құдық суы, тазартылған су, еріген қардың суы, сабын, әк суы, сода ерітіндісі, қыздырғыш прибор, пробирка, ұстағыш.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.

Әдіс-тәсілдер: әңгіме, есептеулер, зертханалық эксперимент, сұрақ-жауап, баяндау, демонстрациялау.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды қарсы алып, түгендеу. Назарларын сабаққа аудару.

  2. Үй тапсырмасын пысықтау. Сұрақтарға жауап беру, мысалдар келтіріп, реакция теңдеулерін жазу.

А. Са атомының электрондық құрылысы?

Ә. Табиғаттағы кальций қосылыстарының айналымы?

Б. Са физикалық қасиеттері?

В. Са химиялық қасиеттері?

Г. Алынуы.

Ғ. Кальцийдің маңызды қосылыстары.

4. Жаңа сабақ.

А) судың физикалық қасиетін тәжірибе арқылы анықтау.

Ә) кесте толтыру

Б) тақырыпты түсіндіру

В) тәжірибе

Г) қорытынды (өз ойларын сұрау, пікірлері)

Д) үйге тапсырма

Жұмбақ жасыру:

Бірі жанып, бірі қолдап жануды,

2 элемент бізге бұрын танылды

Өрт болып еді сөндіруге көп адам

Қосылысын алып соған қарай ағылды Жауабы: су.

Сонымен балалар, бүгінгі біздің сабағымыз су жайлы болады. Су туралы сендер сегізінші сыныпта біраз мағлұмат алдыңдар. Жаңа тақырыпты бастамас бұрын, судың физикалық қасиеттерін тәжірибе арқылы есімізге түсірейік. Ол үшін келесі тәжірибелерді жасап сұрақтарға жауап берейік.

Тәжірибе №1

Суды бір стақаннан екінші стақанға құйыңдар.

Нені байқадыңдар?

Қорытынды: Су сұйық

Тәжірибе № 2

Суды пішіндері әр түрлі ыдыстарға құйып көріңдер.

Нені байқадыңдар?

Қорытынды: судың пішіні жоқ.

Тәжірибе № 3

Шыны стақанға су құйып, оған әр түрлі заттарды салып көреміз.

Нені байқадыңдар?

Қорытынды: су мөлдір.

Тәжірибе № 4

Түрлі- түсті қағаз жолақтарын суға салыңдар.

Нені байқадыңдар?

Қорытынды: судың түсі жоқ.

Тәжірибе № 5

Судың дәмін көріңдер.

Нені байқадыңдар?

Қорытынды: судың дәмі жоқ.

Тәжірибе № 6

Стақандағы сұйықтықтың иісін желпіп көреміз.

Нені байқадыңдар?

Қорытынды: судың иісі жоқ.

Тәжірибе № 7

Үш ыдысқа су құйылған. 1-ыдысқа қант, 2-ыдысқа спирт, 3-ыдысқа бор салып былғаңдар.

Нені байқадыңдар?

Қорытынды: су еріткіш.

Тәжірибе № 8

Колбадағы суды спирт шамымен қыздырып көріңдер. Содан қар немесе мұзға салыңдар.

Нені байқадыңдар?

Қорытынды: суытқанда көлемі кішірейіп, қыздырғанда көлемі ұлғайады.

Судың физикалық қасиеті

Параметрлері

Сипаттамасы

1

Күйі

2

Дәмі

3

Мөлдірлілігі

4

Түсі

5

Иісі

6

Пішіні

7

Еріткіштігі

8

t 0 суытқанда

+ t100 ысытқанда


Ой жинақтау сұрағы: Табиғаттағы барлық су адамзаттың пайдалануына жарамды ма?

Судың кермектігі деген не, оның қандай түрлері бар, кермектікті жою әдістері, кермектіктің зияны туралы түсінік беру.

Жаңа сабақ түсіндіру:

Табиғатта үздіксіз жүріп жататын кальцйи және магний қосылыстарының бір- біріне айналулары судың кермектігін түсінуге мүмкіндік береді. Табиғи суда еріген гипс, магний гидрокобонаты, кальций гидрокорбонаты суға кермектік қасиет береді. Кермек суда сабын нашар көпіреді.

Себебі, судағы кальций және магний иондары сабынның құрамындағы органикалық қышқылдың қалдығымен ерімейтін тұз түзеді. Сондықтан кермек суда кір жуғанда сабынның бір бөлігі кальций және магний иондарын тұнбаға түсіруге жұмсалады. Кермек судың басқа да зияны бар. өнеркәсіпте суды көп мөлшерде қайнататын бу қазандарында қақ тұрып, отын артық шығындалады. Кермек су дәрі- дәрмек әзірлеуге жарамайды, матаны бояуға кедергі жасайды.

Кермек суда тағам нашар піседі, себебі Са 2+ катиондары тағамдағы белоктармен ерімейтін қосылыстар түзеді. Мұндай суда шай және кофе нашар шығады. Кермек суды көп пайдаланудан адамның асқазаны ауырып, организмге тұз жиналуы мүмкін. /оқушыларға сұрақ: Адамның қай мүшелерінде тұз жиналуы мүмкін? Бүйрек, өт, бауыр, буын т.б./

Құрамында Ca2+, Mg 2+ иондары бар су кермек су деп аталады.

Қайнату арқылы: Са(НСО3)2=СаСО3 2О+СО2 /реакция теңдеуінің жалғасын оқушыларға жазғызу/

Уақытша кермектік аталуының себебі де қыздыруға тұрақсыз болуынан.

Техникада көп мөлшердегі суды қайнату тым қымбатқа түседі. Сондықтан суды жұмсарту үшін әк сүтін пайдаланады:

Са(НСО3)2+Са (ОН)2=2СаСО3 + 2 Н2О /реакция теңдеуінің жалғасын оқушыларға жазғызу/

Тұрақты кермектікті химиялық әдіспен кетіреді. Мысалы, соданың көмегімен:

СаSO4+Na2CO3 = CaCO3+Na2SO4 /реакция теңдеуінің жалғасын оқушыларға жазғызу/

Суды еріген тұздан толықтай тазарту үшін қандай әдіс қолданылады?

Мысалы, дәрі жасау үшін таза су керек.

Жауабы: Айдау әдісі (дистилдеу)

Тәжірибе:

1-ші ыдыста құдықтың суы.

2-ші ыдыста тазартылған ауыз су (скважина)

3- ші ыдыста ерітілген қар суы.

Сұрақ:

Қай суда сабын жақсы ериді? Себебі?

Есеп:45 г суда ерітілген 5 г ас тұзы ерітіндісіндегі натрий хлоридінің массалық үлесі қандай?

V. Қорытынды. Бекіту сұрақтары:

1. Тұрмыста (шаш, киімнің өңі)

2. Ыдыста қақ тұру(отын шығыны)

3. Құбырлардың таттануы (тез істен шығуы)

4. Жылу қазандықтарында, т.б

5.Су кермектігінің түрлері (уақытша және тұрақты)

6. Жою әдістері (уақытша кермектігі бар суды қыздыру, тұрақты кермектілігі бар суға сода ерітіндісін құю)

7. Кермек суды неге машина двигателіне құюға болмайды?

8. Медицинада қандай су пайдаланылады?

9. Мұхит суын ауыл шаруашылығында қолдануға бола ма?

10. Кермектіктің судың зияны. (әр түрлі буын аурулары, бүйрек бауырға тас түзіл, суды қорғаудың қажеттілігі туралы, суды үнемді пайдалану туралы)

VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма: оқулықтан 37оқу, 125 беттегі сұрақтарға жауап беру.

Есеп: 150г суда 15г NaCI ерітілді. Ерітіндегі еріген заттың массалық үлесін есепте.

Уақыт қалса химиялық диктант жазғызуға болады.

ІХ. Химиялық диктант:

  • 1. CaS

  • 2. CaO

  • 3. Ca(OH)2

  • 4. CaCO3

  • 5. Ca(HCO3)2

Х. Рефлексия








Судың физикалық қасиеттері:


Параметрлері

Сипаттамасы

1

Күйі

2

Дәмі

3

Мөлдірлілігі

4

Түсі

5

Иісі

6

Пішіні

7

Еріткіштігі

8

t 0 суытқанда

+ t100 ысытқанда


Судың физикалық қасиеттері:

Параметрлері

Сипаттамасы

1

Күйі

2

Дәмі

3

Мөлдірлілігі

4

Түсі

5

Иісі

6

Пішіні

7

Еріткіштігі

8

t 0 суытқанда

+ t100 ысытқанда


Судың физикалық қасиеттері:

Параметрлері

Сипаттамасы

1

Күйі

2

Дәмі

3

Мөлдірлілігі

4

Түсі

5

Иісі

6

Пішіні

7

Еріткіштігі

8

t 0 суытқанда

+ t100 ысытқанда



© 2010-2022