• Преподавателю
  • Химия
  • ОРТА МЕКТЕП ХИМИЯСЫНДА ПЕРИОДТЫҚ ЗАҢ ЖӘНЕ ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕНІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

ОРТА МЕКТЕП ХИМИЯСЫНДА ПЕРИОДТЫҚ ЗАҢ ЖӘНЕ ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕНІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі табиғат заңдарының ішіндегі ең маңыздыларының бірі. Қазіргі кезде білім алушылардың Д.И.Менделеевтің периодтық заңын заманауи оқу технологияларын пайдалана отырып оқып меңгеруіне көп мүмкіншілік бар. Атом құрылысына қарап химиялық элементтердің периодтылығы және табиғилығы дәлелденеді. Тақырыпта көрсетілген материалдардың танымдылық та, тәрбиелік те мәні өте зор.             Периодтық жүйе арқылы табиғатта кездесетін элементтердің периодтық заңға бағынатыны жайлы мағлұмат алуға болады. Тақырыпты оқытудың басты тәрбиелік мәні – периодтық заң мен химиялық элементтердің периодтық жүйесін түсіну нәтижесінде химиялық элементтер жайлы білім қорытындыланады; түсіндірумен қатар теориялық білімге алдын ала болжау жасалады; білімге қойылатын талаптың тәжірибеде анықталуында даму жолдарының нәтижесі айқындалады [1].             Осы тақырыпты 8-сыныпта өту барысында  білім алушылардың ойын химиялық элемент қасиеттерінің салыстырмалы атомдық массасына сәйкес периодты түрде өзгеруі мен атом құрылысы жайлы мәліметтерді қабылдауға көп мән беріледі. Бірінші және екінші бөліктің себеп-салдарын байланыстыра түсіндіру негізгі оқыту міндетін ашып береді. Тақырыптың мазмұнын ашуға көмектесетін тағы бір себеп – тарихи логикалық ізденіс. Алдымен, Д.И.Менделеев құрастырған элементтер қасиеттеріндегі периодты өзгерудің са...
Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ОӘЖ 37.05:372.8:372.854

ОРТА МЕКТЕП ХИМИЯСЫНДА ПЕРИОДТЫҚ ЗАҢ ЖӘНЕ ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕНІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ


БАЙМҰРАТОВА Г. С.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда

мемлекеттік университетінің

4-курс студенті

ЕСПЕНБЕТОВА Ш.О.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда

мемлекеттік университеті

Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі табиғат заңдарының ішіндегі ең маңыздыларының бірі. Қазіргі кезде білім алушылардың Д.И.Менделеевтің периодтық заңын заманауи оқу технологияларын пайдалана отырып оқып меңгеруіне көп мүмкіншілік бар. Атом құрылысына қарап химиялық элементтердің периодтылығы және табиғилығы дәлелденеді. Тақырыпта көрсетілген материалдардың танымдылық та, тәрбиелік те мәні өте зор.

Периодтық жүйе арқылы табиғатта кездесетін элементтердің периодтық заңға бағынатыны жайлы мағлұмат алуға болады. Тақырыпты оқытудың басты тәрбиелік мәні - периодтық заң мен химиялық элементтердің периодтық жүйесін түсіну нәтижесінде химиялық элементтер жайлы білім қорытындыланады; түсіндірумен қатар теориялық білімге алдын ала болжау жасалады; білімге қойылатын талаптың тәжірибеде анықталуында даму жолдарының нәтижесі айқындалады [1].

Осы тақырыпты 8-сыныпта өту барысында білім алушылардың ойын химиялық элемент қасиеттерінің салыстырмалы атомдық массасына сәйкес периодты түрде өзгеруі мен атом құрылысы жайлы мәліметтерді қабылдауға көп мән беріледі. Бірінші және екінші бөліктің себеп-салдарын байланыстыра түсіндіру негізгі оқыту міндетін ашып береді. Тақырыптың мазмұнын ашуға көмектесетін тағы бір себеп - тарихи логикалық ізденіс. Алдымен, Д.И.Менделеев құрастырған элементтер қасиеттеріндегі периодты өзгерудің салыстырмалы атомдық массаға тәуелділігі, содан соң оның себебінің атом құрылысы негізінде нақтылануында. Білім алушының өз бетінше ізденуіне мүмкіндік беру оның белсенділігін арттыруға көмектеседі.

Осы орайда 8-сынып химия пәніне арналған сабақ жоспары мысал ретінде келтірілді.

Тақырыбы: Химиялық элементтерді жіктеудегі алғашқы қадамдар

Мақсаты: Химиялық элементтердің жіктелуі, металдар мен бейметалдар, олардың маңызы туралы түсінік беру, оқушылардың сабаққа қызығуышылығын ояту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Реактивтер мен құралдар: периодтық жүйе, сызбанұсқа, таратпа қағаздар

Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабағымызды саяхат-сабақ түрінде өтеміз.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында химиялық элементтердің 60-тан астамы белгілі болып, ал олардан алынған заттардың алуан түрлілігі ғалымдарды элементтердің қаситеттерін зертеуге, олардың бәріне ортақ қасиеттерін табуға жетеледі.

Бастапқыда элементтерді металдар және бейметалдар деп екіге бөлген. Бірақ бұған қанағатанбаған әр елдің ғалымдары химиялық элементтерді жүйлеуді іздестірумен болды. Олар Англияда Д.Ньюлендс, Францияда Б. де Шанкуртуа, Германияда И.Доберейнер және Л.Мейер т.б. болды.

Алғашқы болып химиялық элементтерді топқа біріктірген неміс химигі Иоган Вольфганг болды. 1817жылға дейін белгілі 40-қа жуық элементтерді бес үштікке бөлді.

Li Na K Ca Sr Ba P As Sb S Se Te Cl Br I

И. Доберейнер әр үштікке тән қасиеттерді айқындады. Егер әр үштіктегі элементтерді салыстырмалы атомдық массасының өсу реті бойынша орналастырса, онда ортаңғы элементтің салыстырмалы атомдық массасы қалған екеуінің қосындысының жартысына тең болатынын анықтады. Мұны оқымысты үштік ережесі деп атады [2].

ОРТА МЕКТЕП ХИМИЯСЫНДА ПЕРИОДТЫҚ ЗАҢ ЖӘНЕ ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕНІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Доберейнердің үштік ережесі бойынша элементтің басты қасиеті - оның атомдық массасы. Бұл француз ғалымдары Александр Эмиль Бегье де Шанкуртуа, ағылшын химигі Джон Александр Ньюлендс, неміс ғалымы Лотар Мейердің зерттеу жұмыстарында әрі қарай дамыды.

Доберейнер Иоганн Вольфганг (1780 - 1849 )ОРТА МЕКТЕП ХИМИЯСЫНДА ПЕРИОДТЫҚ ЗАҢ ЖӘНЕ ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕНІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Неміс химигі. Өзінің ғылыми зерттеулерін химиялық элементтерді жіктеуге, платина металдарын, сонымен қатар катализді оқып үйренуге арнады. Үштік ережесін ұсынды. Д.Ньюлендс элементтерді атомдық массаларының өсуіне қарай орналастырып, олардың қасиеттерінің жеті элементтен кейін сегізінші элементтен бастап қайталанып отыратынын байқады. Бұл заңдылықты ол октавалар (сегіздік) заңы деп атады.

Джон Александр Рейн Ньюлендс (1838-1898)ОРТА МЕКТЕП ХИМИЯСЫНДА ПЕРИОДТЫҚ ЗАҢ ЖӘНЕ ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕНІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Д.Ньюлендс - ағылшын химигі, ғылымда химиялық   элементтерді жіктеуге талпыныс жасаған ғалым ретінде белгілі. Ол химиялық элементтерді әрбір сегізіншісі қасиеттері бойынша біріншіге ұқсас болатындай етіп топтастырды (октава ережесі). Химиялық элементтер қасиеттерінің атомдық салмаққа периодты түрде тәуелділігін ашуға да ол біраз жуықтады (1863).

Л.Мейер де элементтерді атомдық массаларының өсу ретімен орналастырып, ұқсас элементтердің алты тобын жасады. Бірақ олар элементтерді жіктеудің жолдарын таба алмады. Д.И.Менделеев те сол кезде белгілі болған 63 элементті атомдық массаларының өсуіне қарай орналастырғанда қасиеттерінің бірнеше элементтерден кейін периодты түрде қайталанатынын байқады.

Жалпы элементтерді өздеріне ортақ ұқсастықтарына байланысты былай жіктейді:

ОРТА МЕКТЕП ХИМИЯСЫНДА ПЕРИОДТЫҚ ЗАҢ ЖӘНЕ ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕНІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

№1-аялдама «Металдар» елі

Металдар туралы түсінік беру. Mеталдарға мына элементтер жатады:

Са, К, Li, Na, Zn, Cu, Mg, Mn, Ag, Au, Al, Hg, Pb, Bi, Cs, Rb, Ba, Sr, Ғr

Металдар - созылымды, серпімді, металдық жылтыры бар, электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін қатты заттар.

Металл кендері:

Pb, Zn - Текелі, Малеевск, Ащысай

Mg,Ti, Zn, In, Be, Ta, Nb - Өскеменде өндіріледі

Mn - Қарашал, Жезді

Cr - Хромтау, Ақтөбе облысы

Cu - Жезқазған, Ақтоғай, Айдарлы

Fe - Қарағанды, Орал, Соколов-Сарыбай, Рудный

W, Mo - Ағадыр, Қатонқарағайда

Sn - Көкшетауда, Қарағандыда

Au - Бақыршық, Майқайың, Жетіқарада өндіріледі.

№2-аялдама «Бейметалдар» елі

Бейметалдарға сипаттама беру. Бейметалдарға мына элементтер жатады:

B, C, P, Cl, N, O, F, S, Si, Ar, Br, I, H, As, Se

Бейметалдар әртүрлі агрегаттық күйде болатын жай заттар түзеді: мысалы, күкірт, йод - қатты, бром - сұйық, сутек, азот, оттек - газ. Олардың түсі және қасиеттері әр түрлі болады. Олардың металдардан өзгешелігі бәріне тән ортақ қасиеттері болмайды.

«ЭЛЕМЕНТТЕР АДАМ АҒЗАСЫНДА»

Өкпеде - Lі, Nа,

Қанда - Ғе, Nа, Lі, Са, Н.

Қалқанша безінде - I, Zn, Br

Тісте - Ғ, Са, Mg, Р

Гипофизде - Zn, Br, Мn, Cr

Мида - Na, Mg, К

Шашта - Al, Аs, СІ

Жүректе - Са, К

Ұйқы безінде - Mg

Бауырда- Lі, Sе, Мо, Zn,Са, Мn, К, Сu

№3-аялдама «Екідайлы элементтер» елі

Екі жақты әрі металдық, әрі бейметалдық қасиет көрсететін элементтер екідайлы элементтер деп аталады. Eкідайлы элементтер: Zn, Be, Al, Cr, Pb, Sе.

Zn + НСІ → ZnСІ + Н2

Zn + 2КОН → К2ZnО2 + Н2

Бұдан мырштың әрі негіздік, әрі қышқылдық қасиет көрсететіні байқалады.

«Кім білгір?» ойыны (жұмбақтар шешу, қай топқа жататын анықтау)

1. Осы затпен ескі үйді аластайды

Түріне қарасаң алтынға ұқсайды.

(Күкірт-бейметалл)

4. Күмістей түсі жылтыр өзі сұйық,

Буланбас қайнатсаң да отынды үйіп.

Көрсететін суықты, жылуды анық,

Қандай зат: құрал жасар соны құйып.

(Сынап-металл)

2. Ең жеңіл элемент саналады,

Периодтық жүйе осыдан бастау алады.

(Сутек-бейметалл)

5. Өзі жылтыр күмістей

Жұмсақтығы тағы бар

Жеңілдігін ескерсең,

Пайдаланар жері табылар.

(Алюминий-металл)

3.Аспандағы айды осы элементпен

теңестіреді,

Салмақты адамды мақтауды да

келістіреді.

(Күміс-металл)

6. Газбын өткір иісті

Салмағым ауыр ауадан

Өткен талай соғыста,

Тұншыққан менен көп адам.

(Хлор-бейметалл)

Қызығушылықты ояту. Сақиналарды жинау.

C

Sn

Al

P

S

Na

Pb

Ғе

О

К

СІ


Екідайлы

элементтерСақинадағы элементтерді берілген жапыраққа орналастырыңдар.

Бейметалдар

Металдар


Тапсырмалар:

«Кім жылдам?» ойыны (сұрақ-жауап)

1. Александр Македонскийдің Үндістанға сапары кезінде оның әскерлері іш аурумен ауырған, ал офицерлер ауырмаған. Сусыны, тамағы бәрінің де бірдей, бірақ ыдыстары қандай металдан жасалған? ОРТА МЕКТЕП ХИМИЯСЫНДА ПЕРИОДТЫҚ ЗАҢ ЖӘНЕ ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕНІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Жауабы: Күміс. Күмістің бактериоцидтік қасиеті бар.

2. Тайқазан 7 металдан құйылған. Ол қандай металдар?

Жауабы: Темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс, алтын

3. І Петр өз кезегінде "Ішкіштігі үшін" деген медаль тағайындады. Ол қандай металдан жасалған? Жауабы: Темір

4. Улы элемент, бейметалл. Оның оксиді орта ғасырларда патша, хан сарайында таққа таласып, қастасқан адамдарды өлтіруге пайдаланған. Бұл қай бейметалл. Жауабы: мышьяк (күшән).

ОРТА МЕКТЕП ХИМИЯСЫНДА ПЕРИОДТЫҚ ЗАҢ ЖӘНЕ ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕНІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Берілген заттардың қасиеттерін оқып шығып, олардың металдарға немесе бейметалдарға жататынын анықтаңдар.

  1. Бұл залалсыздандырғыш зат ретінде қолданылады. Біз дәріханадан оның 3,5%-дық ерітіндісін (тұндырмасын) аламыз. Мұндай тұндырманы дайындау үшін қара бозғылт, жылтырақ кристалдарды спиртте ерітеді. Бұл заттың кристалдары нәзік. Электр тогына апарғанда электрод шамы жанбайды.

  2. Бұл зат табиғи шығу тегі жағынан Жердегі ең қатты зат. Оның кристалдары мөлдір, зергерлік бұйымдар жасауда қолданылады. Электр тогын өткізбейді, жылуды нашар өткізеді.

  3. Бұл зат электрөткізгіш болып есептелмейді, жылуды нашар өткізеді. Өзінің атауына байланысты қасиеті - қараңғыда жарық шығаруға қабілетті. Бұл қасиетін Артур Конан Дойль «Собака Баскервиллей» шығармасында сипаттады. Бірақ автор бұл аппақ әсем зат оңай буға айналатынын, тым улы және ауада өздігінен тұтанатынын білмеді.

«Кім зерек?» ойыны (есептер шығару)ОРТА МЕКТЕП ХИМИЯСЫНДА ПЕРИОДТЫҚ ЗАҢ ЖӘНЕ ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕНІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

№1. 5,4г алюминий оттекпен әрекеттескенде түзілген алюминий оксидінің массасы қандай?

№2. 78г темірмен тұз қышқылының жеткілікті мөлшері әрекеттескенде қанша литр сутек түзіледі?

№3. 27,5г PCl3 алу үшін қанша грамм хлор қажет?

ОРТА МЕКТЕП ХИМИЯСЫНДА ПЕРИОДТЫҚ ЗАҢ ЖӘНЕ ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕНІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Дж. Ньюленд, Л.Мейер, Э. Шанкуртуаның элементтерді жүйелеудегі талпыныстары туралы қысқаша хабарлама дайындаңдар.

Сабақты бекіту:

«Сиқырлы таяқша» ойыны жүргізіледі. Әр оқушы бір-бір мақал-мәтел айту.

  • От көмір жейді, тот темір жейді.

  • Арпа, бидай - ас екен, алтын, күміс - тас екен.

  • Темірді қызуында соқ.

  • Аз сөз -алтын, көп сөз-күміс.

  • Ақыл арымас, алтын шірімес.

  • Алтын көрсе періште жолдан таяды.

  • Алтынды еріте білмеген - ірітер

  • Теріні илей білмеген - шірітер.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.К.М.Жексембина, Н.Н.Нұрахметов, К.А.Сарманова Химия. Әдістемелік нұсқау. Алматы. «Мектеп», 2004 ж.

2. По материалам сайта Открытый класс, сетевые образовательные сообщества,Суворина В.Г. [Электронный ресурс] // openclass.ru


Резюме


В статье был рассмотрен преимущества применение инновационной технологии при обучения химии в средней школе. Был разработан поурочный план на тему периодический закон и периодическая система Д.И.Менделеева.

Summary


© 2010-2022