Конспект урока по химии на тему Тұздардың номенклатурасы, қасиеттері

Раздел Химия
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Конспект урока по химии на тему Тұздардың номенклатурасы, қасиеттеріКонспект урока по химии на тему Тұздардың номенклатурасы, қасиеттеріКонспект урока по химии на тему Тұздардың номенклатурасы, қасиеттеріКонспект урока по химии на тему Тұздардың номенклатурасы, қасиеттеріКонспект урока по химии на тему Тұздардың номенклатурасы, қасиеттеріКонспект урока по химии на тему Тұздардың номенклатурасы, қасиеттеріКонспект урока по химии на тему Тұздардың номенклатурасы, қасиеттеріКонспект урока по химии на тему Тұздардың номенклатурасы, қасиеттеріКонспект урока по химии на тему Тұздардың номенклатурасы, қасиеттеріКонспект урока по химии на тему Тұздардың номенклатурасы, қасиеттеріСабақтың тақырыбы: Тұздар: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, қолданылуы.

Мақсаты: А) Білімдік: Тұздардың құрамы, аталуы (номенклатурасы), жіктелуі, суда еритін, ерімейтін, аз еритін тұздар, оларды алу жолдары, химиялық қасиеттері, қолданылуы және экологиялық проблемелер жайлы теориялық білім беру.

Ә) Дамытушылық: Заттарды салыстыра білу, логикалық ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін, пәнге қызығушылықтарын дамыту. Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасай білу, қортынды жасау, реакция теңдеулерін құрастыра білу, қасиеттерін салыстырып-ажырата білу қабілеттерін дамыту.

Б) Тәрбиелік: Өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру, оқушылардың жеке белсенділіктерін тәрбиелеу, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа үйрету.

Құрал-жабдықтар: Тұздар ертінділері: натрий хлориді, мыс (ІІ) сульфаты, варий нитраты, тұз қышқылы, натрий гидроксиді, сынауықтар, «Тұздар», «Тұздардың қолданылуы», т.б. - слайд-презентация, т.б.

Сабақтың түрі: Аралас (дәстүрлі).

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, ой қозғау, демонстрация, сұхбат.

Оқыту формасы: Жалпы сыныптық, жеке.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

А) Негіздер қандай екі топқа бөлінеді? Олардың ұқсастығы мен айырмашылығы.

Ә)Мыс (ІІ) гидроксиді мен темір (ІІІ) гидроксидін алуға болатын реакция теңдеуін жазыңдар.

Б) Еритін негіздер мен ерімейтін негіздер сумен қалай әрекеттеседі?

В) Ерімейтін негіздерді қыздырғанда не байқалады?

Г) Негіздерді қалай алуға болады?

Д) Негіздердің химиялық қасиеттері қандай? Қайда қолданылады?

3.Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың тақырыбын анықтап алу үшін,алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жұмбақты шешуді ұсынып, айтылған затты табуды тапсырамын: Ертедегі грек поэты Гомер бұл затты қадірлі, аулы зат деп бағалаған, біздің заманымызға дейінгі 8 ғасырда бұл зат алтыннан қымбат бағаланған, Оны өндіретін кен орындары үшін жиі қарулы қақтығыстар болып тұрған. Ол ертедегі дәрілердің құрамына кірген, оның емдік қасиетін жоғары бағалап, зарарсыздандыру, тазалау қасиеті бар екенін айтқан. Оны ертеден-ақ тері, ағаш өңдеуде қолданған. Ол ерте кезден түскі астағы ең басты, ең негізгі химиялық реактив болған. Орыстардың дәстүрлері бойынша оны қонақтарға нанмен бірге ұсынып, сонымен бірге денсаулық тілеген. (ас тұзы).

«Қызығушылықты ояту»

-Қышқылдар металдармен әрекеттескенде қандай заттар түзіледі?

-Ал енді осы сұраққа жауап беру үшін қышқыл мен металдар арасында жүретін бірнеше химиялық теңдеу жазайық.

Са + H2SO4 → СаSO4 + H2

2Аl + 6HNO3 →2Аl(NO3)3 + 3H2

Fe + 2HCl → FeCl2 + H2

К + H3PO4 → К3PO4 + H2

Түзілген қосылыстардың аттарын атайық : «Ойлан тап »

СаSO4 - кальций сульфаты

Аl(NO3)3 - алюминий нитраты

FeCl2 - темір (II) хлориді

К3PO4 - калий фосфаты

- Алынған заттар қандай құрам бөліктерден құралған?

Бүгінгі өтетін тақырыбыз осы тұздар туралы болмақ. Дәптерлерімізге жаңа тақырыпты жазайық, - деп, жаңа тақырыпты тақтаға жазып, түсіндіруге көшемін. Тұздарға анықтама беру, бірнеше тұз формуласын тақтаға жазу арқылы оқушылардың өздеріне қортынды жасатып, анықтамасын айтқызу. Бұдан соң тұздардың жіктелуіне тоқталу. Оны кесте арқылы көрсетуге де болады:

Суда еритіндер

Аз еритіндер

Ерімейтіндер

NaCI, КNO3, MgSO4 және т.б.

СаSO4, PbCI2 және т.б.

ВаSO4 , MgСО3, AgCl, т.б.

Тұздардың номенклатурасы

Тұздың атауы

=

Тұз құрамындағы металдың аты

+

Айнымалы валенттік көрсететін металдың валенттігі жақшада рим санымен

+

Қышқыл қалдығының атауы

Мұнан соң тұздардың жіктелуі айтылып, кестесі түсіндіріледі, оқушылардың алдарына тұздардың формулалары жазылған карточкаларды беріп, жіктелуі бойынша анықтауды тапсырамын. (2 минут уақыт беріледі) Тұздар

(қышқыл қалдығының құрамы бойынша)

Орта немесе қалыпты негіздік қышқыл

(K2CO3, CuSO4, Na3PO4) (AlOHCl2, Ca(OH)NO3 (NaHSO4, KHS)

Орта тұздар - СаSO4 (кальций сульфаты), NaNO3 (натрий нитраты), K3PO4 (калий фосфаты), СаSiO3 (кальций силикаты), FeCl3 (темір хлориді), MgSO3 (магний сульфиті).

Қышқылдық тұздар - CaHPO4 (кальций гидрофосфаты), КН2РО4 - калий дигидогидрофосфаты.

Негіздік тұздар - Al(OH)SO4 (алюминий гидроксосульфаты)

Тұздардың химиялық қасиеттері: Химиялық реакцияларды бар реактивтер бойынша демонстрациялап көрсетемін. (натрий карбонаты, тұз қышқылы, варий нитраты, натрий гидроксиді, темір шеге, мыс (ІІ) сульфаты, кальций карбонаты, т.б арқылы.

1 Тұздардың металдармен әрекеттесуі.

Fe +СuSO4 =FeSO4 +Сu

2 Тұздардың сілтілермен әрекеттесуі:

3KOH + Fe(NO3)3 = Fe(OH)3 + 3KNO3

3 Тұздардың қышқылдармен әрекеттесуі:

СаСО3 + НCI = СаCI2 + Н2О + СО2

4.Тұздардың басқа тұздармен әрекеттесуі:

ВаCI2 + Na2SO4 =ВаSO4↓ +2 NaCI

5. Тұздардың термиялық айырылуы:

ВаСО3 = ВаО +СО2

Тұздарды алу жолдары:

1.Металдар + қышқыл = тұз + сутек газы

2.Тұз + металл = басқа тұз + тұз құрамындағы металл

CuSO4 +Fe =FeSO4 + Cu

3.Сілті + қышқыл = тұз + су

NaOH + HCl = NaCl + H2O

4.Негіздік оксид + қышқыл = тұз + су

CuO + H2SO4 = CuSO4 + H2O

5.Сілті + қышқылдық оксид = тұз + су

Ca(OH)2 + CO2 = CaCO3 + H2O

Тұздарды алу жолдарының кестесі

Заттардың аты

Қышқылдық оксид

Қышқыл

Тұз

Металл

-

+

+

Негіздік оксид

+

+

-

Негіз

+

+

+

Тұз

-

+

+

Кальций фосфаты тәрізді ерімейтін минералды тұздар сүйек ұлпасының аралық жасушалары, ұлу бақалшактары құрамына кіріп, олардың беріктігін арттырады. Жасушалар цитоплазмада қалыпты әлсіз сілтілі орта болуына жердемдесе алады. Жасушаның бұл қасиеті буферлілік деп аталады.

4.Бекіту сұрақтарын беру.

А) Тұздар дегеніміз қандай заттар? Олардың құрамына нелер кіреді?

Ә) Тұздардың номенклатурасы қандай, оларды қалай атауға болады?

Б) Тұздарды қалай жіктейді? Жіктелуі неге байланысты? Орта немесе қалыпты тұздар деген не?

В) Қышқыл тұздар деген не? Мысал келтіріңдер. Қалай аталады?

Д) Негіздік тұздардың ерекшеліктері қандай? Қалай атаймыз?

Е) Кестедегі тұздардың формуласы мен атын сәйкестендіріңдер.

NaCl

карбонат кальция

K2SO4

сульфид магния

Na3PO4

нитрат магния

CаCO3

хлорид натрия

Mg(NO3)2

сульфит лития

Li2SO3

сульфат калия

MgS

фосфат натрия

Оқушылардың жауаптарын дұрыс жауаппен салыстыру, қателерін жөндету.

Мұнан соң бірнеше тұз формуласын жазып, оларды дұрыс оқу мен атауды түсіндіру.

MgS - магний эс

Na3PO4 - натрий үш пэ о төрт

Mg(NO3)2 - магний эн о үш екі еселенген.

5. Пысықтап, қортындылау.

Тұздардың кең таралған түрлері, күнделікті тұрмыста қолданылатын тұздар, олардың маңызы жайлы айтып, сабақты қортындылау. Мұнан соң сабаққа белсене қатысқан оқушыларды атап, білімдерін бағалау, үйге тапсырма беру.

6.Үйге тапсырма беру.

§35,48. Тұздар: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, қолданылуы.



© 2010-2022