Жай және күрделі заттар ҚМЖ

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі: 02.10.2015

Уақыты : 10.35 - 11.20

Сыныбы : 8

Пән атауы: химия

Сабақтың тақырыбы: Жай және күрделі заттар. Салыстырмалы атомдық масса. Салыстырмалы молекулалық масса.

Сабақтың мақсаты: Жай және күрделі заттарды ажырата білуге, заттың сандық және сапалық құрамын, салыстырмалы молекулалық массасын есептеуге үйрету. Химиялық қосылыс, химиялық қоспа ұғымдарын мысалдар арқылы айыра білуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже: бағдарлама мен оқулық бойынша білім негізін меңгеру, химиялық білімін жоғарылату, тапсырмаларды орындау барысында логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз пікірін білдіруге, ойын дәлелдеуге үйрену, білім бағытын және мазмұнын жетілдіру арқылы қорытындысын көру.

Қолданылатын модульдер: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Жас ерекшеліктеріне қарай оқыту, диалогтік оқыту

Стратегиялық іс-әрекет: «топтық жұмыс», «жұптық жұмыс», «Венн диаграммасы», «семантикалық карта», «графикалық диктант», «синквейн», «еркін жазу», пән аралық байланыс.

Уақыт өлшемі

Сабақ этаптары

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеттері

Ресурстар

1 мин

Ұйымдастыру

Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу, түгендеу

Сәлемдеседі, жылы қабақты сезеді


2 мин

Сергіту

Волейбол ойынының шартын айтады

Допты бір-біріне лақтыру арқылы химиялық элементтердің, лабораториялық құрал-жабдықтардың, тұрмыста қолданылатын химиялық заттардың аттарын атайды

Доп


1 мин

Топқа бөлу

Оқушыларды металл, бейметалл, химиялық қосылыс формулалары жазылған қағазшалар арқылы шағын топтарға бөлу

1 топ - металдар

2 топ - бейметалдар

3 топ - химиялық қосылыстар

Оқушылар топқа бөлінеді

Металдар, бейметалдар, химиялық қосылыстар формулалары жазылған қағазшалар

3 мин

Топқа ат беру

Шағын топтарға осы уақытқа дейін танысып үлгерген ұлы химик ғалымдардың атын береді

Ұлы ғалымдардың өмірбаяны, еңбектері туралы баяндайды

А.М.Ломоносовтың, Д.И.Менделеевтің, Я.Берцелиустың портреттері.

5 мин

Ой түйіндеу

Бүгінгі сабақта сәттілік тілейді.

Оқушылар химия ғылымының ертедегі және қазіргі кездегі маңызы туралы ойларын түйіндейді.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің, тайқазанның, алтын адамның суреттері.

10 мин

Топ-топ

Бағыт береді.

Оқушылыр қолдарындағы химиялық элементтерді, химиялық қосылыстарды формулалары бойынша оқиды, атайды. Топтар бір-біріне қолдарынғы қағаздар бойынша тапсырма береді.Тапсырманы топтасып орындайды

Металдардың, бейметалдардың үлгілері

5 мин

Топ-мұғалім

Тапсырма береді.

1 топ Венн диаграммасы

2 топ Кестеде берілген сөздер бойынша мақал құрастыру

3 топ Суреттер бойынша кестені толтыру

Топ болып пікірлесе отырып тапсырманы орындайды

Кестелер, суреттер

5 мин

Негізгі бөлім

Талдау

Жаңа тақырыпты хабарлап, әр топқа тапсырма береді.

1 топ Заттарды топтарға жіктеу

2 топ Салыстырмалы атомдық масса

3 топ Салыстырмалы молекулалық масса

Әр шағын топ жұптасып, топтасып пікірлесе отырып, өз ойларын еркін, дәл, анық түрде флипчартқа түсіріп қорғайды

Оқулық, периодтық жүйе, атом модельдері, пластилин, флипчарт, түрлі-түсті маркерлер

5 мин

Бекіту

Тапсырмалар береді

1 топ Графикалық диктант

2 топ Семантикалық карта

3 топ Кесте толтыру

Есептеу тапсырмаларын береді

Жұптық жұмыс

Логикалық тапсырма

Кестелерді толтырып қорғайды

Әр топ оқушылары жеке жұмыс жасап соңында топ мүшелерінің жауаптарының жиынтығын хабарлайды

Берілген мәтіндегі жай және күрделі заттарды теріп жазады

Формулалары жазылған заттардың салыстырмалы молекулалық массаларын есептеп жатпай-ақ ауызша салыстырады

Кестелер, периодтық жүйе, калькулятор



Мәтін

Флипчарт, маркер

3 мин

Қорытынды

«Бұл не?» тапсырмасы

Тапсырма жауаптарынан кластер құрастырады

Флипчарт, маркер

2 мин

Бағалау

Жұлдызшалар беру

Әр шағын топ бір-біріне баға береді

Жұлдызшалар (қызыл, көк, жасыл)

3 мин

Рефлексия

Бүгінгі сабақ туралы ойларын білдіреді

Сабақтан алған әсерлерін тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш белгілері арқылы білдіреді

Тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш белгілері


© 2010-2022