• Преподавателю
  • Химия
  • Доклад по химии на тему «Химия пәнінен оқушылардың білім сапасын арттыруда сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану»

Доклад по химии на тему «Химия пәнінен оқушылардың білім сапасын арттыруда сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану»

Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Доклад по химии на тему «Химия пәнінен оқушылардың білім сапасын арттыруда сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану»





Тақырыбы: «Химия пәнінен оқушылардың білім сапасын арттыруда сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану.»




Орындаған: Искакова Турсынай Алгазиевна

Жұмыс орны: Алматы қаласы Алатау ауданы

№180 жалпы білім беретін мектебі

Қызметі: Химия-биология пәндерінің мұғалімі



















Химия пәнінен оқушылардың білім сапасын арттыруда сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану


Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Ұстаз үшін ең басты мәселе - оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады.

Дәстүрге айналған осы уақытқа дейінгі оқыту үрдісінде тек мұғалімге ғана күш түсіп, сабақ үдерісінде мұғалім ғана жұмыс істеп, оқушы тек дайын мәліметті ғана алып отырса, оқытудың қазіргі технологияларында тек оқушы ғана белсенділік танытып, өз бетінше ізденіп, өзідігінен білім алуға ұмтылу керек. Құлшыныс таныта отырып ұмтылудың арқасында оқушы өз мүмкіндігін біліп, жетістікке жетуге талпынады. Ал мұғалім жеке оқушының қызығушылығын арттыра отырып, қабілетін ашуға көмектеседі. Бұл орайда мұғалім оқушылардың таным белсенділігін арттыратын сұрақтар береді, шығармашылық қабілеттерін ашуда, жаңа білімді игеру кезінде ойлауға көмектеседі, оқушының қай бағытта дамып келе жатқанын анықтап, әрбір оқушының игерген білімдерінің нәтижесін ертеңгі нәтижелермен салыстыра отырып, даму динамикасының мониторингісін құрады.

Оқушылардың таным белсенділіктері мен ойлау қабілеттерін дамытатын қазіргі технологиялар баршылық. Сол технологиялардың ішінен сын тұрғысынан ойлау технологиясының өзіндік орны ерекше.

Бұл технология үш кезеңнен тұрады.

I.Қызығушылықты ояту.

Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту әрекеттері жүзеге асырылады.

II. Мағынаны тану кезеңі.

Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды.

III. Ой-толғаныс.

Оқушылар бір-бірімен ой алмастырады, ой бөліседі, әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

Оқу мен жазу арқылы ойлау стратегияларын сабағымда қолданып жүрмін.

Бұл технологияның бірнеше стратегиялары белгілі: топтастыру (кластер), ЖИГСО, түртіп алу жүйесі (инсерт), Венн диаграммасы, бес жолды өлең құрастыру, Кубизм стратегиялары. Бұл оқытудың түпкі мақсаты ой-өрісі дамыған, жан-жақты, білімге жаны құмар, алған білімін өмірмен ұштастыра алатын азамат тәрбиелеу.

Қай тақырыптың қай этапына немесе бүкіл сабақ үдерісінде қай стратегияны пайдалануды таңдап алу мұғалімнің өзінің шеберлігіне байланысты. Сыни тұрғыдан ойлау үдерісінің бастапқы деңгейінде дәлелдерді сыни тұрғыдан талдайды және бағалайды. Осы орайда химия пәнінен 9 сыныпта «Фосфор және оның қосылыстары» тақырыбын өткенде сабақты бекіту этапында сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Фишбоун» стратегиясы бойынша жаңа сабақта алған білімдерін бекіттім. Оқушы сабақ үдерісінде алған білімін бір жүйеге келтіріп тұжырымдайды, түйіндеуге үйренеді. Бұл стратегияны тақырыпты, тарауды қорыту кезінде пайдалануға болады. Аталған стратегия бойынша балықтың қаңқасы (скелеті) салынады, қаңқаның басына сабақтың тақырыбы жазылса, жоғарғы қанатына себеп, төменгі қанатына дәлел келтіріле отырып, балықтың құйрық бөліміндегі түйініне сабақта алған білімдері тұжырымдалады. Мысалы:

Себеп

Себеп

Себеп

Дәлел

Дәлел

Дәлел

Түйін

Сабақтың тақырыбы




Осы схема негізінде оқушылардың өздері жасаған тұжырымдары мына төмендегідей болды:


Оттегімен әрекеттеседі

Сутегімен әрекеттеседі

Металдармен әрекеттеседі

Фосфордың ақ және қызыл, қара түр өзгерістері бар. Фосфор жай және күрделі заттармен әрекеттеседі. Фосфор (V) оксиді -қышқылдық оксид. Ортофосфор қышқылы орта және қышқыл тұздар түзеді.

Фосфор және оның қосылыстары

Фосфор (V) оксиді - су тартқыш

Фосфор қышқылы 3 сатыда диссоциацияланады

4P+5O2 = 2P2 O5

2P+3H2=2PH3

3Ca+2P=Ca3P2

2P2O5+3H2O=2H3PO4

H3PO4 Доклад по химии на тему «Химия пәнінен оқушылардың білім сапасын арттыруда сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану» H+ + H2PO4-

H2PO4 - Доклад по химии на тему «Химия пәнінен оқушылардың білім сапасын арттыруда сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану» H+ + HPO4 2-

HPO4 2- Доклад по химии на тему «Химия пәнінен оқушылардың білім сапасын арттыруда сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану» H+ + HPO4 3-




Ой-толғаныс кезеңінде бұл технологияның синквейн (бес жолды өлең құру) стратегиясын да қолдандым. Оқушыларды екі топқа бөліп, өлең құру үшін мына төмендегі сөз таптары өлең жолдарына арқау болатындығы түсіндірілді. Оқушы жаңа сабақта алған білімдеріне сүйене отырып, ой қорытады, түйіндейді, тұжырымдайды.

  1. Зат есім

  2. Сын есім

  3. Етістік

  4. 3-4 сөзден тұратын сөйлем

  5. Синоним

І топқа мына тапсырма берілсе.

  1. Фосфор

  2. Ақ, қызыл, қара

  3. Әрекеттеседі, қолданылады

  4. Фосфор - әрі тотықтырңыш, әрі тотықсыздандырғыш

5.Фосфор - органогенді элемент.

II топқа мына тапсырма берілді.

1. Фосфор қышқылы

2. Үш негізді, әлсіз қышқыл

3. Ериді, диссоциациаланады, әрекеттеседі

4. Үш қатар тұздар түзеді

5. Тұздары-минералды

тыңайтқыштар

Бірінші топ оқушыларының сезімнен шығарған өлеңдері мына төмендегідей болды:

Периодтық жүйеде,

15-ші нөмірде.

Фосфор атты элемент,

Жайғасыпты керемет.

Аллотропиялық түрлері,

Ақ, қызыл, қара түстері.

Металменен қосылып,

Соңында фосфид түзеді.

Бар болса да ақ, қара фосфор түрі,

Қолданылады қызыл фосфор тіпті жиі.

Бірде тотықтырып,

Бірде тотықсыздандырып,

Емін - еркін реакцияға түседі.

Ағзаның да құрамына кіреді.

ІІ топ оқушылары мына тұрғыда өлең құрастырды:

Әлсіз қышқыл, оттекті, үш негізді,

Суда жақсы еритін орта күші.

Үш негізді болған соң суда еріп,

Біртіндеп үш сатыда ыдырайды.

Үш қатарлы тұздар түзіп,

Тұздары - тыңайтқыш боп табылады.

Сабақ үдерісінде барлық стратегиялар үш кезең арқылы жүзеге асады.

10 сыныпта «Алюминий және оның қосылыстары» тақырыбын өткенде осы технологияның бірнеше стратегияларын пайдаланған сабағымды айтып өтейін.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Алюминийдің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы мен табиғатта таралуын, қасиеттерін және оның қосылыстарының ерекшеліктерін түсіндіру;Алюминийдің және оның қосылыстарының екі жақты қасиет көрсететіндігі жөнінде түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушыларлың өз бетінше жұмыс істей алу қабілеттерін дамыту, өзін-өзі бағалай білуге, ізденімпаздыққа, өз пікірін басқаның пікірімен салыстыра білуге, ақпаратты меңгере отырып дұрыс қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, өзгені сыйлауға, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту әдісі, СТО.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, постер, үлестірмелі тапсырмалар, алюминийдің маңызды қосылыстарының топтамалары (коллекциялары).

Сабақтың барысы:

I кезең - қызығушылықты ояту - мотивация. Бұл кезеңде өтілетін жаңа сабақтың тақырыбын айтпастан бұрын мына бір оқиғаны оқып беріп, қандай зат туралы әңгіме болатынын өздеріне айтқыздым.

Бұл қандай металл болған екен?

1854жылы француз ғалымы Сент-Клер Девиль тұңғыш рет осы металды таза күйінде бөліп алды.1855жылы бүкіл дүниежүзілік Париж көрмесіне «Девиль күмісі» деген атпен салмағы 0,5кг күміс түстес осы металл қойылыпты.Бұл металдың сол кездегі нарқы алтыннан да қымбат болыпты.1кг 2400марка болған екен.

Осы металға қатты қызыққан Наполеон III осы металдан бүкіл армияға төсбелгі мен бассауыт соқтырмақшы болды.

1899 жылы Лондонда Д.И.Менделеевке сыйға тартылған таразы осы металл мен алтынның қоспасынан жасалған екен.Ал қазір жеңілділігіне байланысты құймалар дайындауда, ұшақ жасауда қолданылуда.Біз қай металл жайлы сөз қозғамақпыз? Ойланып көріңдерші.

Оқушылар бастапқыда дұрыс таба алмаулары да мүмкін. Мұғалім реніш танытпай, топ болып жұмыс істеулерінің нәтижесінде бұл металдың алюминий екендігін оқушылардың өздері табуларына мұрындық болу керек.

Жаңа сабақтың тақырыбы белгілі болғаннан кейін оқушыларды жаңа материалды меңгеруге дайындау мақсатында«Миға шабуыл» стратегиясын қолдана отырып оқушылар төмендегідей сөзжұмбақты шешті.

А)

А

З

О

Т

Г

И

Д

Р

О

Л

И

З

А

Л

Ю

М

И

Н

И

Й

Т

Е

М

І

Р

А

М

М

И

А

К

Б

Р

А

Н

Д

Р

А

Д

И

Й

Б

Е

Р

И

Л

И

Й


  1. Ауаның негізгі құрам бөлігі.

  2. Тұз бен су арасындағы алмасу реакциясы

  3. Тұрақты үш валенттілік көрсететін элемент

  4. Табиғатта таралуы бойынша екінші металл

  5. Азоттың ұшқыш сутекті қосылысы

  6. Фосфорды ашқан ғалым

  7. Радиоактивті металл

  8. 1828 жылы неміс химигі Ф.Велер таза күйінде бөліп алған металл.

Ә)Оқушылар үш топқа бөлініп, топтық тапсырма орындады.

Бірінші топтың тапсырмасы: Металдарға тән қандай физикалық, химиялық қасиеттерді білесіңдер?

Екінші топтың тапсырмасы: Сол қасиеттердің қайсысы алюминийге тән деп ойлайсыңдар?

Үшінші топтың тапсырмасы: Алюминийдің қандай қосылыстары болуы мүмкін? Сол қосылыстардың қасиеттерінің алюминийдің қасиеттерінен қандай айырмашылығы болуы мүмкін.

Оқушылар жауаптарын постерге түсіріп, топ ішінен бір адам шығып қорғады.

II кезең - Мағынаны тану.

Топтастыру стратегиясы бойынша оқушыларды үш топқа бөліп тапсырмалар орындалды.

I топ - Алюминийдің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, табиғатта кездесуі, физикалық қасиеттері.

II топ - Химиялық қасиеттері, қолданылуы, өнеркәсіпте алынуы.

III топ - Алюминийдің маңызды қосылыстары.

Оқулықтағы мәтінмен, слайдтармен жұмыс істейді, жаңа ақпараттармен танысады, әдебиеттерден кейбір ақпараттарды өздері табады.

Электронды оқулықтан AI3+ ионын анықтау көрнекілік тәжірибесін көреді.

Мәтінмен жұмыс істеу барысында оқушылар түртіп алу жүйесі (инсерт) бойынша төмендегідей кесте толтырды.

Білетінмін

Білмеймін

Мен үшін жаңа ақпарат

Тереңірек білгім келеді


Кестені толтырып болған соң оқушылар топпен өзара пікір алмасты.

III кезең - Ой-толғаныс - рефлексия.

I топ оқушылары төмендегідей семантикалық карта толтырды.

Ақ түсті

Иілімді

Қатты

Суда ериді

Амальгама түзеді

Қышқылдармен әрекет

теседі

Негіздер-мен әрекет

теседі

Металл

оксид-

терін тотықсыз

дандырады.

Электро

лиз жолымен алынады.

AI



AI2O3



AI(OH)3



II топ оқушылары синквейн 5 жолды өлең құрастырды.

  1. Алюминий

  2. Күмістей, ақ, жеңіл

  3. Бұзылмайды, түзеді

  4. Электр мен жылу өткізгіштігі жоғары

  5. Екідайлы элемент.

Жүйеден алып он үшінші нөмірді,

Табиғатта кең таралып күмістей боп көрінді.

Алюминий жеңіл металл ақ түсті,

Иілгіштік қасиеті бар тым күшті.

Ауада да бұзылмайды,қабығы бар оксидті,

Сынаппенен бірігіп амальгама ол түзеді.

Электр өткізгіштігі оның жоғары,

Өте күшті жылу өткізгіш те болады.

Оп-оңай-ақ фольга болып жайылып,

Өндірісте сым етіп те созады

Қасиеттері бар сан-алуан керемет .

Алюминий-екідайлы элемент.

Металдарды бөліп алып оксидтен,

Алюмотермия-ол не деген керемет.

Бұл топтағы ақындық қабілеті бар оқушының шығарған өлеңі осы сипатта болды.

Доклад по химии на тему «Химия пәнінен оқушылардың білім сапасын арттыруда сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану»ІІІ топ оқушылары төмендегі Венн диаграммасын толтырды.

Оқушыларды бағалау кезінде бәрі бірлесіп бағалау критерийлерін құрастырды. Бағалау критерийлері мына төмендегідей болды:

  1. Алюминийдің және оның қосылыстарының қасиеттерін дәл, нақты сипаттай білуі.

  2. Басқа элементтермен ұқсастығы және айырмашылықтарын сараптай білуі.

  3. Алюминий мен қосылыстарының қасиеттерін сипаттайтын химиялық теңдеулерді дұрыс құрастыра, теңестіре білуі.

  4. Жаңа сабақта алған білімдерін тұжырымдай алуы.

  5. Осы критерийлер негізінде 5 баллдық жүйемен бағаланды.

Мүлдем жауап бермегендер - 0 балл;

Анықтаманы дұрыс айта білуі - 1 балл;

Химиялық теңдеулерді дұрыс құрастыра білуі - 2 балл;

Дұрыс теңестіре білуі - 3 балл;

Жаңа сабақта алған білімдерін тұжырымдай алуы - 4 балл;

Барлық критерийлер бойынша білім-білік дағдыларының қалыптасуы -5 балл

8 сыныпта «Физикалық және химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялар» тақырыбын өткенде қызығушылықты ояту кезеңінде қазақ халқының мынадай мақалдарының мән-мағынасын оқушылардың өздеріне ашқыза отырып, сабаққа қызығушылықтарын арттыруға болады. «Сәуір болса күн күркірер, күн күркіресе көк дүркірер», «Дән себілмей астық өнбейді, дария буланбай шық түспейді», «Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар», «Бір құмалақ бір қарын майды шірітер», «Нөсер алдында найзағай ойнайды», «Тамшы су тас тесер».Әр мақалдың мағынасын аша отырып табиғаттағы физикалық және химиялық құбылыстардың ерекшеліктеріне кең түрде талдау жасалды.Мысалы, «Тамшы су тас тесер» мақалында тамшы судың әсерінен тас тек механикалық үгітілетіндігін, ұсақталатындығын, басқа затқа айналмайтындығы жөнінде ой қозғаса, «Бір құмалақ бір қарын майды шірітер» мақалында бір құмалақтың әсерінен бір қарын май өзгеріске ұшырап, жеуге жарамсыз болып қалатындығын айта отырып, химиялық құбылыс кезінде бір заттардан басқа заттар түзілетіндігі, яғни химиялық реакция жүретіндігіне назарларын аударту керек.

Сабақ үдерісінде технологияның стратегияларын пайдалана отырып, оқушының ой -өрісін жетілдіруге, таным белсенділіктерін арттыруға, пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға болады.


© 2010-2022