Ашық сабақ химиядан 10 сынып

ҚОЛДАҢБАЛЫ КУРС «МЕТАЛДАР ХИМИЯСЫ» 10 СЫНЫП  «Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат,  бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» Қ. Сәтпаев Сабақтың мақсаты: Факультативтік сабақтан көрініс көрсету,есеп беру.                                      Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрістерін    дамыту.                                      Тәжірибе жасай отырып, пәнге баулу. Сабақтың міндеттері: Білімділік: Оқушылардың металдар тарауынан алған білімін жаңа ұғымдармен то... Рет № Элемент V M y m 1 Na       46 2 N2 22,4       3 Mg     3   4 H2 44,8       Білімді игеруге бағытталған 7 қадам: ІІ. Үй жұмысын тексеру  «Джиксо» стратегиясы бойынша оқушылар өздеріне берілген тапсырмалар арқылы жұмыс жасайды. Оқушылар өз бетімен кеңінен қолданылатын металдар жөнінде мағлұмат алады. ( 10 ұпай) І топ тапсырмасы. Металдардың ашылу тарихы мен табиғатта таралуы. .Металдардың адам өміріндегі маңызы.(өнеркәсіпте, техника, шаруашылықта, күнделікті тұрмыстағы бұйымдар) ІІ топ тапсырмасы.   Адам ағзасындағы металдардың биологиялық ролі. ( натрий, иод, кальций,...         *1 * 2 *  3  *  4  *  5  *  6  *  7  *  8  *  9  *  10  *  Бағалау - оқушылар бағалау парағындағы ұпайларын санайды. (55 ұпай)   Мұғалім: Бүгінгі сабақта адамдардың металдарды игеруі мен қолданылуына орай дәуірлер (мыс, қола, темір) атының қалуы металдардың тарихта алатын орнының ерекше екенін көрсетеді. Сонымен қатар, металдардың тірі организмдегі маңызының  зор, олардың қоршаған ортада алатын орны  ерекше екендігін күнделікті өмірден байқаймыз.      Биылғы жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Рес... Үй жұмысы (10ұпай) Ой толғаныс (5 ұпай) «Кім жылдам» (5 ұпай) “Химиялық эстафета” (5 ұпай) «Ойлан тап» (5 ұпай) Топ басшыларына тапсырма (5 ұпай)   Шығармашылық тапсырма (5 ұпай) Химиялық диктант   (10ұпай)   Жалпы ұпай саны                   Оқушы Тойлыбаева Ғалия                
Раздел Химия
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ химиядан 10 сыныпАшық сабақ химиядан 10 сыныпАшық сабақ химиядан 10 сыныпАшық сабақ химиядан 10 сыныпАшық сабақ химиядан 10 сыныпАшық сабақ химиядан 10 сыныпАшық сабақ химиядан 10 сыныпАшық сабақ химиядан 10 сыныпАшық сабақ химиядан 10 сыныпАшық сабақ химиядан 10 сыныпАшық сабақ химиядан 10 сыныпАшық сабақ химиядан 10 сыныпАшық сабақ химиядан 10 сыныпАшық сабақ химиядан 10 сыныпАшық сабақ химиядан 10 сыныпАшық сабақ химиядан 10 сыныпАшық сабақ химиядан 10 сыныпАшық сабақ химиядан 10 сыныпАшық сабақ химиядан 10 сыныпҚОЛДАҢБАЛЫ КУРС «МЕТАЛДАР ХИМИЯСЫ» 10 СЫНЫП

«Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат,

бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес»

Қ. Сәтпаев


Сабақтың мақсаты: Факультативтік сабақтан көрініс көрсету,есеп беру.

Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрістерін дамыту.

Тәжірибе жасай отырып, пәнге баулу.

Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың металдар тарауынан алған білімін жаңа ұғымдармен толықтыру, олардың қасиеттері туралы терең түсінік беру. Ерекшеліктерін, айырмашылығын ажырата білуді үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың зейінін, танымдық белсенділігін, өзіндік пікірін қалыптастыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, тұлғалық қасиеттерін дамыту
Тәрбиелік: Бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың типі: Білім мен әрекет тәсілдерін кешенді қолдану сабағы
Сабақтың әдісі: Зерттеу әдісі, оқушыға танымдық тапсырмалар беріліп, оны өз бетінше қажетті әдістерді пайдалана отырып және мұғалім көмегімен орындау.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, таблица, интерактивті тақта, слайдтар, реактивтер, оқушыны және топты бағалау парақтары.
Пәнаралық байланыс: Тарих, биология, қазақ тілі, география

Өтілу әдістері: Сұрақ - жауап, миға шабуыл, проблемалық ізденіс, тәжірибелік жұмыс, бірін - бірі бағалау, топты бағалау, жеке оқушыны бағалау.


І. Ұйымдастыру

Сабақ басында сынып оқушылары үш топқа бөлініп, топтың атын және ұранын айтады. Әділқазылар алқасы сайланып әр бөлімнің нәтижесін шығарып отырады. Сайыста жеті баспалдақ берілген, топ оқушылары әр баспалдаққа көтерілген сайын әртүрлі тапсырмалар алып отырады.

Сабаққа дайындық кезең - Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау» стратегиясы(5 ұпай)

Ғалымдар құпия хат тауыпты. Бір кеме апаттқа ұшырағаны белгілі, хаттың көп жері өшіріліп қалған. Хатты қалпына келтіруге көмектесіңдер.

Рет №

Элемент

V

M

y

m

1

Na




46

2

N2

22,4




3

Mg



3


4

H2

44,8




Білімді игеруге бағытталған 7 қадам:

ІІ. Үй жұмысын тексеру «Джиксо» стратегиясы бойынша оқушылар өздеріне берілген тапсырмалар арқылы жұмыс жасайды. Оқушылар өз бетімен кеңінен қолданылатын металдар жөнінде мағлұмат алады. ( 10 ұпай)
І топ тапсырмасы.

Металдардың ашылу тарихы мен табиғатта таралуы. .Металдардың адам өміріндегі маңызы.(өнеркәсіпте, техника, шаруашылықта, күнделікті тұрмыстағы бұйымдар)
ІІ топ тапсырмасы.

Адам ағзасындағы металдардың биологиялық ролі. ( натрий, иод, кальций, алтын, селен, қорғасын, т. б метал үлгілері)

Бірін-бірі бағалайды

ІІІ. Ой толғаныс. «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы. (5 ұпай)
А) «Кім жылдам?» ойыны. Әр топқа 5 сұрақ беріледі, шапшаң, ұтымды жауап беру керек.
І - топ
1. Жеңіл балқитын металл? /Цезий/
2. Тез магниттелуге және магниттік қасиетін жоюға бейім металл (темір)
3. Электр шамының қылын жасайтын, ең қиын балқитын металл (вольфрам)
4. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын сілтілік металл? /Калий/
5. Негізгі топшаның металдары (s. p элементтер)

ІІ - топ.
1. Неліктен темір «аспан тасы» деп аталған? (себебі метеориттің құрамында темір бар)
2. Сүйекті қаптайтын элемент? /Кальций/
3. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металдардың
пайыздық мөлшері. (80%)
4. Темірдің маңызды құймалары / шойын, болат/
5. Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар? (темір, мырыш, қалайы, қорғасын, күміс, алтын, мыс)

«Кім жылдам» Реакцияны теңестіріп, жалпы коэффициенттер санын есепте: (5 ұпай)

А) Mg + HCl →

B) MgO + HCl →

C) Na2O + H2O →

D) H2 + O2

E) MgCO3

Сергіту сәті: «Жасырған элементті табу»

Шарты: әр қайсың бір элемент нөмірін жасырыңдар, сол санды екіге көбейтіңдер енді алыңған санға 5-ті қосыңдар, қосындыны 5-ке көбейтіңдер.

V. "Химиялық эстафета" Әр топтан бір оқушыдан шығып, бірінші тапсырманы орындап, борды келесі оқушыға береді. Сөйтіп барлық айналулар іске асқанша бір - біріне эстафетаны беріп отырады. (5 ұпай)
1 - топ. Ca→CaO→Ca(OH) 2→CaCO3
2 - топ. Fe 2SO4 →Fe(OH) 2→FeO →FeCl2

VI. «Ойлан тап» Топ оқушылары орындарында отырып, берілген есепті шығарып, бір оқушы тақтаға жазады. (5 ұпай)
1- топ. 20 грамм натрий гидроксидін тұз қышқылымен араластырғанда неше грамм тұз түзіледі.
2 - топ. Массасы 48 грамм алюминийді оттекпен әрекеттестіріп, алюминий оксидінің массасын табыңдар.

VII. Топ басшыларына тапсырма: Электрондық деңгейде электронның орналасуын, атом құрамын жазыңдар. (5 ұпай)
1 - топ. Кальций
2 - топ. Магний

VІII. Шығармашылық тапсырма(5 ұпай)

Үстел үстіндегі өрнектелген «Сыр сандықтың» ішінде әр түрлі білезіктер, сырғалар, сақиналар бой тұмар, күміс белбеулер бар. Әр бұйымдарға сұрақ жазылған карточкалар байланған. Бір оқушы сандықтағы барлық бұйымдарды алып көрсетеді. Оның әрқайсысындағы сұрақтарға оқушылардан тез жауап алады. Карточкада сұрақтар негізінен мынадай мазмұнда беріледі:

Қолыңдағы қандай зат?
Ол қандай металдан жасалған?
Не үшін пайдаланады?
Қарсы ілгек қандай металдардың қоспасы?
Металдардың кернеу қатарында қай элементтің активтілігі жоғары?
Натрий гидроксидінің формуласы қандай?

Химиялық диктант( 10ұпай)

1.Литий ең жеңіл металл.
2. Ең ауыр металл - Осмий
3. Ең тез балқитын металл - қорғасын /Цезий/
4. Ауада жанатын сілтілік металл? Цезий
5. Қанның құрамына кіретін металл мыс.

6. Металдардың кернеу қатарын жасаған Н.Н. Бекетов

7.Өнеркәсіптің негізгі металы Темір

6. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын сілтілік металл натрий / Калий/
7. Ең қатты металл - хром.

8. Алюминий балқу температурасы ең жоғары /Вольфрам/
9.Металдың бұзылуы эрозия деп аталады. /коррозия/

10. Ең сүйық элемент сынап.

Жауабы:

*1 * 2 * 3 * 4 * 5 * 6 * 7 * 8 * 9 * 10 *

Бағалау - оқушылар бағалау парағындағы ұпайларын санайды. (55 ұпай)

Мұғалім: Бүгінгі сабақта адамдардың металдарды игеруі мен қолданылуына орай дәуірлер (мыс, қола, темір) атының қалуы металдардың тарихта алатын орнының ерекше екенін көрсетеді. Сонымен қатар, металдардың тірі организмдегі маңызының зор, олардың қоршаған ортада алатын орны ерекше екендігін күнделікті өмірден байқаймыз.

Биылғы жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген. Қазақстан тарихына енетін 10 креативті идеяның бірі- геология. Қазақстан геологиялық барлау саласында әлемдік нарыққа енуі тиіс,- деп атап көрсетті. Себебі, геологиялық жұмыстарды қайтадан қарап, бұл салаға шетелдік инжинирингтік компаниялардың инвестициялары тартылатынын ашып айтты. Сондықтан да, болашақтың тұтқасы сіздер, өз халқымыздың игілігі жолында алдыңызға мақсаттар қойып, жақсы мамандар болуға үлес қосатыңызға сеніміміз мол

Рефлексия - Маған сабақ ұнаған жоқ, уақытым босқа өтті

Сабақ маған ұнады, әлі де ізденуім керек

Сабақ маған қатты ұнады,

жақсы қатыстым деп ойлаймын


Бағалау парағы

Үй жұмысы (10ұпай)

Ой толғаныс

(5 ұпай)

«Кім жылдам»

(5 ұпай)

"Химиялық эстафета"

(5 ұпай)

«Ойлан тап»

(5 ұпай)

Топ басшыларына тапсырма

(5 ұпай)


Шығармашылық тапсырма

(5 ұпай)

Химиялық диктант



(10ұпай)


Жалпы ұпай саны



Оқушы Тойлыбаева Ғалия







ФЕДОРОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «№2 ОРТА МЕКТЕБІ»КММ





ҚОЛДАҢБАЛЫ КУРС «МЕТАЛДАР ХИМИЯСЫ»


10 СЫНЫП

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ПӘНДЕР АПТАЛЫҒЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН АШЫҚ САБАҚ

ӨТКІЗГЕН:ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ І САНАТТЫ

ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

ОСПАНОВА С.К.

















2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫ

© 2010-2022