Разработка на тему Комирсулар

Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні : 08.04.2015 ж ТЖТҰР-9-141 тобы

Тақырыбы: Көмірсулар. Моносахаридтер.

Мақсаты:

1. Білімділік: Көмірсулардың физикалық, химиялык, биологиялық қасиеттері, құрылысы, алынуы мен қолданылуы туралы білімдерін жүйелеу бекіту; танымдық белсенділігін арттыру. Химиялық реакцияларды жазып, коэффициенттерді қоя білуге, химиялық білімді үйренуге қажеттілігін тудыру.

2. Дамытушылық: Көмірсулардың қасиеттерін білу , олардың табиғаты мен химиялық қасиеттері туралы білімдерін дамыту; органикалық заттар туралы түсініктерін толықтырып, одан әрі кеңейте дамыту; ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелілік :

Білім алушыларды абстракты ой қорытуға дағдыландыру, сабақ барысында тапқырлыққа, өз мамандықтарына және химия пәніне қызығуын арттыру.

Сабақ түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту технологиясы.

Пән аралық байланыс: биология, физика, математика.
Сабаққа қажетті материалдар: Мультимедиалық проектор, слайдтар, оқулықтар.

Көрнекіліктер: Үлестірмелі кеспелер, тест тапсырмалары.


Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу , оқушылардың назарын іс-шараға аудару , іс - шараның мақсаты, міндетімен таныстыру .

ІІ. Өткен тақырыптарға шолу:

А) «Ой самғау» кезеңі

  1. Күрделі эфирлердің алынуы.

  2. Күрделі эфирлердің химиялық қасиеттері.

  3. Күрделі эфирлердің қолданылуы.

  4. Майлардың құрылысы.

  5. Тағамдық зат ретіндегі майлар.

  6. Майларды гидрлеу.

Разработка на тему Комирсулар Разработка на тему Комирсулар

Разработка на тему Комирсулар Разработка на тему Комирсулар

В) Кестемен жұмыс:

Атаулары

Қасиеттері

Табиғаттағы орны

Күрделі эфирлер

Майлар

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Көмірсулар - химиялық құрамы Сm(H2O) n яғни көмірсутек, су, аты осыдан шыққан) формуласымен өрнектелетін табиғи органикалық қосылыстар класы. Көмірсулар деп аталу себебі олардың алғашқы зерттелген өкілдері (С6Н12О6) су мен көміртегі атомынан құралған. С(Н2О)- жалпы формуласы.
Көмірсулардың үлесіне өсімдіктердің 80%, ал жануарлардың 20% құрғақ заттары жатады.Разработка на тему Комирсулар



Көмірсулардан маталар, қағаз және қопарылғыш заттар алынады. Көмірсулар қарапайым заттардан су мен СО2 күн сәулесінің энергиясын пайдаланып, жасыл пигмент хлорофильдің қатысумен синтезделеді. Бұл процесті фотосинтез дейді. Көмірсулардың классификациясы олар үш класқа бөлінеді:

Моносахаридтер - қарапайым қанттар, олар гидролизденбейді, бұлар - глюкоза, фруктоза, пентаза, гексоза.

Дисахаридтер - әр молекуласы екі моносахаридтерден тұрады (сахароза, лактоза).
Полисахаридтер - өте күрделі, заттар, гидролизденгенде көп молекула моносахаридтер түзеді (крахмал, клетчатка).

Моносахаридтер - Табиғатта ең көп тараған молекуласында бес (пентоза)
немесе алты (гексоза) көміртек атомы бар көмірсулардың бір түрі.
Көмірсулардың қарапайымы - моносахаридтер. Моносахаридке жүзім қанты - глюкоза, жеміс шырынында және балда көп мөлшерде кездесетін фруктоза, нуклеин қышқылдары мен АТФ - ның құрамына кіретін рибоза мен дезоксирибоза т. б. жатады.Моносахаридтер - суда жақсы еритін, тәтті дәмі бар түссіз заттар.

Разработка на тему Комирсулар Разработка на тему Комирсулар

Разработка на тему Комирсулар Разработка на тему Комирсулар

Физикалық қасиеттері

Моносахаридтер - түссіз, тәтті, кристалға айналатын заттар. Олар ылғал тартқыш, суда жақсы ериді. Моносахаридтердің судағы ерітіндісі лакмусқа бейтарап, тәтті дәмі бар. Әр түрлі моносахаридтердің тәттілігі түрліше, мысалы фруктоза глюкозадан 1. 5 - 2 есе тәтті.Моносахаридтердің ерітінділері оптикалық пәрменді. Спиртте қиын ериді, ал эфирлерде олар ерімейді.

Разработка на тему Комирсулар Разработка на тему Комирсулар

Химиялық қасиеттері
1. Гексозалар спирттер сияқты сілтілермен әрекеттесіп, алкоголят сияқты сахарадтар түзеді.
2. Тотығу реакциясы. Барлық гексоза - альдозалар, жеңіл тотығып, күміс айна реакциясын және фелинк сұйығын тотықсыздандырып, қызыл түсті мыс тотығын береді, яғни өздерін альдегидтер сияқты ұстайды.

Разработка на тему Комирсулар Разработка на тему Комирсулар

Разработка на тему Комирсулар Разработка на тему Комирсулар

Разработка на тему Комирсулар Разработка на тему Комирсулар

Разработка на тему Комирсулар Разработка на тему Комирсулар

Қолданылуы.

Глюкоза-бағалы тағамдық зат.Тағамның крахмалы ас қорыту жолында глюкозаға айналып,ағза жасушасында одан әрі тотығатын, биология курсынан білесіңдер.Бірнеше сатыда жүретін тотығу, ағзаға қажет энергия, бөліп,көміртегі төрт оксиді мен су түзумен аяқталады.Ағзаға жеңіл сіңетіндіктен глюкоза денсаулықты нығайтатын емдік зат ретіндеқолданылады.

Глюкоза тәтті дәмді болғандықтан оны кондитер ісінде және ащы дәмдідәрілер алу үшін пайдаланады.Глюкозаны техникада ,мысалы, маталарды өңдеуде қолданады. Ол - С дәруменін және кейбір күрделі заттарды синтездеуде бастапқы зат болып табылады.Техникада глюкозаны катализатор ретінде минерал қышқылдарды қолданып, полисахаридтерді гидролиздеу арқылы алады.Фруктоза -глюкозаның изомері, кетоспиртболып саналады.Фруктоза балда және тәтті жемістердің құрамында кездеседі.Ол глюкозадан және кәдімгі қанттан тәтті болады.Глюкозаның сүт қышқылдық ашу процесінің ауыл шаруашылығында маңызы зор. Мысалы, сүт қышқылды ашу арқылы айран, сүзбе, қаймақ, т.б.сүт өнімдерін алады. Капуста тұздағанда немесе шөпті сүрлемге салғанда, реакция нәтижесінде сүт қышқылы қышқылдық қасиет көрсетіп,өнімді шіруден қорғайды.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

Әр партаға тақырып бойынша тест сұрақтары таратылады. (№1-13 тест)

V. Сабақты қорытындылау


  1. Көмірсулар деп аталу себебі неде?

  2. Көмірсулар қалай жіктеледі?

  3. Глюкоза қандай зат?

  4. Көмірсулардың маңызы қандай?

  5. Глюкоза қасиеттерінің фруктозадан айырмашылығы неде?

  6. Дисахаридтің өкілі?

  7. Көмірсулар табиғатта қайда кездеседі?

  8. Полисахаридтердің өкілдері?

VI.Оқушыларды бағалау.

VII. Үйге тапсырма:

№4,№5 есептер

Э.Е.Нифантьев, Л.А.Цветков. Органикалық химия. Алматы «Рауан».

1998ж §14-14.1, 141 бет.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Химия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова. - Алматы: «Мектеп» баспасы.

  2. Э.Е Нифантьев, Л.А Цветков Органикалық химия - Алматы: «Рауан» 1998 ж

  3. Неорганическая химия /Под ред. Ю.Д. Третьякова. В 3-х томах. -М.: Академия, 2004.- т.1. 240 с.; т.2. 368 с.; т.3.

  4. Бекішев Қ. Химия есептері.- Алматы: Білім, 2007.- 238 б.

  5. Дей К., Селбин Д. Теоретическая неорганическая химия.- М.: Химия,















Ф-БЕ-10/9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ, ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ



ШЫМКЕНТ КӨЛІК, КОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ



ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАУ

(Ашық сабақ)

Орындаған : Байділдаева Ж

Жалпыбілім пәндері

ц/к комиссиясында талқыланып,

қаралған. Хаттама №6

Төраға:_____ Сақбаева Н. Т










Шымкент 2014 - 2015 о.ж



© 2010-2022