• Преподавателю
  • Химия
  • Қысқа мерзімді жоспар: Электролиттік диссоциациялану тұрғысынан тұздардың химиялық қасиеттері

Қысқа мерзімді жоспар: Электролиттік диссоциациялану тұрғысынан тұздардың химиялық қасиеттері

  Пән мұғалімі: Тауекелова С.Р.   Күні: 16.10.2013   Уақыты:   Сыныбы: 9 «А»         Пәні: Химия   Тақырыбы: Электролиттік диссоциациялану тұрғысынан тұздардың химиялық қасиеттері   Мақсаты: электролиттік диссоциация тұрғысынан тұздардың химиялық қасиеттерін тереңдету және иондық реакция теңдеуін құру дағдысын жетілдіру.   Міндеттері:    - тұздардың белсенді металдармен, сілтілермен,  қышқылдармен және ерімтал тұздар өзара  әрекеттесу реакцияларының  толық және қысқартылған иондық теңдеулерін...
Раздел Химия
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2/12 сабақ жоспары

Пән мұғалімі: Тауекелова С.Р.

Күні: 16.10.2013

Уақыты:

Сыныбы: 9 «А»

Пәні: Химия

Тақырыбы: Электролиттік диссоциациялану тұрғысынан тұздардың химиялық қасиеттері

Мақсаты: электролиттік диссоциация тұрғысынан тұздардың химиялық қасиеттерін тереңдету және иондық реакция теңдеуін құру дағдысын жетілдіру.

Міндеттері:

- тұздардың белсенді металдармен, сілтілермен, қышқылдармен және ерімтал тұздар өзара әрекеттесу реакцияларының толық және қысқартылған иондық теңдеулерін

жазу дағдысын қалыптастыру;

- тұздар жөнінде нақты химиялық білім қалыптастыру және оны өмірде қолдана білу;

- алған білімді талдау, жинақтау, салыстыру бойынша логикалық ойларын дамыту.

Қолданылған модульдер: « Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану», «Оқыту үшін бағалау және

оқуды бағалау», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқытуды басқару және көшбасшылық»

Әдіс-тәсілдер: «Шеңберлі дөңгелек», «Бір адым артқа», «Атомдар», «Жиксо -1», «Венн диаграммасы», «1 сурет, 5 сөз», «Кері байланыс» парақшасы

Уақыты

Жоспар мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар:

8 минут



І. Кіріспе

«Шеңберлі дөңгелек»

Мақсаты: Кері байланыс жасата отырып, үй тапсырмасына шолу

Топқа бөлу. «Атомдар»

Мақсаты: оқушыларды топтарға бөлу және өзара қарым-қатынастарын нығайту

Оқушыларға кері байланыс жасату арқылы өткен тақырыптарды пысықтау

Мұғалім кез-келген 4 санын атайды. Оқушылар көздерін жұмған қалпында топ құрау керек.

Оқушылар екі (сыртқы және ішкі) шеңберде музыка әуенімен билей жүріп, музыка тоқтаған сәтте орындарына тұрып, бір-біріне сұрақ қою арқылы ой бөліседі.

Оқушылар шеңберге тұрады. Көздерін жұмған қалпы әр түрлі бағытта жүреді.

Оқушылар өз ұсыныстарын білдіреді, бір-бірінің пікіріне сыйластықпен қарайды, «Алтын ережеге» назар аударады.

«Жақсы»


АКТ

«Алтын ереже» жазылған флипчарт, «Венн диаграммасы»,

5 минут

ІІ. Тұсаукесер

«Миға шабуыл»

Мақсаты: оқушыларды уәждендіру, оқыту мақсатын бірлесе дайындауға ынталандыру және өткен тақырыппен байланыс орнату

Түрткі сұрақ:

Балалар, қандай заттарды тұздар деп атаймыз?

Тұздар қайда қолданылады?

Неліктен?

Оқушылар өз топтарында отыра,өз ойларын айтады..

«Өте жақсы»

АКТ

Сабақ мақсатын хабарлау.

20 минут

ІІІ. Негізгі бөлім

«Мозайкалық жигсо» әдісі

Б) Бейнеролиикті негізге ала отырып, қышқылдардың оксидтермен, негіздермен және тұздармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жаза отырып, жұмыс жасау тапсырылады.

Әр топ мүшелері төраға, баяндамашы, бақылаушы, зертханашы, хатшы рөлдеріне бөліп, әр топқа қышқылдардың химиялық қасиеттеріне тапсырмалар беріледі.

1 топқа: Қышқылдардың негіздік оксидтермен әрекеттесуі;

2-топқа қышқылдардың негізхдермен әрекеттесуі:

3-топқа қышқылдардың тұздармен әрекеттесуі.

Топ мүшелері бірлескен оқытуда өздерінің жауаптары туралы пікірлерімен бөліседі.

Төраға жалпы қадағалау жұмысын жүргізеді, зертханашы тәжірибе орындайды, хатшы қағаз бетіне түсірсе, бақылаушы бақылай отырып, баяндамашы басқа топтарға барып таныстырылым жасайды.

Флипчартғ маркерлер, топқа берілетін тапсырмалар

3 минут

«Венн диаграммасы» Мақсаты: оқушыларды қышқылдар мен негіздердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра отырып, білімді жинақтау

Жетістік критерийлерімен таныстыру.

Тақтаға «Венн диаграммасыі» ілініп, оқушыларға жеке, кейін жұпта қышқылдар мен негіздердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын ойлау үшін уақыт беріледі.

.

«Венн диаграммасы» кестесі

5 минут

ІV. Қорытынды

Бағалау критерийлеріне

оралу.

Журналға сол бағалары бойынша ортақ баға қойылады. Әділ бағалаған оқушыларды мадақтаймын.

Әр оқушыға «өзін-өзі бағалау» парағы таратылып, оқушылар өз бағаларын қояды.

«Өзін-өзі бағалау парағы»

Өз ойымды толық жеткізе білдім;

Алған білімімді практикада қолдана алдым;

Химиялық тілді дұрыс қолдандым;

Реакция теңдеулерін жаза алдым;

Заңдылықтарды сандық есептерде қолдана білдім.

«Өзін-өзі бағалау парағы»

4 минут

«Кері байланыс»

Оқушыларға кері байланыс парақшасы таратылып, сабақтан алған ісерлерін жазу ұсынылады.

Оқушылар «Сабақта қандай қиындық болды?», «сенімдімін» т.с.с. өз ойларын түсіреді.

«Кері байланыс» парақшасы



© 2010-2022